Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Берілгендерді сипаттау, егізу-шығару, сызықтық программалар


Берілгендерді сипаттау, егізу-шығару, сызықтық программалар

Берілгендерді сипаттау, егізу-шығару, сызықтық программалар

Тақырыбы:  Берілгендерді  сипаттау, егізу-шығару, сызықтық программалар

Мақсаты:

Паскаль-программаның шамаларды сипаттау бөлімі, мәлімет енгізу, нәтижені экранға шығару, сызықтық программа туралы ұғымдар қалыптастыру;

Программа құрылымын сақтай отырып сызықтық программалар жазу дағдысын қалыптастыру және  дамыту;

Программа құрамында операторларды көрнекті  жазуды талап ету, эстетикалық талаптарды сақтауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі:

Сабақ жоспарын экранда проекциялау, мульт.мед.жабдықтар, (кестелер), презентация,  компьютер.

Өтілу әдісі: Мультитехникамен жабдықталған дәстүрлі сабақ.

Сабақтың барысы

І. Кіріспе. (2мин)

  • Оқушыларды түгелдеу, сынып бөлмесі, тақта тазалығына назар аудару;
  • Журнал толтыру;
  • Оқушылардың назарын сабаққа бұру,

ІІ.  Өткен сабаққа шолу. (10мин)

  • 10-сабақ бойынша тест тапсыру.

ІІІ. Жаңа сабақ (20мин)

ПС. Паскальға сандарды, мәндерді қалай енгіземіз? Паскаль шығарған есептің жауаптарын қалай көруе болады?

1. Шамаларды сипаттау бөлімі

Жетінші сабақтағы программа құрылымын еске түсірейік.

1. тақырып

 

program программа аты жазылады;

2. сипаттау бөлімі

 

Var типтері көрсетілген айнымалылар;

 

 

begin

3. операторлар бөлімі

 

   Операторлар;

 

 

end.

Мұндағы шамаларды сипаттау бөлімінде үш түрлі шаманың сипатталуын қарастырамыз.

1.  Белгілерді сипаттау. Программадағы операторды символдармен (әріптер, сандар, аралас символдар) белгіп қоюға болады. Сонда Паскаль программаның кез-келген жерінен осы операторға оралып оны кезектен тыс орындай берді. Белгіні сипаттау бөлімінде былай көрсетеді:

label: 10, 200, aaa, bbb, 500;  Мұнда label түйінді сөзінен кейін программа ішінде кездесетін белгілер көрсетілген.  Белгісі бар гоператорға өту үшін goto түйіндес сөзі қолданылады. Мысалы: goto 200;  200-деген белгісі бар операторға өтеді. Бұл оператор (200) программаның қай бөлігінде (ортасы, соңы, бас жағы) тұрса да бәрі-бір.

  1. Тұрақтыларды сипаттау. Программада тұрақтылар өз мәнімен (5, 14, 13.5...) немесе оған қойылған атау арқылы беріледі. Осы атау арқылы оны программаның кез-келген жерінде қолдана береміз. Сипаттау бөлімінде тұрақтылар constтүйіндес сөзімен беріледі.  Жазылу түрі:

Constatay1=мән, atay2=мән2, atay3=мән,...

Const p=3.14, e=1.6E-19, max=10000,...

3.  Айнымалыларды сипаттау. Паскаль-программада қолданылатын айнымалылардың атауларын сипаттау бөлімінде var  түйінді сөзінің көмегімен көрсетеміз.

Жазылу түрі (пішімі):

var айнымалылар тізімі: типі;

мысалы:   var  i, j, k:integer; x, y:real;  name: string;   т.с.с.

2. Операторлар бөлімі

Паскаль құрылымын өткенде танысқанымыздай операторлар бөлімі begin – end. түйінді сөздерінің аралығына, «;» таңбасымен бөлектеніп жазылады. Паскаль программа әрқашан program түйінді сөзінен басталып жазылады.

Жазылу түрі:    program атау (input, output);  Кез-келген программада кіріс (input) – шығыс (output) процедуралары қолданылатындықтан бұл екі сөзді жазбауға болады. Егер программада басқа стандартты файлдар қолданылатын болса олардың атын жақша ішіне жазып қоюға болады.

Сонымен кез-келген программада мына бөліктер болуы міндетті.

1. тақырып

program атау;

2. сипаттау бөлімі

var айнымалылар: тип;

3. операторлар бөлімі

begin

  операторлар;

3.  Шығару операторы. Нәтижені немесе кез-келген ақпараттыэкранға шығару үшін write немесе   writeln қарапайым операторлары қолданылады.

Пішімі:  write(a1, a2, a3, …, an);    мұнада жақша ішінде жәй айнымалы немесе апострофпен қоршалған мәтіндер болуы мүмкін. Writeln-нің ерекшелігі ол ақпаратты жаңа жолдан басып шығарады. Нақты сандарды басып шығарғанда оларға қанша орын берілетінін көрсетуге болады. Мысалы: x –сан болсын,

write(x,n,m);      Мұндағы:

х- ондық бөлшек сан,

n – х-тың барлық мәніне берілген орын саны,

m – х-мәніннің бөлшек бөлігіне берілген орын саны.

4.  Енгізу операторы. Мәліметті немесе кез-келген ақпараттыкомпьютерге енгізу үшін read немесе   readln қарапайым операторлары қолданылады.

Пішімі:  read(a1, a2, a3, …, an);    мұнада жақша ішінде жәй айнымалылар. Readln-нің ерекшелігі ол ақпаратты жаңа жолдан бастап оқиды. Айнымалыларға мән енгізгенде мәнді пернетақтадан теріп <enter> пернесін басамыз. Айнымалылар біреу немесе бірнешеу болса да осылай істейміз, болмаса жақшада қанша айнымалы (әріп) тұрса сонша мәнді арасын үтірмен бөліп жазып бірақ енгізуге болады. Тек айнмалы мен енгізілетін мәліметтің типтері бірдей болуы керек.  Мысалы: x –айнымалы болсын,

read(x);              Программада осы оператор кездескенде компьютер «тоқтап», экранға «?» белгісін шығарып, мәлімет енгізуіімізді күтіп тұрады. Біз тиісті мәнді (сан, сөз, т.б.) теріп <enter>-ді басамыз.

5.  Сызықтық программа –дегеніміз операторлары бірінен соң бірі жазылған және сол

ретпен атқарылатын программалар.  

ЕСЕП: Берілген бүтін х, у екі санның қосындысын экранға кәдімгі жазуға ұқсас етіп шығаратын программа жазыңыз.

program esep01;

var     x,y:integer;

begin

  write(‘Екі бүтін сан енгізіңіз ’);

   read(x,y);

   write(x,’+’,y,’=’,x+y);

end.

ІV. Сабақты бекіту және бағалау: (10мин)

   осы есептің программасын жазыңыз. Мұндағы m, x бүтін сандар. Төмендегі схеманы пайдаланыңыз.

prog… esep02;

var      …,…:integer

…:real;

be…

  w……

   r……

   y=….

   w…  

   readln;

e….

V. Үйге (3мин)

§3.2, 3.4.2, 3.4.4, 3.4.5  №5, 9, 10 есептер (74бет).


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Программалау – алгоритмнің формальді орындалу тәсілі.Алфавит.Программа синтаксисі. Арифметикалық амалдардың жазылу ережесі.
Сызықтық алгоритмдерді программалау
Паскаль – программалау тілі. Тілдің алфавиті
Паскаль
Паскаль тілінің қарапайым операторлары
Паскаль бағдарламалау тілінде сызықтық бағдарлама жасау
Меншіктеу операторы. Стандартты функциялар
Циклдік алгоритмдер
Паскаль тілінің параметрлі қайталану операторы (практикалық сабақ)
Паскаль тілінің параметрлі қайталану операторы (практикалық сабақ)
Бөлім: Уроки / Информатика | Көрсетілім: 3143 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык