Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Адам болмысы - философия мәселесі ретінде


Адам болмысы - философия мәселесі ретінде

Адам болмысы - философия мәселесі ретінде

Сабақтың тақырыбы: Адам болмысы - философия мәселесі ретінде

Сабақтың мақсаты: Адам болмысы жайында философиялық дүниетанымдарын қалыптастыру.

Білімділік: Адам болмысын – философия мәселесі ретінде жан-жақты талқылау арқылы ойларын қорытып, алған білімдерін бекіту.

Дамытушылық: Студенттердің логикалық ой-өрісін, дүниетанымдық көзқарастарын жетілдіре отырып, өз ойларын еркін жеткізе білуге үлес қоса отырып, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелілік: Студенттердің өз Отанын сүюге, елін, туған жерін қорғауға деген ынта-жігерін арттыруға, сонымен қатар жауапкершілігі жоғары, тұлға ретінде қалыптасуларына жол ашу.

Сабақтың түрі: семинар

Сабақтың әдісі:ақпараттық-коммуникативті әдістің элементтерін пайдалану.

Көрнекілігі: слайд-презентациялар, тірек схемалары, үлестірмелі кестелер, қанатты сөздер, әдебиеттер мен суреттер.

 

Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі 1 мин.

ІІ. Өткен тақырыпты зерделеу 2 мин.

ІІІ.Өткен тақырыпты пысықтау 35 мин.

ІV.Сабақты қорытындылау, бағалау 5 мин.

V.  Рефлексия. 1 мин.

VI. Үйге тапсырма беру 1мин.

 

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Студенттермен сәлемдесу

- Аудиторияның тазалығы мен студенттердің ұқыптылығына мән беру

- Топтың сабаққа қатысу деңгейін анықтау

- Топтың назарын сабаққа аудару

ІІ. Өткен тақырыпты зерделеу

Оқытушы: Өткен дәріс сабағында «Адам болмысы – философия мәселесі ретінде» атты тақырыпта сіздерге жан-жақты мәлімет беріліп, бағыт-бағдар көрсетілді. Жалпы сіздер білесіздер философияның басты ерекшелігі - әлемді, бүкіл дүниені тұтас қарастырады Яғни, ол дүниетанымдық ғылыми жүйе болып табылады Ал адам мәселесі философия ғылымымен құрдас десе де болады. Өйткені дүниені танып-білуге құштарлығы оянған тіршілік иесі, ол – адам. Осы тақырыптың  семинар сабағының тапсырмалары сіздерге берілді және сіздердің ұсыныстарыңыз бойынша бүгінгі сабақты ойын түрінде өткізуге шешім қабылдадық.

Семинар сабағымыздың жоспары мынадай:

Студенттер үш топқа бөлінеді. Әрбір топтың өз атауы бар: 1-Болмыс, 2- Материя, 3- Субстанция. Әрбір топтың топ басшысы мен мүшелері ойынға бірдей қатысып, жеңіске ие болу жолында барынша атсалысулары қажет. Жеңіске қол жеткізу, топтың өздеріне берілетін тапсырмаларды ойдағыдай орындап шығуларына байланысты.

ІІІ. Өткен тақырыпты бекіту

1-тапсырма Үй тапсырмасы " Абайдың қара сөздері". Бұл тапсырмада студенттер Абай атамыздың қара сөздерін үйде оқып, өздеріне ұнаған сөзді таңдап, соның негізгі мағынасын ашып, жеткізу болып табылады. Тапсырманың негізгі шарты, студенттердің образға ене білу шеберлігі, сөйлеу мәнері және ең бастысы қара сөздің мағынасын ашып, жеткізе білулері. Бұл тапсырмаға 8 минут уақыт беріледі.

 2-тапсырма "Дода". Бұл тапсырмаға барлығы 10 минут уақыт беріледі.

 

Топтар

 

1-ұяшық

 

2-ұяшық

 

3-ұяшық

 

4-ұяшық

 

Болмыс

 

10

 

20

 

30

 

40*

 

Материя

 

10

  

20     

 

 30*

 

40

 

Субстанция

 

10

 

20*

 

 30

 

40

 

Болмыс

1-ұяшық:10 – Шәкәрім философиясының негізгі ілімі. Жауабы: Ар ілімі.

2-ұяшық:20 – «Ағып жатқан өзенге екі рет түсе алмайсың». Мағынасын түсіндірңіз. Жауабы: Өмір өткінші. Еш нәрсе қайталанбайды. Уақыт кері жүрмейді.

3-ұяшық:30 – Адамның пайда болуы туралы гипотезаларды атаңыз. Мағынасын түсіндіріңіз. Жауабы: 1. Ч. Дарвинның эволюциялық концепциясы – Адам маймылдан жаратылды. 2. Діни гипотеза – Құдай жаратушы. 3. Ғарыштық гипотеза – Адам басқа планетадан келді.

4-ұяшық:40 – Суреттегі бейненің мағынасын ашып беріңіз. Жауабы: Инь-Ян (ер мен әйел бастамасы, жақсылық пен жамандық, аспан мен жер т.б.) Дүниедегі барлық қарама-қайшылықтардың күресі мен бірлігі.

Материя

1-ұяшық:10-Конфуций ілімінің негізгі өзегін атаңыз. Жауабы: Адамгершілік мәселесі.

2-ұяшық:20 – «Жаңа заман ойшылы Т.Гоббстың «Адам адамға қасқыр» деген афоризмінің мағынасын ашып беріңіз». Жауабы: Әрбір қоғамда өз ойлаған мақсатына жету үшін жолындағы барлық кедергілерді жеңіп шығуға дайын адамдар.

3-ұяшық:30 –Суреттегі бейнені атаңыз. Жауабы: Конфуций.

4-ұяшық:40 -Субстанция ұғымына анықтама беріңіз. Жауабы: Субстанция дегеніміз – (мән, түпнегіз) өздігінен өмір сүретін, өзінің өмір сүру барысында ешнәрсеге тәуелді емес.

Субстанция

1-ұяшық:10 – Буддизм философиясы бойынша өмір дегеніміз не? Жауабы: Өмір – азап.

2-ұяшық:20 – Суреттегі қай ойшылдың мүсіні? Жауабы: Аристотель ( б.з.д. 384-332)

3-ұяшық:30 – Болмыс ұғымына анықтама беріңіз. Жауабы: Адамның дүниеге қатынасының негізінде қандай құндылық жатса да, оның бастамасы – болмыс. Болмыс – дүниеде тіршілік етуші, бар заттардың барлығы.

4-ұяшық:40 – Абай философиясындағы «толық адам» идеясын ашып түсіндіріңіз.   Жауабы: Ғылым. Әділет. Рақым. Осы үш қасиетті бірдей ұстау.

3-тапсырма «Кім жылдам?». Үш топқа бірдей үлестірме қағаздары таратылады.  Бұл тапсырмада сіздерге философтардың адам жайлы айтылған өлеңдері мен нақыл сөздері беріледі. Тез арада шешімін тауып, қағазға жазуларыңыз керек. Барлығы 6 минут уақыт беріледі. 

Болмыс тобына:

1.  Әлемді түгел көрсе де,

Алтын үйге кірсе де,

Аспанда жұлдыз аралап,

Ай нұрын ұстап мінсе де –

Қызыққа тоймас адамзат

Жауабы:  Бұқар жырау

2. «Дүниеде таңқаларлық нәрселер көп, ал олардың ең ғажабы – Адам»

Жауабы:Софокл

3. «Адам баласын замана өстіртеді, кімде-кім жаман болса, замандасының бәрі виноват»

Жауабы:Абай

Материя тобына:

1. Көп адам дүниеге бой алдырған,

Бой алдырып, аяғын көп шалдырған.

Өлді деуге сыя ма, ойлаңдаршы,

Өлмейтұғын артында сөз қалдырған?

Жауабы: Абай

2.  «Адам дүниедегі бар және жоқ заттардың мөлшері»

Жауабы:Протогор

3. «Ең жақсы адам – ұлылық дәрежесіне жеткен кең пейілді, қайырымды адам, ол өзін мақтағанды, басқа біреуді жамандағанды сүймейді»

Жауабы:Аристотель

Субстанция тобына:

1. Адамның ең асылы,

Қиянатсыз ақ бейіл.

Ең зиянкес жасығы,

Тайғақ мінез екі сөз

Сөз мінезі құбылса,

Ар-иманы жоқ деп біл

Аулақта жемтік сыдырса,

Оны ойыңмен айуан қыл

Жауабы: Шәкәрім

2.  «Менің білетінім – ештеңе білмейтінім, ал басқалары мұны да білмейді»

Жауабы: Сократ

3. «Менің болуымның міндетті шарты Сенің болуың, басқалардың болуы»

Жауабы:Фейербах

4-тапсырма «Зерде».  Бұл тапсырмада студенттерге адамның туылған сәтінен бастап, қартайған шағына дейінгі кезеңдері көрсетіледі. Сол кезеңдер бойынша әрбір студент өзінің философиялық көзқарасын білдіре алады. Тапсырмаға 10 минут беріледі.

 

 

IY. Сабақты қорытындылау, бағалау.

Аты-жөні

Сабақтың кезеңдері

Ұпайдың саны

Сабаққа қатысқанын бағалау

1

2

3

4

 

 

  1.  

 

 

 

 

 

 

 

  1.  

 

 

 

 

 

 

 

  1.  

 

 

 

 

 

 

 

  1.  

 

 

 

 

 

 

 

  1.  

 

 

 

 

 

 

 

  1.  

 

 

 

 

 

 

 

  1.  

 

 

 

 

 

 

 

  1.  

 

 

 

 

 

 

 

  1.  

 

 

 

 

 

 

 

 

V. Рефлексия: Бүгінгі сабақтың соңында түсінбеген ойларыңызды, алған әсерлеріңізді, мына  қағаздарға жазып, жабыстыруларыңызды сұраймын.

 

Үйге тапсырма: Алғашқы адамның пайда болуы жайлы гипотезаларды оқу, деректі фильмдерді көру, өз ойларңызды қорытындылап бір тұжырымға келу.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
"Әр бала - болашақ данышпан"
Абсолюттік, салыстырмалы және аралас сілтемелерді қолдану. Excel программасының құралдарымен х3+6х2-15х+8=0 теңдеуінің шешімдерін есептеу
Қызықты математика
​ Қазақ мәдениетінің бастаулары
«География лидері» атты сайыс сабақ
Медициналық генетика және кейбір тұқым қуалайтын аурулардың алдын алу мен емдеу
Ұшқыр ойдан – ұтымды жауап
5-11 сыныптарға арналған тест
«Жұлдызды сәт» ойыны (Сыныптан тыс сабақ)
Адам болмысы – философия мәселесі ретінде
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 13435 | Қосты: Таубаева Айгерим Бахытовна | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык