Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Мәтін және оның түрлері


Мәтін және оның түрлері

Бекітемін:

Күні:14.10. 2014ж.

Мәтін және оның түрлері

Пәні: қазақ тілі

Сыныбы: 3 «б»

Пән мұғалімі: Берженбаева Әсемкүл

Сабақтың тақырыбы: Мәтін және оның түрлері

Сабақтың мақсаты:Оқушылардың мәтін жайлы түсініктерін кеңейту; мәтінді талдауға, негізгі ойды табуға, ой қорытындысын жасауға, оған өз пікірін, ойын қосуға, мәтін түрлерін ажыратуға, оның түріне қарай шағын мәтін құрастыруға дағдыландыру. АКТ-ны пайдалана отырып бірлескен жұмысты ұйымдастыру, танымын, өзіндік пікірін, зерттеушілігін, сындарлы сөйлеуін дамыту, өзін-өзі бағалауын жетілдіру.

Күтілетін нәтиже:. Оқушылардың мәтін жайлы түсініктері кеңейеді; болжау жасайды; қиялы, шығармашылығы дамиды; өзгенің пікірімен санаса білу, өз ойларын айта білу дағдысы қалыптасады.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: диалог, топтастыру, жеке, жұптық, топтық жұмыс. Джигсо-1 әдісі,  АКТ: компьютер, Power Point презентациясы, электронды оқулықтар.

Рефлексия

Қолданылатын құрал-жабдықтар:

1.Оқушының құрал-жабдықтары

2.Фишкалар, топтың аты, тілек ағашы

3. Постер, қалам, стикер, желім.

4.Дербес компьютер, принтер, скайнер, видео камера, электронды оқулық

5.Пайдаланған әдебиеттер: «Жаттығулар мен сабақ үлгілері» Р.Базарбекова: «Интербелсенді әдістеме» А.Әлімов, Б.Қосанов, Р.Базарбекова; Бастауыш сынып №4 2013; №3 2012; қазақ тілі оқулығы, ғаламтор

Сабақ барысы

Кезең

                             

           Іс-әрекет

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Кіріспе

Шаттық шеңбері. Балалар алақандарын бір-біріне тигізіп, былай дейді:

Сабақтарыңа сәттілік тілеймін! Қағаз қималарындағы сөздер бойынша топтасып отыра қойыңдар.

Өзін-өзі бағалау парағы таратылып, әр тапсырманың соңында өздері бағаларын балдық жүйемен қойып отырады.

Жаңа ғасыр ұланымыз!

Жақсы оқу ұранымыз!

 

Топқа бөліну: «Дыбыс», «Сөз», «Сөйлем», «Мәтін».

Қызығушылықты ояту

Топтық жұмыс. Әрбір топ өзінің аты жайлы не білетінін жазып шығады.

Бағалау: «Бағдаршам»

Әр топтан бір оқушы шығып, жұмыстарын таныстырады.

Тұсау кесер

 

Жаңа білімге көпір салу

(Интербелсенді тақтамен жұмыс) –Сөйлем арқылы бір нәрсені хабарлаймыз, сұраймыз, көңіл күйімізді білдіреміз. Ал мәтіндер қандай болады? Бұл сұраққа келесі тапсырмаларды орындау барысында өздерің жауап табасыңдар.

1. Әңгімелеу мәтінін тап.

Әңгімелеу мәтіні қандай да бір оқиғаны баяндап, не істеді? сұрағына жауап береді.

                            Күз

      Күз келді. Күн суыта бастады. Адамдар жылы киінді. Құстар да жылы жаққа ұшып кетті.

 

      Күзде біз үйге от жаға бастаймыз. Өйткені бұл мезгіл жазға қарағанда салқындау. Сондықтан бос уақытымда отын жарып, анама көмектесемін.

 

    Күз келді. Дала сары түске боялған. Бақтағы алмалар алқызыл түске боялып, уылжып піскен. Олар өте дәмді. Алманың құрамында пайдалы дәрумендер мол.

2-топ. Сипттау мәтінін табады.

3-топ. Пайымдау мәтінін табады.

 Бағалау «Күлегештер» арқылы.

Мәтіндермен танысады, ойланады. Жұптасады,топта талқылайды, шешімін табады. Сыныпқа жариялайды.

Негізгі бөлім

 

Мағынаны тану

Кітаппен жұмыс.15-жаттығу. Бұл мәтіндердің бір-бірінен қандай айырмашылықтары бар? Әр мәтінге қандай сұрақ қоюға болады? 3 топ үш мәтінді талдап, жауап береді.

Дәптермен жұмыс: күн реті және көркем жазу сәті: М М М

Сипаттау мәтінін көшіріп жазу. (әр топтан 3 оқушы үш сөйлемді жазып шығады)

Сергіту сәті. Әуен ырғағымен қимыл-қозғалыс жасау.

Жеке жұмыс. 16-жаттығу. Қай суретпен әңгімелеу, сипаттау, пайымдау мәтіндерін құрауға болады?

Бағалау: «Екі жұлдыз, бір тілек»

 

Мәтінмен жұмыс. 18-жаттығу. Мәтінді түсініп оқып, мазмұнын айту.

1.Әр топ мәтінді оқып, түрін ажыратады және сұрақ қойып, жауап береді.

 

 

Оқушылар көшіріп жазады.

 

 

Үш топ мәтіннің үш түріне ауызша мәтін  құрайды.  Құраған мәтіндерін бір-біріне айтып, үздік деп тапқан бір мәтінді сыныпқа жариялайды.

Джигсо-1 әдісі бойынша мәтінді 3 топқа бөліп оқытып, мазмұндату.

Мәтіндегі негізгі ойды анықтап, мақал-мәтел арқылы түйіндейді.

Қорытынды

Ой толғаныс

1-топ. Бүгінгі тақырыпқа байланысты бес жолды өлең.

2-топ. Сурет бойынша әңгіме жазу.

3-топ. Өлең жазу

 

 

 

 

Үй тапсырмасы

17-жаттығу «Менің сүйікті ауылым», «Мен демалысымды ауылда қалай өткіздім» тақырыптарына мәтін құрау. Олардың қандай мәтін екенін ажырату.

 

Бағалау

Сумативті, формативті бағалау

 

Кері байланыс

-Бүгінгі сабақта не үйрендіңдер?

-Қай жаттығуды орындаған қызық болды?

-Қай тапсырманы орындағанда қиналдың?

 

 

Бағалау парағы

Оқушының аты-жөні:______________________________сыныбы _____

0,1,2,3 балдық жүйемен бағала

 

1-тапсырма

2-тапсырма

3-тапсырма

4-тапсырма

5-тапсырма

Барлығы

Баға

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Мәтіннің түрлері, жоспар құру.
Мәтіннің құрылымы, түрлері.
Мәтін
Наурыз көже
Ұзынсары
Наурыздағы тілек
Мәтін
Мәтін түрлері
Әр алуан мәтін түрлерін ажырату
Әр алуан мәтін түрлерін ажырату
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 6310 | Қосты: Берженбаева Асемкул Раевна | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык