Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Әлемді билеген ИНТЕРНЕТ


Әлемді билеген ИНТЕРНЕТ

Әлемді билеген ИНТЕРНЕТ

Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы,

Т.Ізтілеуов атындағы

№29 қазақ орта мектебінің

информатика пәні мұғалімі

Мыңжасарова Светлана Кенбайқызы

Пәні: информатика

Сыныбы: 9 «А»

Тақырыбы: «Әлемді билеген ИНТЕРНЕТ»

Мақсаты

Білімділік

Дамытушылық

Тәрбиелік

бүкіләлемдік өрмек – интернет туралы оқушылардың түсініктерін кеңейту.

оқушылардың танымдық, ойлау қасиеттерін қалыптастыру, шығармашылыққа баулу, пәнге қызығушылығын арттыру

ұқыптылыққа, ізденімпаздыққа, жан – жақтылыққа, өз ойын еркін айтуға тәрбиелеу.

 

Түрі: практикум элементтері бар көрсете түсіндіру.

Типі: аралас сабақ

Жабдығы: компьютер, INTERNET желісі.

Пәнаралық байланыс: тарих, физика, экономика.

Барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі:

а) оқушыларды түгелдеу;

ә) оқушыларды ТҚЕ-мен таныстыру;

б) оқушлар назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

а) Бақылау сұрақтарын қою:

1. Модель дегеніміз не?

2. Модельдің қандай түрлерін білесің?

3.Модельдеудің негізгі кезеңдерін ата.

ә) Минирефераттар:

1. «Интернет дегеніміз не?»

2. «Интернеттің шығу тарихы»

ІІІ. Жаңа сабақ бойынша

1. Тақырыптық терминдік сөздік

CERN– Ядролық қаруларды зерттейтін еуропалық организация (The European Organization for Nuclear Research)

WWW – бүкіләлемдік өрмек (World Wide Web)

INTERNEТ – ғаламтор, халықаралық желі (International Network)

ISOC – Интернет қоғамы, интернетке қол жеткізу және дамытумен айналысатын халықаралық кәсіби организация (Internet Society, ISOC).

ARPANET– ақпараттың берілуін зерттеу агенттігі (Advanced Research Projects Agency)

EDFA – оптикалық күшейткіш (Erbium-Doped Fiber Amplifier).

2. Конференциялық диспут.

- Бүкіләлемдік ғаламторға қанша жыл?

1980 жылы ағылшын физигі Тим Бернес-Ли Женевадағы Европалық CERN лабораториясына бағдарламалық қамтамасыз ету жүйесі қызметінің кеңесшісі ретінде бар болғаны жарты жыл жұмыс істеді. Ол өзін жақсы жағынан көрсеткенімен лабораторияның толыққанды қызметкері ретінде тек 1984 жылы қабылданған. Дәл осы уақытта ол ғылыми зерттеулердің нәтижесі мен кейбір мәселелерді шешуге кірісті.

1989 жылы алға қойған мақсатына жетіп, 1990 жылдың күзінде CERN қызметкерлері Тимнің жазуы бойынша алғашқы рет «веб-сервер», «веб-броузерді» пайдалануға қол жеткізді. «WWW» – «WORLD WIDE WEB» (Бүкіләлемдік ғаламтор) европалық жобаның тиімділігі өз нәтижесін береді. Ал 1991 жылдың жазында бұл жобаны америкалық «INTERNEТ» жобасы басшылыққа алған, бүгінде бүкіләлемдік ғаламтормен біз күнделікті пайдаланамыз.

- Байланыс қызметін қанша адам пайдалануда?

Мұның қанша екенін ешкім дәл айта алмайтынын дұрыс түсіне білуіміз керек. Себебі, пайдаланушылар саны әрбір секунд сайын өзгеріп тұрады.

2009 жылдың 31 наурызына дейін желіні пайдаланушылардың саны 1,6 миллиард шамасына жеткен.

- Интернетті кім басқарады?

Ешкім емес. Себебі, интернетте орталық жоқ, ол бүтін нәрсе емес, оның желілік ресурстарының толық тізімі белгісіз. Сондықтан да ешкім басқара алмайды. Сонымен қатар, интернетте жұмыс істеу үшін қажет жабдықталу мен бағдарламалық қамтамасыз етудің басшылары кездесіп қалады. Сондықтан да интернет тегін емес. Коммерциялық желілер ұлттық корпорацияларды басқарып, интернетте жұмыс істеуді ұлттық негізде қамтамасыз етіп, неғұрлым ұсақ жергілікті желілерді байланыстырады.

1982 жылы желіде қолданылатын Интернеттің барлық  ақпараттық құжаттарына ресми иеленуге құқы бар халықаралық кәсіби коммерциялық емес ұйым құрылды. Оның мақсаты – интернетті дамыту, тиімділігін қамтамасыз ету болды. Ол ISOC (Интернет қоғамы) деп аталды және оған 20 мыңдай жеке тұлғалар және әлемдегі 180 елдің 100-ден астам ұйымы кірді.

- Интернет ядролық соғыс үшін жасалды ма?

Әрине, басында бұлай емес еді. Алғашқы кезде желі коммуникациясының негізгі идеясы – ғалымдар мен ғылымның басқа да қызметкерлерін ақпарат алмастыру үшін байланыстыру еді. Алайда, тиімді байланыс әскерилерді де қызықтырмауы мүмкін емес еді. Ал АҚШ Қорғаныс министрлігі бұл жұмысты қаржыландырғанда, әрине, жұмыс нәтижеге бағыттала бастады. Алғашқы ARPANET компьютерлік желісі Американың төрт ғылыми мекемесінің басын біріктіреді. Аталуы да алғашқы әріптерінен алынған ARPA (Advanced Research Projects Agency) және де бұл АҚШ Қорғаныс министрлігінің агенствосы болып қала бермек. Бірақ, АҚШ-ның Қорғаныс министрлігі де, Ресейдің Қорғаныс министрлігі де бүгінде интернетті пайдаланбайды. Олардың жеке желісі бар, әрі интернет бейбіт өмірдегі құпия деңгейікті қамтамасыз ете алмайды.

- Континеттер арасындағы байланыс қандай?

Бұл мақсатта су асты коммуникациялық кабель жұмыс жасайды. 1851 жылы инженер Брет Ла-Манш арқылы Англияны Европа континетімен телеграфтық жүйеде байланыстыратын алғашқы су асты кабелін жүргізді. Бұл гуттаперчидің (су астында ток жүргізетін сым) пайда болуы нәтижесінде мүмкін болды. Су асты кабелімен жіберілген алғашқы телеграмма 1856 жылы АҚШ-ның президенті Джеймс Бьюкененнің Англияның патшайымы Викторияны құттықтауы еді. Бұл байланыс қымбат еді, техникалық жағынан жабдықталуы да аяқталмаған. Сонда да 1866 жылы телеграф жүйесі тұрақты жұмыс істей бастады. Ақпарат жеткізу жылдамдығы минутына бар болғаны 17 сөз. Қазіргі заманғы су асты кабелдері шыныталшықты технологияларды пайдаланады. Мұндай кабель алғаш рет 1988 жылы іске қосылған. Қазіргі таңда мұндай кабельдер су асты және Әлемдік мұхиттың түбімен Антарктидадан басқа барлық континеттерді байланыстырады. Шамамен әрбір 100км сайын EDFA-күшейткіші орнатылады. Ол оптикалық сигналдың қуатын қалпына келтіреді. Интернетте суасты коммуникациялық кабельдердің тізімі бар. Шынайы өмірде бұл кабельдер өте сезімтал. Мысалы, жер сілкіну, кеме зәкірлері, тіпті кез келген адам қасақана зақым келтіруі мүмкін. Тіпті Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде контрабандиттер әдейі келіп, кабельдерді қиып кетіп отырған. Сонымен бірге кейбіреулер оның құрамындағы мысын металлолом үшін өткізіп жіберетін. Кабельдің бір километрі 10 тоннаға дейін жетсе, ал диаметрі – 69мм.

3. Қызықты деректер:

-    Орташа есеппен адамдар Интернет желісінің 1 сеансы үшін 51 минут уақытын өткізеді;

-    Ал Интернетті пайдаланудың айлық орташа көрсеткіші – 25 сағат;

-    Веб-беттерін қараудың орташа көрсеткіші шамамен 45 секунд;

-    Алғашқы 5 жыл ішінде Интернетті пайдаланушылар саны 50 миллионға жеткен, ал радио үшін 38 жыл, телевидениеге 13 жыл уақыт кеткен;

-    Интернет желісін пайдаланушылардың кең көлеміне қарамастан оны әлемнің 80% халқы ғана пайдаланады;

-    Интернет желісін пайдаланушылардың 70% ер адамдар;

-    Әлем бойынша Интернет желісін жалпы пайдаланушылар саны шамамен 2 миллиард;

-    Интернеттің біздің өмірімізге келтіретін ең сорақы қаупі – Интернет – тәуелділігі;

-    Интернет тиімділігін жеткізуде алғашқы орында Бермуд аралы тұр, ал Жапония 22 орында.

-    Google іздеушісі  әрбір ай сайын 35 миллиард сұранысты қанағаттандырады.

ІҮ. Интернет – гид.

Электронды почта арқылы әр оқушыға бір тапсырмадан беріледі. Тапсырманы орындау уақыты 3 минут.

№1 тапсырма – www.rambler.ru іздеу порталына кіріп, «Қызылорда облысының тарихы» туралы реферат ізде.

№2 тапсырма – www.googlе.kz  іздеу порталына кіріп, «Болашақтағы компьютерлер» туралы суреттер ізде.

№3 тапсырма – www.rambler.ru іздеу порталына кіріп, «Салауатты өмір салты» туралы мақала ізде.

№4 тапсырма – www.infust.kz сайтын адрес жолына енгізіңіз. Ашылған терезеден ұнаған сайтты таңдаңыз да көшіріп алыңыз.

№5 тапсырма – Интернет арқылы жұлдызнамаға кіріп, өз жұлдызнамаңызды тап

№6 тапсырма –Ақтаудың бүгінгі ауа райының болжауын Интернет арқылы  біл.

№7 тапсырма – www.googlе.kz  іздеу порталына кіріп, «Информатика ғылымына үлес қосқан ғалымдар» туралы реферат ізде.

№8 тапсырма – www.kuttybolsyn.kz сайтын адрес жолына енгізіңіз. Ашылған терезеден ұнаған сайтты таңдаңыз да көшіріп алыңыз.

№9 тапсырма – Қызылорданың бүгінгі ауа райының болжауын Интернет арқылы  біл

№10 тапсырма – Интернет арқылы жұлдызнамаға кіріп, өз жұлдызнамаңызды тап

Ү. Бекіту.

а) Бекіту сұрақтарын қою:

1) Интернет дегеніміз не?

2) Интернетке қосылу үшін бізге қандай құрылғылар қажет?

3) Интернеттің мүмкіндіктері қандай?

4) Бүкіләлемдік Интернет күні қашан?        

ә) «Кім білгір?»электронды тест – тапсырмаларымен жұмыс.

б) Сөзсызбадан бүгінгі тақырыптың терминдерін табу.

ҮІ. Үйге тапсырма беру.

Өтілген материалды оқу, «интернет» туралы қызықты мәліметтер жинап келу.

ҮІІ. Бағалау.

Оқушыларды бағалау, журналға, күнделіктеріне баға қою.

Интернет дегеніміз не?

INTERNET – миллиондаған компьютерлерді бір алып желіге біріктіретін, ақпаратқа шексіз қол жеткізу және түрлі амалдармен қатынас жасау мүмкіндігін ұсынатын дүние жүзіндегі ең үлкен және ең танымал желі. INTERNET сөзі тікелей мағынасында халықаралық желі дегенді білдіреді (INTERnational  NETwork). Интернет жер жүзінде болып жатырған ең соңғы жаңалықтарды білуге, театр, кино, ұшақ, поезд билеттеріне, қонақүй номерлеріне тапсырыс беруге, ауа райы болжамын білуге, бейнеконференциялар өткізуге, кітаптардың электронды нұсқасын оқуға, қалаған затымызды қалаған жерімізден алуға тапсырыс беруге, азғана уақыт ішінде электронды пошта арқылы хабарламалар алмасуға мүмкіндік береді.

Интернеттегі ақпарат веб – сайттар түрінде ұсынылады. Веб – сайт дегеніміз – ортақ тақырыппен, навигациямен, ортақ URL мекенжаймен біріктірілген, өзара сілтемелер көмегімен байланысып, бір серверде орналасқан веб – беттер жиынтығы. Әрбір веб – сайттың өзінің мекенжайы URL бар, оны желіден осы мекенжайы бойынша тауып алуға болады.

Веб – сайтқа арналған URL-дің көрінісі мынадай болады. http://www.атауы.үйшік Мысалы, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың ресми сайтының мекенжайы http://www.akorda.kz . үйшік Интернет желісінің ірі бөлігін белгілейді, ол мемлекетті (.kz – Қазақстан, .ru – Ресей, .ua – Украина, .fr – Франция) немесе қызмет саласын (.com – коммерциялық ұйым, .org – коммерциялық емес ұйым, .edu – білім беру қор көздеріне арналған) білдіреді.

Интернеттің шығу тарихы

1957 жылы Кеңес Одағы Жердің жасанды серігін ұшырғаннан кейін, АҚШ Қорғаныс министрлігі ақпаратты тасымалдаудың сенімді жүйесі қажет деп шешті. АҚШ алдыңғы қатарлы зерттеу жобалараның агенттігі (ARPA) осы мақсатта компьютерлік желі құруды ұсынды. Бұл желіні құру Лос-Анджелестегі Калифорния университетіне, Стэнфорд зерттеу орталығына, Юта штатының унверситетіне және Санта-Барбара қаласындағы Калифорния штатының университетіне тапсырылды. Компьютерлік желі ARPANET деп аталды. 1969 жылы 1 қыркүйекте Лос-Анджелесте Калифорния университетінде алғашқы ARPANET сервері орнатылды. “Honeywell 516” компьютерінде 12 Кб оперативті жад болатын. 1969 жылы аталған төрт ғылым орталығын біріктіріп, 1969 жылдың 1 қазанында алғашқы хабарламаны жіберді.

1988 жылы Internet Relay Chat (IRC) протоколы жасалып, Интернетте нақты уақытта сөйлесу (чат) мүмкіндігі пайда болды.

1990 жылы ARPANET желісі NSFNet желісімен бәсекелестікке шыдай алмай, өз жұмысын тоқтатты. Осы жылы Интернетке телефон арқылы қосылудың сәті түсті.

1997 жылы Интернетте 10 млн компьютер болды, 1 млн-нан астам домендік аттар тіркелді. Интернет ақпарат алмасудың ең танымал құралына айналды.

1998 жылы рим папасы Иоанн Павел ІІ Бүкіләлемдік Интернет күнін 30 қыркүйек деп бекітті.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Қауіпсіз ғаламтор
Интернет сервистері
Интернет және оның пайдасы мен зияны
WordPad мәтіндік редакторында құжат құру, сақтау, ашу
Ауқымды компьютерлік желі. Электрондық пошта
Интернет желісін сабақ процесінде қолдану
Интернет тақырыбы бойынша өткенді қайталау
Интернет тақырыбы бойынша өткенді қайталау
Интернет маған не үшін керек?
Интернет желісі
Бөлім: Уроки / Информатика | Көрсетілім: 2924 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык