|
|
Интернет және оның пайдасы мен зияны
Тақырыбы: Интернет және оның пайдасы мен зияны
Білімділік: Бүкіләлемдік өрмек – интернетке байланысты оқушылардың білімдерін нығайту, тиянақтау;
Дамытушылық: Оқушылардың интернет туралы толық ой қалыптастыру, оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, шығармашылыққа баулу, пәнге қызығушылығын арттыру;
Тәрбиелік: Оқушылар өз ойларын тиянақты жете айта біліп, сахнада өздерін сабырлы әрі тәртіпті ұстауды ескеріп, бір-бірін тыңдай білуге тәрбиелеу;
Сабақ түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сыни тұрғысынан ойлау, Тви шоу
Өту барысы
- Шаттық шеңбері(3 мин)
- Сынып оқушыларын 3 топқа бөлу (3 мин)
- Қызығушылық ояту (6 мин)
видео-ролик көрсету
3. Мағынаны тану
а) Топтық жұмыс (постер қорғау) (10 мин)
ә) топтық жұмыс (Тви шоу, радио бағдарлама, көрініс)( 18 мин)
4. Ой толғаныс(3 мин)
«Алтын қағида» әдісі арқылы
5.Кері байланыс(2 мин)
Қылауша, күннің көзі арқылы
Шаттық шеңбері.
- Оқушылар айналып шеңберге тұрамыз. Сіздер бір-бірлеріңізді 7 жыл бойы жақсы танып білдіңіздер. Ендеше, бүгінгі шаттық шеңберіміз «Менің көршім қандай адам?» деп аталады. Шеңберде қастарыңызда тұрған көршілеріңіздің бойындағы қасиеттерін айтасыздар.
Топқа бөлу
Оқушыларға әр тақырыпқа қатысты сөздер жазылған кішкене парақшалар беріледі. Сол парақшада берілген сөз арқылы 3 топқа бөлінеміз.Бұл жерде топқа бөлінген кезде оқушылардың сыни тұрғысынан ойлауға мүмкіндік туады. Топқа бөлу тақырыппен тығыз байланысты алынған.
І топ: желі, электорнды почта, хаттар, смайлктер, модем, агент
ІІ топ: тез хабар алу, ақпарат көзі, байланыс түрі, қажеттілікті толығымен қанағаттандыру,әлем жаңалықтары, қашықтан оқу, қызмет түрлері
ІІІ топ: ультра-күлгін сәулесі, денсаулыққа зиян, сананы улау, тәуелділік, адамның психикасы, онлайн ойындар.
Осы сөздерді оқушыларға таратып, сол бойынша 3 топқа бөлінеді.
Үш топ өз араларынан топ басшысын тағайындайды және топ ережелерін құрастырады.
Үлгі: Топ ережелері: 1. Тыңдау мәдениетін қалыптастыру
2.Уақытты үнемдеу
3.Топта ұйымшылдықпен жұмыстану
4.Тапсырма орындау барысында белсенділік таныту
5. Өз пікірлерін ашық айта білу
Қызығушылық ояту Интернет туралы жалпы мәлімет ретінде видео-ролик көрсетіп, тыңдатып алып, топппен жұмысқа көшемін.
Мағынаны тану
І топқа: Интернет туралы түсіндіріп өту. (постермен жұмыс)
Ол үшін төменде берілген ресурстарды І топ оқушылары пайдалана отырып постермен жұмыстанады.
Интернет бүкіл ғаламдық тор. Ол бүкіл әлемдегі миллиондаған компьютерлік желілерді бір-бірімен байланыстыратын орасан зор компьютерлік желі .
Интернет ұғымы ХХ ғасырдың аяғында пайда болса да, жүрдек пойыздың жылдамдығын еске салатындай жедел қарқынмен кең қанат жайып келеді. Әйгілі Ер Төстік ертегісінде Төстік жыл санап емес, ай санап, күн санап өсіпті дейтін жері болатын. Сол Ер Төстіктің ер жетуі сияқты дамып отырған бір сала болса, ол - бүкілғаламдық желі - Интернет деп санар едім.
Оның өзі шығу тарихы да қызық. «1957 жылы Кеңестер Одағы жасанды жер серігін ғарышқа ұшырған соң, АҚШ Қорғаныс министрлігі «егер соғыс бола қалған жағдайда Америкаға сенімді ақпарат алмасу жүйесі керек болады» деп есептеген. Ондай жүйені АҚШ-тың Орталық барлау басқармасының қызметкерлері ойлап тапқан деседі. Бұл мақсатта Лос-Анджелес, Юта және Калифорния штаттарындағы университеттерге және Стэнфорд зерттеу орталығына компьютерлерді бір-бірімен жалғайтын желі жасау тапсырылады. ARPANET деп аталатын жоба 1969 жылы 29 қазанда төрт мекеменің компьютерлерін телефон арқылы байланыстырады.
Содан соң ARPANET дамып-жетіліп, оны түрлі сала ғалымдары пайдалана бастайды. 1983 жылы бұл атау «Интернет» деген ұғыммен алмастырылды».
Бұл күнде Интернетті тұрақты пайдаланушылар саны бүкіл әлем бойынша 1,5 млрд адамнан асыпты. Бұл - жер шарын мекендейтін халықтың төрттен бір бөлігі ғаламтор игілігін өз кәдесіне жаратуда деген сөз.
ІІ топқа: Интернеттің пайдасын түсіндіру(постермен жұмыс)
Ол үшін төменде берілген ресурстарды ІІ топ оқушылары пайдалана отырып постермен жұмыстанады.
Интернеттің жеке-дара қожайыны жоқ. Оны ешкім бір жерден басқара да алмайды. Интернетте көптеген пайдалы да қажетті ақпараттарды табуға болады
1.Алысты жақындату
2.Қоғамға (адамға) байланысты мүмкіншіліктерді арттыру.
3.Сана-сезімді жоғарылату.
4.Ізденіс талпынысқа қашықтықтан оқу бағдарламаларына сұранысты арттыру.
5.Қажеттілікті толығымен қанағаттандыру.
6.Дамыған мемлекеттермен тең дәрежеде бәсекелесу.
7.Әлемде болып жатқан жаңалықтардан сол сәтте хабардар болу.
8.Халықтарға түрлі жолдармен көмек көрсету.
9. Интернет арқылы мәтінді, хабарламаны, құжаттарды, фото, аудио, видео материалдарды
қабылдап алуға не керісінше жіберуге болады;
10.Күн сайын емес, сағат сайын, сәт сайын бүкіл әлем жаңалықтарымен танысып отыруға;
- Кез келген тақырыпқа қатысты материалдар, анықтамалар алуға;
- Қашықтықтан оқуға, яғни үйде отырып білім алуға;
- Қызмет түрлерін ұсынуға, тауар сатып алуға не сатуға;
- Қаржылық операциялар жасауға;
- «Maіl.Ru Агент», «Facebook», «Skype» т.б. арқылы реалды уақытта тіл қатысуға да, бейнебайланыс орнатуға да болады. Бұдан өзге біз біліп-біле бермейтін жаңа көкжиектерін айтып тауысу мүмкін емес... (материалдарды және моральді жағынан болсын).
. Интернеттен көптеген жапа шегеміз деп қол қусырып отыра берсек, оның мүмкіндіктеріне шектеу қойсақ,әрине алға баспаймыз.Керісінше біртіндеп құлдырай береміз.Оданда ондай қиыншылықтармен күресе отырып, алға ұмтылу жолдарын қарастырғанымыз жөн. интернетке кіру үшін компьютерде отыру керек.Компьютерде отыру денсаулыққа зиян.Алдымен денсаулықты сақтауымыз керек деп жатырсыздар.Әрине бұл орынды ол үшін алдымен әр бала компьтерде жұмыс жасап отырғанда техника қауіпсіздік ережесін сақтау керек. Ережелер талапқа сай орындалса денсаулыққа зиян тимейді. Көзге жаттығулар жасалады, әр 20-25 минут сайын, көзбен компьютердің ара қашықтығы 60-70 см болу керек. Жұмыс кезінде ақ халат кисек, ультра күлгін сәулесін сақталады. Ал көзді сақтау үшін компьютердің алдына кактус гүлін қою керек. Гүл бойына компьютерден бөлінген сәулені тартып алады. Осы айтылған ережелер орындалса денсаулығымызды сақтай аламыз. Интернеттің пайдасы көп.Интернет арқылы біз басқа қаладағы болсын, басқа елдегі болсын алыстағы достарымызбен сөйлесе аламыз. Мысалға, ұстаздар берген реферат, мәнжазба, солардың бәрін мен интернет арқылы таба аламын. Кітапханаға барып жүрмей мен үйдегі интернеттен іздеймін.Интернеттің пайдасы мен үшін өте зор
Интернет - тиімді байланыс құралы. Көптеген мәліметтер жинақталған. Балама ақпарат көзін табуға болады. Мысалы: үкіметтік емес сайттар мен үкіметтік сайттар, ақпарат агенттігінің мәліметтері мен тәуелсіз басылым мәліметтері. Электронды пошта қызметі жылдам хабарласуға мүмкіндік береді.. Далада, күннің астында азып тозып асық, футбол, волейбол ойнағанша, интернет арқылы әр түрлі қызықты ойындар ойнауға болады. Біздің өміріміз күнде бір жаңалықпен толығып отырады. Интернетті сол жаңалықтың ішіндегі ең озығы деуге де болар. Себебі, бір өзіне соншама ақпарды сиғызып, жан-жаққа лезде таратып тұру, әлемнің бір шетіндегі кісіні екіншісімен байланыстыру, керек болса, көзбе-көз әңгімелестіріп, бейнесін көрсету қандай жетістік десеңізші. Асыл тастан, өнер жастан-демекші, осылай жас-ұрпаққа интернетпен жұмыс жасауға, қажет мәселерін алуға жағдай жасалып отыр. Сондықтан қазіргі техника қарқынды дамыған заманда, дені сау білімді,интернеттен юар керек мағұлматын жинап, Қазақстанға өз үлесін қосатын сауаты мол ұрпақ керек! Сондықтан интернет кімге де болсын өте қажет,оның пайдасы өте зор.!
ІІІ топқа: Интернеттің зиянын түсіндіру(постермен жұмыс)
Ол үшін төменде берілген ресурстарды ІІІ топ оқушылары пайдалана отырып постермен жұмыстанады.
Қазіргі таңда интернет әлемдік қауымдастықтың негізгі ақпараттық-коммуникациялық құралына айналып отыр.Бұл тұрғыда қарапайым халықтың күнделікті өмірдегі байланысқа деген қажеттілігі туралы айтпасақ та болады.
Дегенмен де интернеттің жақсылықтарымен бірге келеңсіз жақтары да барын естен шығармағанымыз жөн.Интернетке қосылу үшін әрине бізге компьютер керек. Ал, әр күнін компьютер алдында өткізу денсаулыққа зиян екенін білесіздер ме? Ол адам ағзасына қауіп төндірумен қатар, сананы улаумен шектесетіні белгілі.Компьютер алдында ұзақ отырса адамның көзі, жотасы ауырады және қимыл-қозғалысына,адам психологиясына да әсер етеді.Сезімдік нерв жүйесі ауруларына шалдығады.
Интернетке жүгініп,үйреніп кеткен бала, яғни интернет арқылы хат алысып, сөйлесу-баланың айналасындағы адамдармен бетпе-бет сөйлесуіне де әсер етеді, сөйлеу мәдениетінен айырылады.Компьютерден бөлінетін ультра-күлгін сәулесі көзге кері әсер етеді. Ал одан сорақысы- ұлттық, адами қасиеттерге нұқсан келтіретін материалдардың интернет бетінен орын алуы.Қазірде шығарма, эссе жаза алмайтын оқушылар бар. Бұның бәрі көп уақытын кітап оқумен емес, интернетке кіріп түрлі ойындар ойнап,уақытын тиімсіз өткізудің зардабы
Ендігі бір мәселе - Интернетке тәуелділік. Сағаттап, тіпті таңды-таңға ұрып, Интернетті қызықтайтындар да кездеседі. Бұл да бір есірткіқұмарлық, нашаға тәуелділік сияқты нышанды байқатады. Адамның психикасына, денсаулығына кері әсер етеді.. Осындай келеңсіз, жаныңды түршіктіретін ақпараттар интернетте орын алып жатса, оның жұртшылыққа пайдасынан гөрі зияны көп емес пе? Демек, Интернетті қажетіне қарай, шамамен пайдалана білу мәдениетін қалыптастыру да көп ойланатын дүние
Енді компьютерлік ойындарға келсек, олардың қаншалықты зиянды екенін айта кетейік. Интернеттегі онлайн ойындары атыс-шабыс, тағы басқа қантөгу, жауыздық тақырыбында болады. Осы ойындарды бала ойнап, оның психологиясына қандай жаман әсер беретінін өздерімізде білесіздер. Ұдайы ойнаған баланың миында ойынның мазмұны, әдіс-тәсілдері еніп, жаман қылық, тіпті қылмысқа да баратын болады. Қалалы жерде ақша табу үшін компьютерлік ойындарды жарнамалап, оқушы балаларды өздеріне тарта бастап, жаман қылықтарға бағыттайды. Интернет ойындарынан басқа да өзіміздің ұлттық ойындарымыз бар, соны неге ойнамасқа?Асық ойнау, күрес, қол күресі, волейбол, футбол сияқты көп ойындар бар.Біз бөлмеде тығылып компьютерлік ойынды ойнағанша, далада таза ауа жұтып, көпшілікпен көңіл көтеріп, денемізді шынықтырып, сау болғанымызға не жетсін.
Әрине қазір заман ауқымы, талабы әр үйде компьютер, интернет желісі бар. Жаңағы өздерің айтқандай компьютерге қол жеткізбесе де ұялы телефон арқылы интернетке де шығуға болады дейсіңдер.Міне, сол арқылы не бір ұятсыз көріністер көреді, интернет арқылы танысады.Мектеп жасындағы баланың сабаққа дайындалғаннан гөрі көп уақытын ұялы телефонына үңілумен өткізеді.Ол неге үңіле береді десең, әрине ол ішіне сабағын жазып алған жоқ.Небір түрлі қырғын атыс-шабыс ойынын, өзгелермен танысу,ұятты көріністер қарайды.Міне, содан барып, ол баланың өмірге көз-қарасы психологиясы өзгереді. Ұрлық-зорлық көбейеді.Жас бала еліктегіш келеді. Әр жаман затты көрген сайын, естіген сайын оның бір ұшқыны адам бойында ұялап қалмай ма? Әр нәрсе өз нормасынан асқан соң, жаманға айналады. «Сақтансаң сақтайды, сақтанбасаң сені құдай не қылады», демекші Шәкәрім атамыздың мына сөзіне тоқтала кетуді жөн көрдім:
Сақтық-деген әрқашан байқап жүрмек,
Пайда не залал ма ескерілмек,
Көргенің естігенін есепке алса,
Сонда оңай әрбір істі ойлап білмек.
Сондықтан интернетті меңгеруіміз керек деп, интернетті білмеген заман көшінен қалды деп,таңертеннен қара кешке дейін заман техникасымен шұғылдана бергеніміздің адамзат өміріне тигізетін өзіндік пайдасымен қатар зияны да баршылық.
Топтардың постермен жұмыстарын бағалау.
І топ оқушылары ІІ топ оқушыларының жұмысын «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» арқылы (формативті бағалау) бағалайды.
ІІ топ оқушылары ІІІ топ оқушыларының жұмысын төмендегі бағалау парағын пайдаланып отырып 3 балдық жүйемен бағалайды.
Балл |
Дискрипторлар |
1 |
Тақырып жартылай ашылса, эстетикалық талғамда, сөз мәнерінде кемшілік болса |
2 |
Тақырып толық ашылғанымен, эстетикалық талғамға сай болмаса,сөйлеу мәнерінде аздаған кемшілік болса |
3 |
Тақырып толық ашылса, эстетикалық талғамға сай орындалса, топта ұйымшылдық болса, сөйлеу мәнері назар аударса. |
ІІІ топ оқушылары І топ оқушыларының жұмысын бармақ әдісі арқылы бағалайды және өз ойларын айтып өтеді.
Барлық топтарға ортақ тапсырма: «Интернет және оның пайдасы мен зияны» тақырыбында
І топ: Тви шоу арқылы көрсету.
ІІ топ: Радио бағдарлама арқылы көрсету
ІІІ топ: Көрініс арқылы көрсету (өмірмен байланыстырып)
Топ жұмыстарын бағалау
Әр топ мүшесі өзіңе ұнаған топтың жұмысын бағалау үшін (Тви шоу, радио бағдарлама, көрініс) сол топтың қоржынына стикерлер апарып жапсырады.
Ой толғаныс.
«Алтын қағида» әдісі арқылы бүгінгі тәрбие сағатымызға қатысты бір фактіден айтып шығу.
Үлгісі: Сен есіңе сақтап ал! Интернет әлемдік жаһандануға негіз береді. Осы үлгіде әр оқушы бір фактіден келтіріп өтуі тиіс. Осы арқылы оқушының бүгінгі тәрбие сағатынан не үйренді, не біліп кетті осыларды аңғауымызға болады.
Кері байланыс
Жоғарыда бейнеленген қылауша мен күн. Бұл суреттер жайдан-жай алынған жоқ. Егерде бүгінгі тәрбие сағаты сәтті шықты деп ойласа, оқушылар қолдарындағы қылаушаны күн сәулесі арқылы ерітіп жібере алады. Осы арқылы кері байланысты орнатуымызға болады.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |