Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » ​ Қазақ мәдениетінің бастаулары


​ Қазақ мәдениетінің бастаулары

 Қазақ мәдениетінің бастаулары

СМЖ Н 05-06

Астана қаласы әкімдігінің

 «Медициналық колледж» МҚКК

 

Сабақтың тақырыбы: Қазақ мәдениетінің бастаулары

 

Сабақтың мақсаты: Студенттердің бойына қазақ халқының рухани байлығын сіңіру. Қазақ халқының салт-дәстүрлері туралы білімдерін кеңейту, ұлтымыздың дәстүрлерінен үлгі, өнеге алу.

Білімділік: Қазақ халқының әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлерін жан-жақты қарастыру арқылы студенттердің атаулы тақырыпқа қатысты білім деңгейін тереңдету, жетілдіру, шығармашылық белсенділіктерін арттыру, құзіреттіліктерін қалыптастыру.

 Дамытушылық: Студенттердің логикалық ой-өрісін, дүниетанымдық көзқарастарын, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелілік: Қазақ халқының бай мәдениетіне деген қызығушылықтарын арттыру, салт-дәстүрін қастерлеуге тәрбиелеу. 

Сабақтың түрі: семинар

Сабақтын типі: аралас сабақ

Сабақта қолданылатын әдістер: Дамыта оқытуБлум таксономиясы, ақпараттық-коммуникативті әдісттердің элементтерін пайдалану.

Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, философия, қазақ әдебиеті, дінтану, информатика.

Көрнекілігі: Дербес компьютер, бейнепроектор, интербелсенді тақта, Microsoft Office: Power Point презентациясы, бейнесұрақтар, үлестірмелі кестелер, суреттер.

Сабақтың жоспары:

1.1. Ұйымдастыру кезеңі-3мин.

1.2. Өткен тақырыпты пысықтау-36 мин.

ІІІ. Сабақты қорытындылау

3.1. Рефлексия-3 мин.

 3.2. Бағалау-2 мин.

3.3. Үйге тапсырма беру-1мин.

Сабақтың барысы:

 І. Ұйымдастыру кезеңі.

Студенттермен сәлемдесу

- Аудиторияның тазалығын қадағалау.

- Студенттердің халат, калпак, екінші аяқ киімі болуын тексеру.

- Топтың назарын сабаққа аудару

Өткен тақырыпты зерделеу

Оқытушы:

Құрметті студенттер бүгінгі "Мәдениеттану" пәнінен ашық сабақ тақырыбы "Қазақ мәдениетінің бастаулары". Сабағымыздың мақсаты-қазақ халқының  бай мәдениеті жайлы білген-түйгендерімізді ортаға салу, рухани және материалдық мәдениетіміздегі құндылықтарымыз жайлы ой-өрісімізді жетілдіру. Қазақ халқының мифтік аңыздары, аспан әлемі жөніндегі түсініктері, байырғы қазақ күнтізбесі, бай әдеби мұралар, көркемөнердің сан алуан түрлері, шежірелік шығармалар, салт-дәстүр, әдет-ғұрыптар және материалдық мәдениет мұралары ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан көне мәдениет куәліктері екені анық.                                                                                                Тындар құлаққа, көрер көзге, сезінер жүрекке танымал, басқа елдерде жоқ дәстүр өрнектері, ортақ мұралары, тұрмыс-тіршілігіндегі керемет салт-ғұрпы мақтаныш сезімін тудырып, жұртшылықты жалпы отаншылық пен елжандылыққа тәрбиелеуде маңызды міндет атқармақ.                                                                                                                         Бұл тақырып кең, ауқымды болғандықтан, өз халқымыздың мәдениетін семинар сабағында жарыс түрінде өткізуді жөн көрдік. Жарыс түрінде өткізілетін сабағымыз ІV кезеңнен тұрады.                                                                                                                                Семинар сабағымыздың жоспары мынандай:                                                                                                                      1-кезең "Қазақ мәдениетінің қайнар көздері " деп аталады. Бұл кезеңде топтар өздерінің үйде дайындап келген жобаларын қорғайды. 2-кезеңде "Құпия ұяшықта" жасырылған сұрақтарға жауап береді.  3-кезең "Суреттер сыр шертеді" деп аталады. Бұл кезеңде әр топқа суреттер көрсетіледі, соған қатысты мәліметті ортаға салады. 4-кезең "Ойлан, тап". Бұл кезеңде студенттер үлестірмелі қағаздарда қойылған сұрақтарға жауап берулері керек.  Әрбір топтың топ басшысы мен мүшелері ойынға бірдей қатысып, жеңіске ие болу жолында барынша атсалысулары қажет. Жеңіске қол жеткізу, топтың өздеріне берілетін тапсырмаларды ойдағыдай орындап шығуларына байланысты.Студенттер үш топқа бөлінеді. Әрбір топтың өз атауы бар: 1-Тұмар; 2- Бастаңғы; 3-Жетіген

ІІ. Өткен тақырыпты пысықтау

1-кезең.  "Қазақ мәдениетінің қайнар көздері" деп аталатын жоба қорғау кезеңі. Студенттер қазақ мәдениетінің ерекше қайнар көздері туралы мәлімет ұсынады. Бұл тапсырмаға 15 минут уақыт беріледі.

 2-кезең "Құпия ұяшық". Бұл кезеңде әр топ бір-біріне сұрақтар Бұл тапсырмаға барлығы 10 минут уақыт беріледі.

 

Топтар

 

1-ұяшық

 

2-ұяшық

 

3-ұяшық

 

4-ұяшық

 

Тұмар

 

10

 

20

 

30

 

40*

 

Бастаңғы

 

10

  

20     

 

 30

 

40*

 

Жетіген

 

10

 

20

 

 30

 

40*

 

Тұмар  тобының дайындаған сұрақтары

Сұрақтар

Жауаптары

  1.  

10 – Қазақтын ертеден қалыптасқан бас киімі, бағалы теріден және төлдің терісінен тігіледі. Ерлер де, қыздар да киеді. Бас киімнің төбесі алты қиық немесе төрт қиықтан тұрады. Оның сыртынан барқыт, пүліш, қамқамен тыстайды. Бас киімнің төбесін жай матамен астарлайды, ал төменгі жағын төрт елідей терімен көмкереді. Бұл қазақтың қандай бас киімі?

 

 Бөрік

 

  1.  

20 –  Сырты матамен тысталып, түрлі аң терісінен, жүні ішіне қарап тігілген, қазақтың ұлттық киімі қалай аталады?

ішік

  1.  

30 – Иыққа іліп жүретін төртбұрыш тұмар сөмке. Бұл бұйымға көз тиюден сақтайтын қасиеті бар заттарды салып жүреді. Бұл қандай әшекей бұйым?

қолтықша

  1.  

40 – Бейнежазбада көрсетілген қазақтың қандай әшекей-бұйымы және оған сипаттама беріңіз?

Өңіржиек қалындықтың негізгі әшекей бұйымдарының бірі және оны тойларда ғана таққан. Өңіржиек пошымы мен түзілісінің мағынасы ұрпақтың өсіп өркендеуі, оны жалғастырушы әйел адамның рөлі, әртүрлі қауіп-қатерден сақтану сияқты жайларды білдіреді. Әсіресе ұрпақтың көбеюі мағынасын білдіретін өсімдік бейнелісі көп зергерлік бұйымдарда кездеседі.

 

Бастаңғы тобының дайындаған сұрақтары

Сұрақтар

Жауаптары

1

10- Отқа табынушылық қандай мақсатпен жүргізіледі?

Адамдар, от - жын-шайтанды аластап, бізді кесел-пәледен құтқарады деп сенді.

2

20 – Қазақтын ұлттық ойындары қанша түрге бөлінді, атап шығыңыз

4 түрге бөлінді: 1. аңға байланысты ойын 2. түрлі затқа байланысты ойын. 3. икемділік, ептілікке байланысты ойын. 4. соңғы кезде қалыптасқан ойындар

3

30 – Қазақ мәдениетіне үлкен ықпал тигізген, анемизм мен магия элементтері басым "пұттық" діндердің күрделі қоспасы қандай дін болып саналады?

Шаманизм

4

40-Бейнежазбада көрсетілген ойынның атын, ойын ережесін айтыңыз

 

Аударыспақ

 

Жетіген тобының дайындаған сұрақтары

Сұрақтар

Жауаптары

1

10 – Сиырдың, қойдың, ешкінің сүтінен қайнатып әзірленетін сүт тағамы қалай аталады?

Ірімшік.

2

20 – Ысқышпен тартылатын, қос ішекті музыка аспабы және бұл аспаптың ерекшелігі, дыбысы ішекті тырнақтың жағымен басу арқылы шығады. Бұл қай аспап?  

Қобыз

3

30–Жылқының қабырғалары мен белдемелерінің етегіне жиналатын аса шұрайлы майлы ет қалай аталады?

Қазы

4

40 –Бейнежазбада көрсетілген көрсетілген аспап?

Даңғыра- қазақтың ұрмалы музыкалық аспабы

 

3-кезең  «Суреттер сыр шертеді». Бұл кезеңнің мақсаты-экранда жасырылған салт-дәстүрлерге қатысты суреттер болады, жауап беруші студент қандай салт-дәстүр жасырылғанын тауып, суретке қатысты мәліметті ортаға салады. Барлығы 5 минут уақыт беріледі. 

Тұмар тобына:

Жауабы: Көшпенді бабаларымыздың таным-түсінігінде бүркіт — батылдықтың, батырлықтың, еркіндіктің, рух биіктігінің символы. Еліміздің туындағы бүркіттің бейнесі азаттықттың, тәуелсіздіктің, тектіліктің, қайраттылықтың  айбыны ретінде бейнеленген. Қазақ халқы бүркітті киелі құс санаған. «Бүркіт бір сілкінсе мың пәле кетеді» деп есептейді және бүркіттің бір қауырсынын үзіп алып қасиетті зат санап биікке іліп қояды. Құсбегілік-бүркіт, ителгі, қаршыға, қырғи, тұйғын, тұрымтай, сұңқар, лашын, жағалтай сияқты жыртқыш құстарды қолға үйретіп, аңға, құсқа салатын саятшылық өнер. Құсбегілік қазақ, қырғыз халықтарында ежелден келе жатқан үлкен өнер ретінде саналады. Құсбегілер қыран құсты тор құрып ұстайды немесе қарақанат балапан кезінде ұядан алады. Оның аяғына балақбау мен шыжым тағып, көзіне томаға кигізеді. Құсты әуелде шыжыммен ұшырып, қайыруы жеткен соң семіртіп түлетеді. Бұдан кейін құсты ақжеммен асырап, бос керілген арқанга қонақтатып, ұйқысын алып арытады. Жеңіл ұшып, жеңіл қонатын күйге келгенде аңға салады.

Жетіген  тобына:

Жауабы:Қорқыт Ата–түркі халықтарына ортақ ұлы ойшыл, жырау, қобызшы. Қорқыт Ата өмірде ізі, артында әдеби-музыка мұрасы қалған тарихи тұлға ретінде белгілі. Аңыз бойынша, анасы Қорқытты құрсағында үш жыл бойы көтеріп жүріпті. Жылына бір рет толғақ қысып отырады екен. Қорқыт дүниеге келер алдында әлемді үш күн, үш түн бойы көзге түртсе көргісіз қараңғылық басады. Сұрапыл қара дауыл соғып, ел-жұртты қорқыныш сезімі билеген. Осыған орай баланың атын “Қорқыт” деп қойған дейді.. Қорқыт Ата жөніндегі аңыздарда түркі халықтарының өмір мен өлім мәселесі туралы көзқарастары көрініс тапқан. Аңыз бойынша, Қорқыт Ата ұйықтап кетіп, “егер өлімді есіңе алмасаң, мәңгі өмір сүресің” деген аян естиді. Біраз уақыт өткен соң бір баспақты қуып жүріп, жете алмағасын, “Өлсем де, жетемін!” дейді. Соны айтуы мұң екен, Әзірейіл келіп, “Сен өлімді еске алдың, енді өлесің!” дейді. Аңызда Қорқыт Ата өзінің жүйрік желмаясына мініп, халқы бақытты өмір сүретін жерұйықты іздеуші, ғұмыр бойы өлімге қарсы күресуші жан ретінде суреттеледі. Ел-жұртты өзінің жырымен де, күйімен де аузына қаратқан, ғұмырының соңында бірлігі ыдырай бастаған жұртының алауыздығына күйінген Қорқыт Ата мәңгілік өмір сырын іздеп дүниенің төрт бұрышын кезіп кетеді. Бірақ қайда барса да, алдынан көр қазып жатқан адамдарды жолықтырады. “Кімнің көрі?” деген сауалына “Қорқыттың көрі” деген жауап естиді. “Қайда барсаң да Қорқыттың көрі” деген сөз осыдан қалған. Ақыр аяғында жер кіндігін тапсаң, тірі қаласың деген аян естіп, туған жері –Сыр өңіріне оралады. Содан мәңгі өмір тек өнерде деген ойға келіп, қобыз аспабын ойлап шығарады. Тағы бір аңыз бойынша, өзен ортасына кілем жайып, үстінде отырып қобыз тартқанда, күй күшімен суға батпайды екен. Қорқыт Ата қобыз тартқан жылдары өлім болмаған, тек бақытты тіршілік болған дейді. Бірақ Қорқыт Ата шаршап, ұйықтап кеткен сәтінде судан кішкентай қайрақ жылан шығып, оны шағып өлтіріпті дейді. Аңызда ажал ашық келмей, жылан кейпінде келеді. Бұдан халықтың өлімге деген көзқарасын, “ажал айтып келмейді” деген философиялық тұжырымның негізін көреміз. Қорқыт Ата туралы аңыздарда кездесетін үлкен философиялық мәселе – уақыт пен кеңістік мәселесі.

Бастаңғы тобына:

Жауабы:Айтыс — ауыз әдебиетінде ежелден қалыптасқан поэзиялық  жанр, топ алдында қолма-қол суырып салып айтылатын сөз сайысы, жыр жарысы. Айтыс - әдебиет жанры болғанымен, ертеден қалыптасқан халықтық дәстүрдің үлкен түрі. Ойын, той, ас, қызұзату, келін түсіру сияқты қазақ тойлары жүйрік ат, білекті палуандармен бірге айтыс ақындары да қатысып, олар айтыс арқылы той қызығы мен мәртебесін көтере түскен. Әрине мұндай жерде айтыстардың өз мақсаты, талабы, шарты бар. Көшпелі елдің қызық-қуанышын бөлісіп келген айтыс халқымыздың сан алуан ойын-той, әр түрлі дәстүрлі думандарда қуана қызықтайтын театры іспеттес болған. “Аттың жалы, түйенің қомында” дегендей көп дайындықты керек етпейтін айтыс кез келген жерде өте береді де, мұның тыңдаушысы да, бағасын беріп төрелік айтушысы да халық немесе қадірлі ел ақсақалдары болады. Айтыстың дәстүрлі өнерге айналуына көшпелі өмір салты тікелей әсер еткені байқалады. Көшпелі елде шілдехана, ойын-тойға ерекше мән беріліп, қонақ кәдеден бастап, кішігірім ауыл айтыстары да өтіп отырған. Айтыстың қыз бен жігіт айтысы, бәдік айтысы, екі ақын айысы, жұмбақ айтысы т.б. түрлері бар.

4-кезең  «Ойлан, тап».  Әр топқа қазақ мәдениетіне қатысты сұрақтар қойылған үлестірмелі қағаздар таратылады. Топ мүшелері сұрақтарға нақты жауап берулері тиіс. Тапсырмаға 6 минут беріледі.

1. Дәмету-ас-тағамға, дәмге қатысты жоралғы. Кәделі жіліктен келіндер дэметеді. Мүны тағамның осы мүшесіне қүмарлык деп ұкгіау ке¬рек. Біріншіден, үлкен адамның қолынан келіннің кәделі жілікті алуы үлкен мәртебе, екіншіден, дәметкен кэдеден қүр қалған келіннің кеудесі ісіп кетеді-мыс. 

2. Күйеуаяқ-жігіт қалыңдығын алғаннан кейін әдеп бойынша енесін қошаметпен өз үйіне апарып салады. Ата енесі күйеу баласына ірі мал атайды. 

3. Түйемұрындық-ұзатылып келе жатқан келіншек көшінің жолында отырған ауылдың адамдары (жастары,әйелдері) керуен атының ноқтасынан, не түйесінің  бұйдасынан ұстап тұрып сұрайтын кәдесі. Қыз анасы оларға кәдесін жасайды, кәде алған риза болып, бақыт тілеп батасын беріп, жол болсын айтады.

4. Қыз қашар-қыздың атастырылған күйеуін көруі. 

5. Құйрық бауыр-қазақ дәстүрінде құда болудың заңды белгісі-құжат болып бекітілген.

6. Балдыз қалың-кейде қалыңдық қайтыс болатын жайлар кездеседі. Мұндайда қалың малын төлеген болса, онда сол үйдің екінші қызын алуға құқы бар. Егер ер жігіт қалыңдығына ұрын барып, ол үйдің басқа қызы болмаса төлеген малдың жартысы қайтарылады. Егер бұрынғы қалыңдығына ұрын барған күйеу енді балдызын алатын болса, онда бұрынғының үстіне «балдыз қалың» төлеуге тиіс. Оған түие бастатқан бір тоғыз қосылады.Күйеу бұрынғы қалыңдығына ұрын келмеген болса «балдыз қалың» төленбейді.

7. Қынаменде-құда түсіп, уәде пісіп, қалың мал төлеген соң күйеудің атастырған қалыңдығын алғаш рет көруге келген тойы. 

8. Шаңырақ түйе-ұзатылып келе жатқан қыздың және оның жанындағы әйелдердің (шешесі, жеңгесі, сіңлісі т.б.) мініп келе жатқан көлігі.

9. Өңір салу-жас шаңыраққа көрсетілген құрмет және жәрдем десе де болады. Мұнда ылғи бәйбішелер келеді. Ниеттері-келінге шашу шашып, құтты болсын айту. Шашудың сыртында өңір әкеледі. Өңір-киім, бұйым деп ең құрығанда терме бау жас төсекті басқалар басынбасын деп бүркіт тұяғы, үкі сықылдылар іледі. Бұлардың бәрі отау үйге қажетті, өңін ашатын нәрселер.

10. Естірту-ата-анасы, баласы немесе жақын-жуығы қайтыс болған жағдайда оны айтып жеткізуді «естірту» дейді. Естіртуші адам әлгі кісіге сыпайылап, тұспалдап жеткізіп, тоқтам айтып, оны бекем болуға шақырады. 

11. Жоқтау-қайтыс болған адамның жақсылығын, еліне істеген қызметін, жақсы қасиеттерін паш ететін тұрмыс-дәстүрі, жыры, зарлы өлең.

12. Сыңсу-ұзатылған қыз өз босағасынан аттанар алдында ағайын туғандарына арнап айтылатын өлең жыр.

13. Жарыс қазан-әйелдер босанар сәтте басқа әйелдер қазанға жеңіл-желпі тамақ істеп оны босанатын әйелден бұрын пісірмек болып «жарысады». Халық ұғымы бойынша туатын бала «жарысқазанға» қатысып, одан бұрын өмірге келуге тырысады деп түсінген.

14. Сабантой-түркі халықтарында (татар, башқұрт, ішінара қазақтарда) тойланатын мейрам. Егін жинау науқанынан кейін күзде өткізіледі.

15. Құрсақ той-ұлттық салт-дәстүр. Жас келін жерік болып, алғаш құрсақ көтерген кезде енесінің, абысын-ажынның қатысуымен тойланады. Ауылдағы тәжірибелі әйелдер келінніңжүкті болғанын сезіп, “келіннің құрсағы ақ айранға тойыпты, ақ алғысты болыпты” деп енесіне тұспалдап жеткізеді. Осы емеуріннен-ақ енесі келінінің бойына бала біткенін біліп, қуанышты хабарды жеткізген әйелге ризашылығын білдірген. “Келінді ата-баба аруағы қолдап жүрсін” деп ауылдағы үлкен үйдің оң жақ керегесіне ақ орамал байлайды.

IY. Сабақты қорытындылау.

а) Рефлексия: Бүгінгі сабақтан түйген ойларыңызды, алған әсерлеріңізді, мына  қағаздарға жазып, жабыстыруларыңызды сұраймын.

 ә) Бағалау, алған бағаларына түсініктеме беру

Бағалау парағы.

Аты-жөні

Сабақтың кезеңдері

Ұпайдың саны

Сабаққа қатысқанын бағалау

1

2

3

4

 

 

  1.  

 

 

 

 

 

 

 

  1.  

 

 

 

 

 

 

 

  1.  

 

 

 

 

 

 

 

  1.  

 

 

 

 

 

 

 

  1.  

 

 

 

 

 

 

 

  1.  

 

 

 

 

 

 

 

  1.  

 

 

 

 

 

 

 

  1.  

 

 

 

 

 

 

 

  1.  

 

 

 

 

 

 

 

 

б) Үйге тапсырма: Ғабитов Т.Х., Мүтәліп Ж.М., Құлсариева А.Т. "Мәдениеттану" Алматы 2008 жыл. 228-250 беттер. "Қазақ мәдениетінің бастаулары".

 

 


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Айтыс. "Біржан Сара" айтысы
Қазақ халық педагогикасындағы тәрбие ерекшеліктері
Қынаменде ( Ұрын келу )
Ұлттық ойындар сайыс сабағы.
«Қыз - өріс, қыз – қонақ»
Халқын сүйген, салтын сүйер.
Адам болмысы - философия мәселесі ретінде
"Қасиетті Қорқыт баба" сахналық қойылым
Қазақ даласындағы ән-күй өнері
Қорқыт ата кітабы
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 3837 | Қосты: Таубаева Айгерим Бахытовна | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык