Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Еңбек – бәрін жеңбек


Еңбек – бәрін жеңбек

Еңбек – бәрін жеңбек

Сабақтың тақырыбы: Еңбек – бәрін жеңбек

Мақсаты: «Еңбек» адамгершілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.

Сабақтың міндеттері: 


- еңбектің адам өміріндегі мәні туралы түсінік беру

- еңбек етуге, өнерге қызығушылықтарын, сүйіспеншіліктерін арттыру; 
- еңбексүйгіштікке, өнерпаздыққа, өнерді, сұлулықты сүюге тәрбиелеу; 
 

Көрнекі құралдар: Сара Назарбаева туралы бейнефильм, фотосуреттері, үнтаспа, Сюжетті суреттер,  жеміс ағаштары, «Қайдан келдің бауырсақ?» өлеңі бойынша сахналауға арналған құралдар, презентациялар, түрлі-түсті суретер, жүрекшелер. 
 

Амандасу 
Біз әдепті баламыз, 
Айтқан тілді аламыз, 
Қонақтарды көргенде, 
Сәлеметсіздер ме! – деп 
Сәлемдесіп аламыз. 
 

Мұғалім сөзі: Балалар, мен сендерді бүгінгі сабақта көргеніме қуаныштымын. Сендердің күлімдеген жүздеріңді көріп сүйсініп тұрмын. Бүгін біздің сабағымыз аптаның алғашқы күнінде яғни, дүйсенбі күні өтіп жатыр. Сондықтан сабағымыз сәтті өтсін деп тілейік. Мен барлығыңды жылулық шеңбері – шаттық шеңберіне шақырамын Шаттық шеңбері

Оқушылар Мұғаліммен бірге шеңбер құрып mұpaды сәлем­деседі, ән айтады:

Болайықшы осындай

Сөзі мен әнін жазған А. Меңжанова

Жақсы бала еңбекшіл

Ер азамат болады.

қиындықты жеңіп кіл,

құшағы гүлге толады.

қайырмасы:

Еңбекшіл осындай, Болайықшы, досым-ай.

Таза бала мұнтаздай,

Сүйсінеді қараған, Уқыпты деп бұл қандай,

Жақсы көрер бар адам.

Әңгімелесу

Мұғалім сабақтың тақырыбын таныстыру мақсатында әңгімелесу жvргізеді.

• Еңбек адамға не үшін қажет деп ойлайсыңдар?

• Еңбекқор деп қандай адамды айтамыз?

• Өздерің еңбектің қай түрлерімен айналысқанды ұнатасьщдар?

• Адамға өмір сүру үшін ең алдымен не қажет деп ойлайсьщ­дар?

Балалардың жауаптары.

- Дұрыс айтасындар! Ауа, су, тағам. Ауа, су - табиғаттың адам­ға берген сыйы. Ал тағам дегенде бірден еске түсетіні - нан. Нан еңбекпен келеді. Осы тағамнан басқа да адамның өмір сүруіне қажетті киім, білім, үй, оның ішін қажетті заттармен толтыру, ден­еаулығын сақтау бәрі, бәрі, бәрі де еңбекпен келеді. Өзін - өзі тану пәнін мектеп бағдарламасына енгізуге ұсыныс жасап, осы жолда аянбай еңбек еткен еңбекқор жан Сара Алпысқызы Назарбаева жайлы фотосуреттер және бейнефильм көрсетіледі. 

 

 

Тапсырма

Мұғалім оқулықта берілген суреттерге қарап, еңбектің түр­лерін анықтау vшін балаларға тапсырма береді.

Мәтінмен жұмыс

М ұғалім еңбектің маңызын түсіндіру үшін оқулықта берілген

Б. Әділовтің «Еңбексіз өмір - сүреңсіз» деген мысал әңгімесін оқып береді. Балалар Сұрақ бойынша өз ойларын айтады.

Еңбексіз өмір - сүреңсіз

Б.Әділов

Мысал әңгіме

Қара пышақ дүкеннен шығып, ас үйге келген соң тыным таппа­ды. Нан турады, пияз аршыды, әйтеуір тамақ дайындалып, ас қам­далса, қолдан түспейтін болды. Ол жалқау еді. Бала кезіндегі «шал­қайып жатсам» деген арманы есіне түсіп, жылап та алатын.

Бір күні қара пышақ ауыр еңбектен қүтылудың оңай жолын тап­ты. Иесінің көзін ала беріп, еденнің жырығына қойды да кетті. «Бол­ды, - деді ол қуанып. - Енді еңбекті желкемнің шұқыры көрсін! ...

Ай өтті, жыл өтті. қара пышақ орнынан қозғалған жоқ. Онын қайда жатқанын ешкім білмейтін еді.

Бір күні:

- Әй туысқан, - деген дауысқа елең етіп қараса, еденнің жары­ғынан жылтылдаған көз сығалап қарап тұр екен. Бірден таныды, баяғы өзімен бірге жасалған Сары пышақ. Өзі өте көңілді, жүзі жарқ-жұрқ етеді. Сұлу ланып кетіпті.

- Төмен секір, - деді қара пышақ. - Бірге жатаиық. БІЗДІ ешкім білмейді.

- Ол жерде не бар?

- Жатамыз, ұйықтаймыз, демаламыз. Ой, қандай рақат!

- Ал жұмысты кім істейді?

- Жұмыс бізсіз де істеледі. .

- Рақмет! - деді Сары пышақ. - Еңбектен қашқанша, тер төгіп өлгенім артық. Еңбексіз өмір - сүреңсіз. Өзің-ақ жата бер, рақа­тыңа бата бер.

Қара пышақ орнынан тұрайын деп еді, тұра алмады. Өне бойын тот басқан. Барлық жері сынып бара жатқандай сезінді.

• Мысал әңгімедегі қара пышақ қандай адамға ұқсайды?

• Сары пышақтың қандай ісі сендерге ұнады?

• «Еңбексіз өмір - сүреңсіз» дегенді өздерің қалай түсінесіңдер?

Дәйексөз

Оқушылардың жауаптары оқулықта берілген анықтама меl/ дәйексөздің маеынасын т!)сіндірумен т!)Йінделеді.

Мұғалім тақтаға Абайдың «Еңбек - қуаныш, жалқаулық ­айырылмас азап» деген нақыл сөзін жазып қояды.

- Адам, ең бастысы, еңбектенуге, яғни адам бір іске күш-қуатын, ақыл-ойын жұмсауға ерінбеуі керек. Өйткені жалқаулық" epіншектік адамның өзін және өмірін тоздырады. Ал ерінбей еңбек ет­сең мақсатыңа, арманыңа жетесің. Арманың орындалса, өзіңді ба­қытты санайсың.

Мұғалім балаларға дәптердің соңында берілген «Менің дәйек­Сөздерім» айдарындаеы бүгінгі сабақтың тақырыбы көрсетілген беткe осы дәйексөзді жазуға кеңес береді.

 

Сахналау

Еңбектің адам өміріндегі мәнін рөлдік орындаулар арқылы түсіндіру үшін сахналау тәсілі қолданылады.

үш оқушы (автор, қуыршақ, бауырсақ ) рөлдерде өлеңді мәнер­леп оқиды.

қайдан келдің, бауырсақ?

Ө. Тұрманжанов

Дастарқанда шашылып,

Жатты аппақ бауырсақ.

Бауырсаққа қызығып, қарап тұрып көзін сап:

- қайдан келдің, бауырсақ? ­Деп сұрады қуыршақ.

- Дүкеннен келдім

Нан сатқан, -

Деді оған бауырсақ.

- Дүкенге келдің қай жақтан?

- Наубайдан келдім нан жапқан.

- Наубайға келдің қай жақтан?

Диірменнен келдім ұн тартқан.

- Диірменге келдің қай жақтан?

- Даладан келдім кең жатқан.

Жер-анам менің көсілген,

Диқандар мені өсірген.

Оқулықтагы суреттер бойынша (жаюлы дастарқан үстінде ша­шылып жатқан бауырсақтың, нан дүкені сөрелеріндегі неше түрлі нандардың, нан жауып тұрған наубайшының, диірменнің, егіс да­ласының) оқушылар еңбектің адам өміріндегі маңызы туралы «Нан дастарқанға қандай еңбекпен келеді?,> - деген Сұрақ аясында шығып сөйлейді.

Дәптермен. жұмыс

М ұғалім оқушыларға дәптермен Жұмысты орындау жолдарын түсіндіреді.

«Еңбек - бақыт бастауы» тақырыбыңда әңгіме жазыңдар.

 

Қорытындылау 
Балалар, осымен сабағымызды қорытындылайтын кезде келді. Ендеше, біз «Еңбекқорлар еліне» барып, саяхат жасап қайтайық. Ол үшін «Біз не үйрендік? Не білдік?» деген сұрақтарға жауап береміз. Әрбір дұрыс жауап берген оқушы әртүрлі суреттермен еңбекқорлар елін безендіреді. 

 

Жүректен жүрекке

Оқушылар мұғаліммен бірге шеңбер құрып, бір- біріне Жүрекжар­ды тілектерін айтады.

Гүл өсірсең терлеп

Мұның аты еңбек.

Кесте терсең зерлеп

Мұның аты еңбек

Домбыра мен биге,

Ән мен күйге

Жүрсең күнде қатысып

Мұның аты еңбек

 

Бәрі бірге «Айгөлек» өлеңін айтады

 

Как сделать цветок из бумаги?
Представленная ниже схема покажет, как быстро сделать розу.
1. Берем квадратный лист красной бумаги.
2. Вырезаем из него круг.
3. Чертим спираль и вырезаем, как показано на рисунке.
4. Сворачиваем получаем красивый бутончик розы. Его можно прикрепить туда, куда вам нравится.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Еңбекке үйренем десең, ерінбе
Еңбек бәрін жеңбек
« Ас атасы – нан »
Қайдан келдің бауырсақ?Заттың қимылын білдіретін сөздер.
Еңбек – өмір мәні
Еңбек- өмір мәні
Адамға еңбектің пайдасы
Күздің кереметі
Менің ұстазым
Сыйласаң – сыйлы боласың Өзіңді сыйласаң сыйымды боларсың
Бөлім: Уроки / Өзін-өзі тану | Көрсетілім: 15783 | Қосты: Ока77 | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык