Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Паскаль тілінің қарапайым операторлары


Паскаль тілінің қарапайым операторлары

Паскаль тілінің қарапайым операторлары

Сабақтың тақырыбы: Паскаль тілінің қарапайым операторлары
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды Паскаль тілінің қарапайым операторларын қолданып программалауға жаттықтыру, білімдерін жүйелеу.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, тиянақтылыққа, ақпараттық мәдениеттілікке және мақсатқа жетуге тәрбиелеу;
Дамытушылық: Шамалар және оларды сипаттау ережесін, Паскаль тілінің қарапайым операторларын қолдана отырып программалауға және ЭЕМ-ге программаны енгізу, нәтиже алу дағдысын жетілдіру;
Сабақтың түрі: Білімді беркіту сабағы
Сабақтың әдісі: Тест, практикалық жұмыс, қатемен жұмыс
Оқыту әдісі: Жеке және топтық жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: Презентация, интерактивті тақта
Программалық жабдықтама: Турбо Паскаль
Пәнаралық байланыс: математика, физика
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру

А) оқушыларды сабаққа бейімдеу:
Б) сабақ мақсатымен таныстыру: бүгінгі сабақта Паскаль тілі программасы құрылымы, шамалар, оларды сипаттау ережесі туралы білімдеріңді тест арқылы жүйелеп көрсетуге, Паскаль тілінің қарапайым операторын қолданып программалауға және ЭЕМ-де программаны атқаруға жаттығасыздар.
В) Үй тапсырмасы
- Тест тапсырмалары / интерактивті тақтадан ACTIV STUDIO құралы арқылы тексеріледі /
1. Программа құрылымын ата
А) сипаттау бөлімі, оператор денесі
Ә) программа тақырыбы, сипаттау бөлімі
Б) программа тақырыбы, сипаттау бөлімі, оператор бөлімі
В) программа тақырыбы
2. program kbt; - бұл...
А) программа тақырыбы
Ә) программаның оператор бөлімі
Б) программаның сипаттау бөлімі
В) программаның соңы
3. Операторлық жақшаны көрсетіңіз?
А) program
Ә) Begin, end
Б) Write, writeln
В) Read, readln
4. Енгізу операторын көрсетіңіз?
А) program
Ә) Begin, end
Б) Write, writeln
В) Read, readln
5. Шығару операторын көрсетіңіз?
А) program
Ә) Begin, end
Б) Write, writeln
В) Read, readln
6. Қай оператор дұрыс жазылған?
А) read(a,b,c)
Ә) read(a:b:c)
Б) read(a;b;c)
В) read(a b c)
7. Қай оператор дұрыс жазылған?
А) writeln(a=5,b=6);
Ә) write(a,,b);
Б) writeln(a:b:);
В) write(a,b);
8. Қай пікір қате?
А) программаның әр жолы (;)- нүктелі үтірмен аяқталады;
Ә) сызықтық өрнек бір жолға жазылады;
Б) ондық бөлшек үтірмен жазылады;
В) градустық өлшеуіштер радиандық өлшеуішпен жазылады;
9. 61div7. Нәтиже неге тең?
А) 5
Ә) 7
Б) 8
В)2
10. 61mod7. Нәтиже неге тең?
А) 5
Ә) 7
Б) 8
В)2
Жауабы:
1- б
2- а
3– ә
4- в
5- б
6- а
7- в
8- б
9- б
10- а

Үй тапсырмасы: №4 орындалуы дәптерден тексеріледі.
ІІ. Іскерлік жаттығу.
А) тақтамен жұмыс / интерактивті тақтада орындалады /
1. Қай меншіктеу операторы қате жазылған, астын сызыңыз:
a:=b; a=b; a:=b+1; a:=a+1; b+4:=a
2. Операторлар тізбегі орындалғаннан кейін мәндері қандай болады?
А) x:=8+6mod4*2; y:=xdiv5*5; z:=x*21div4; x:=? y:=? z:=?
Ә) a:=1; b:=2; c:=3; a:=b; b:=c; c:=a; a:=? b:=?; c:=?;
3. Турбо Паскаль программасын іске қосу жолын ата.
4. Программаны атқару әрекетін ата.

Ә) Тапсырма: Есептеу программасын құрып, ЭЕМ-де атқаруды орындаңыз
І топ. №1
Математикалық модель:
1-ші оқушы m себет
2-ші оқушы k себет
3-ші оқушы l себет
Қанша алма х=?
x=t(m+k+l)
Программасы:
Program sebet;
Var m,k,l,t,x:real;
Begin
Read(m,k,l,t);
X:=t*(m+k+l);
Writeln(‘x=’,x)
End.
ІІ топ
№2. Математикалық модель:
S=?
S=(a+b)*h/2
Program aydan;
Var a,b,h,s:real; a
Begin
Read(a,b,h);
S:=(a+b)*h/2;
Writeln('s=’,s) b
End.
№3. Математикалық модель:
a=0.8м/c2
v0=2м/с
t=10c
v=?
Шешуі: v=v0-at
Program skorst;
Var v0,t:integer;
A,v:real;
Begin
a:=0.8; v0:=2; t:=10;
v:=v0-a*t;
writeln(‘v=’,v)
end. №4
Математикалық модель:
R=100м
V=15м/с
a ⃗=?
Шешуі: a= v^2/r
Program ydey;
Var r,v: integer;
a:real;
begin
read(r,v);
a:=sqr(v)/r;
writeln(‘a=’,a)
end.
ІІІ. Қорытынды.
Қатемен жұмыс. Программадағы қатені түзетіңіз (интерактивті тақтадан немесе әр оқушы орнынан дайын файлдан)
Математикалық модель:
x2,y2 d=√(〖(x_1-x_2)〗^2+〖(y_1-y_2)〗^2 )
x1,y1
program dlina;
var x1,x2,y1,y2,d:read;
begin
read(x1,x2,y1,y2);
d:=sqrt(sqr(x1-x2)+sqr(y1-y2));
writeln (‘d=’,d:3)
end.
Ә) Кестені толтыруды орында:
Меншіктеу операторы (:=)
Енгізу операторы (read)
Бос оператор
Шығару операторы


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Тармақталу алгоритмдерін программалау
Сызықтық алгоритмдерді программалау
Берілгендерді сипаттау, егізу-шығару, сызықтық программалар
Паскаль бағдарламалау тілінде сызықтық бағдарлама жасау
Информатикадан 9 сыныпқа арналған бақылау жұмысы СТО арқылы
Меншіктеу операторы. Стандартты функциялар
Сызықтық алгоритмдерді программалау
Көп өлшемді жиымдармен (массивтермен) жұмыс
Паскаль тілінің параметрлі қайталану операторы (практикалық сабақ)
Паскаль тілінің параметрлі қайталану операторы (практикалық сабақ)
Бөлім: Уроки / Информатика | Көрсетілім: 3556 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык