Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » FOR қайталау oператоры


FOR қайталау oператоры

 FOR қайталау oператоры

Сабақтың  тақырыбы:   FOR қайталау oператоры

Сабақтың  мақсаты:     

  1. Білімдік: оқушыларды қайталау  операторының  жазылу  тәртібімен таныстыру.  Циклдік  алгоритмдерді программалау кезінде қолдансысқа  ие болған  қайталау  операторының қолданылуын айқындап ашып беру. Қызметші  сөздердің жазылу ережесін  және оны  қалай  қолдану керектігіне  үйрету.
  2. Дамытушылық:  әртүрлі циклдік есептерді  беру арқылы оқушылардың  қайталау операторына деген түсініктерін арттыру  арқылы білімдерін  арттыр. Қайталау  операторларының синтаксисін және семантикасын, сонымен қатар оқушыларға есеп шығару кезінде қолдана алуға үйрету.
  3. Тәрбиелік:  оқушыларды есеп шығару кезінде есептің  шартына байланысты опреатор  мен  қызметші  сөздерді  жазуға  тәрбиелеу.  Қайталау және әзірше  опреаторларының  арасындағы айырмашылықтарды  ажырата  алуға  тәрбиелеу.   

Сабақтың  түрі:  дәтүрлі емес

Сабақтың типі:  интегралды сабақ

Пән аралық байланыс:циклдік қосынды есептер ( математика пәні)

Көрнекіліктер:  тақта, компьютер,   карточкалар

Сабақтың әдісі:түсіндіру, сұрақ – жауап, тест тапсыру,  есеп шығару

Сабақтың тәсілі:жаппай жұмыс, жекелей жұмыс, ауызша сұрақтарға жауап.

Сабақтың  барысы:

  1. Ұйымдастыру (2 мин)
  2. Өткенді  қайталау (8  мин)
  3. Жаңа сабақты  түсіндіру (12  мин)
  4. Компьютерлік тест (15 мин)
  5. Пысықтау (10 мин)
  6. Үй  тапсырмасы (3  мин)

Өткенді  қайталау

  1. Қанша шартты оператор бар?
  2. If  және Case  операторларының  айырмашылығы неде?
  3. Таңдау  тұрақтыларының типі  қандай  болу керек?
  4. Сase опреаторын  қалай жабады?
  5. Goto опреаторы неден  тұрады?
  6. Көрсеткіш типі  қандай типтер бола алады?
  7. Label қызметші  сөзі нен  үшін қолданылады  және нені  білдіреді?
  8. While операторының  жазылуы түрі және қызметі  қандай?

Жаңа сабақты  түсіндіру

Көп жағдайда  аргументтердің  әр  түрлі  мәні  бойынша  алгоритмнің  белгілі  бір  бөліктерін  бірнеше рет қайталауға тура келеді.   Осындай  процестерді  ұйымдастыру  үшін  циклдік  құрлымды  алгоритмдерде – қайталау  операторлары  қолданылады. Ол әртүрлі  заңдылық ереже бойынша  құрылады.

FOR – DO  циклдік  операторы  қайталау саны  алдын ала  белгілі болған жағдайда  қолданылады.  Бұл оператор екі  түрлі беріледі. 

Жазылуы:

1. For  <циклдік  параметр>:=<алғашқы мән> to <соңғы мән>  do <циклдің денесі;

2. FOR <циклдік параметр>:=<соңғы мән> downto <алғашқы мән>do <цикл денесі>.

Мұндағы  циклдік  параметр кейде басқару айнымалысы деп аталады.  Алғашқы және соңғы  мәндер нәтижесі  - нақты типтен басқа стандартты жай тип бола алатын өрнектер.  Басқару  айнымалысының  типі,  алғашқы және соңғы  мәндерінің типтері  бірдей болу керек.   Олар нақтыдан  басқа кез келген жай типті  болуы  мүмкін.  Цикл денесі жай немесе құрмалас оператор бола алады.

Қайталау саны  белгілі циклді оператор жұмысы

 

Циклдік оператор орындалғанда,  бірінші  өрнектің  мәне есептеліп,  FOR-DO (FOR-DOWNTO)  операторларында циклдік параметрлерге  алдымен алғашқы мәнді меншіктейді.  Басқару айнымалысының мәні  1 –ге ((-1)-ге) тең  қадаммен  бірітіндеп өзгеріп отырады. DO қызметші  сөзінен кейінгі цикл денесі басқару  параметрлерінің әрбір мәні  үшін бір реттен орындалып  отырады.  Егер басқару айнымалысының  алғашқы мәні соғы мәнінен артық (to үшін) немесе кем (downto үшін) болса, онда цикл денесі  бір ретте орындалмайды.  Параметрлі  циклдің  жұмысын  блок-схемадан анық көруге болады. 

Ситаксистік диаграммасы: 

Жалпы жазылуы:

for  <айнымалы> :=<S1>  to <S2>  do   <оператор>; 

for  <айнымалы> :=<S1>  downto  <S2>  do   <оператор>; 

Сызба-нұсқасы:

Есептерге программа құру мысалдары:

№1.      қосындыны есептейтін программа құрайық

Program e1;

  var  i,n,s:integer;

     begin

       read(n);

       s:=0;

       for i:=1 to n do 

      {for i:=1 downto n do}

       s:=s+i;

      write('s=',s);

     end.

 

     Ескерту:

  • FOR  циклдік  операторындағы  DO  түйінді  сөзінен кейін  ;  нүктелі  үтір  қойылмайды;
  • WHILE  операторының  программада жұмысын  толық аяқтау үшін, цикл денесінде міндетті  түрде циклдің орындалуына  қойылған шартқа байланысты ереже  болуы тиісті;

Жаңа  сабақты пысықтау

1.Оқушылардан  компьютерде есептер шығарады.

2.Оқушылардан компьютерде тест алу.

 Үйге  тапсырма: 103  бет,  №12, №13

Бағалау.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Циклдік операторларды пайдаланып бағдарламалау
Таңдау операторы
Тармақталу алгоритмдерін программалау
Тармақталу операторы
FOR –DO, FOR –DOWNTO қайталау операторы
Паскаль
Қайталау операторы
Циклді ұйымдастыру тәсілдері. Циклді ұйымдастыруға есептер шығару
Циклдік алгоритмдер
Циклдік алгоритмдер
Бөлім: Уроки / Информатика | Көрсетілім: 5429 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык