Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Мәтін



Мұғалімнің аты-жөні: Сайнова Нурлы

Подстепный қазақ жалпы орта білім беретін мектебі

Бастауыш сынып мұғалімі.

Біліктілік санаты: І санатты

Мәтін

Сабақтың тақырыбы: Мәтін

Сабақтың мақсаты:

а) Оқушыларға мәтін және оның түрлері туралы түсінік  беру. Мәтін туралы білімдерін пысықтау.

ә) Жаттығулар мен тапсырмалар арқылы оқушылардың есте сақтау қабілеттерін тілін,ойын дамыту.Өз пікірлерін дәлелдеуге,өз ойын жүйелі баяндауға үйрету.

б) Ұйымшылдыққа, адамгершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:  Аралас сабақ

Сабақтың әдісі:  түсіндіру,ой қозғау,мағынаны ашу,ой толғаныс.

Көрнекілігі: Сызба,портреттер,суреттер.

Сабақтың барысы

 I.Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық дайындық.

Әрбір адам?    Туысым,досым,жұрағат.

Әрбір сабақ?    Үйрену.ұғу,ұлағат.

Әрбір ісің?        Тірлік,тірек ,адамдық.

Әрбір сөзің?      Шындық,бірлік,адалдық.

-Олай болса,балалар бүгінгі сабағымызды бастаймыз,әрбір ісімізге мұқият  болайық.

II.Қызығушылықты ояту.

«Нақты сұрақ,дәл жауап»

  • Мәтін дегеніміз не?
  • Мәтін құрамындағы сөйлемдердің орнын ауыстырып айтуға бола ма?
  • Мәтін бөліктері қалай жазылады?
  • Мәтіннің қандай түрлері бар?

-Ендеше біз бүгін мәтін туралы алған білімдерімізді еске түсіріп жұмыс жасаймыз.

III.Мағынаны тану.

а) Мәтін

әңгімелеу      сипаттау     пайымдау

не істеді ?       қандай?       неліктен?               

Әр мәтіннің сұрағын және ерекшелігін  түсіндіру.

1.Оқиғаны ретімен баяндайтын мәтін әңгімелеу мәтіні деп аталады?

2.Зат немесе құбылысты суреттеп сипаттайтын мәтінді сипаттау мәтіні деп атаймыз?

3.Оқиға,құбылыстардың себебін дәлелдейтін мәтін пайымдау мәтіні деп аталады?

ә) Мәтіннің түрлерін ажырату.

1.Алматы Іле Алатауының етегінде орналасқан.Қазақстанның ірі қаласы.Ұзақ уақыт бойы көптеген деректемелерде қаланың атауы «алманың атасы» деп аударылды.

Тақырыбы:

Мәтіннің түрі:

Неге олай ойлайсың? түсіндір.

2. Күз белгісін ең алдымен ақ қайың сезеді.Өйткені басқа ағаштардан гөрі оның жапырағы бұрын сарғаяды.

Тақырыбы: Мәтіннің түрі:

Неге олай ойлайсың? түсіндір.

3. Лашын-жыртқыш құс.Оның арқасы көк сұр.Ал алқымы ақ сұрлау болып келеді.Көзі дөп-дөңгелек,қап-қара.Қанаты ұзын және сүйір.

Тақырыбы:

Мәтіннің түрі:

Неге олай ойлайсың? түсіндір.

Дәптермен жұмыс.

Көркем жазу.

 Туған жердің жері де көрікті,

Елі де сүйікті.

Оқулықпен жұмыс.

1-жаттығу.а) Әңгімені түсініп оқу.

ә)Әңгімені пайымдау мәтініне айалдыр.

б)Мәтіннен екі адамның бір-бірімен сөйлескен сөздерін тауып көшіріп жаз.

Слайд көрсету.

Ыбырай Алтынсарин-ұстаз,ағартушы,жазушы.1841 жылы 20 қазанда Қостанай облысы,Затобол ауданында дүниеге келген.

Спандияр Көбеев-педагог -жазушы.1878 жылы 1 қазанда қазіргі Қостанай облысыМеңдіқара ауданында дүниеге келген.Ол 1887 жылы Ы.Алтынсариннің көмегімен  мектепке түсіп оны 1892 жылы бітіреді.С.Көбеев балаларды Ыбырай әдісімен оқытады,ғылым негіздерін үйретеді.

2-жаттығу.

а )Ертегіні түсініп оқы.

Ағаш шебері мен мысық.(Жапон ертегісі)        Слайд көрсету

 ә)-Мысық қайда жоғалып кетті деп ойлайсың?

б) –Қожайыны мысықты тауып алғаны туралы пайымдау мәтінін құрастырып айту.

3-жаттығу.Тірек сөздерді пайдаланып,сурет бойынша пайымдау мәтінін құрастырып жаз.

Слайд көрсету.

-Мәтінге ат қой.Мәтіннің мазмұнына сай мақал айту.

IY. Ой толғаныс.

Үш қатарға тапсырма беру.

1-қатар.     Қасқырдың суреті.Сөйлемді жалғастырып,мәтін құра.

Қасқыр жыртқыш аң,себебі....

Сөйлемді жалғастыр.Бұл қандай мәтін? дәлелде.

2-қатар.

Тоқылдақтың суреті.

Мен орманнан тоқылдақ көрдім.......

Бұл қандай мәтін?дәлелде

3-қатар.

Домбыраның суреті.

Асыл домбыра үйірмесіне  қатысады.

Бұл қандай мәтін? дәлелде.

V.Үйге тапсырма.  4-жаттығу  .Пайымдау мәтінін құрастыру.

VI.Қорытындылау.Бағалау.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Мәтіннің түрлері, жоспар құру.
Мәтіннің құрылымы, түрлері.
Мәтін
Мәтіннің түрлері
Мәтін.
Мәтін құрастыру
Мәтін түрлері
Мәтіннен өткенді қайталау
Әр алуан мәтін түрлерін ажырату
Әр алуан мәтін түрлерін ажырату
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 22613 | Қосты: Сайнова Нурлы | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык