Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Бес нәрседен қашық бол, Бес нәрсеге асық бол


Бес нәрседен қашық бол, Бес нәрсеге асық бол

Бес нәрседен қашық бол, Бес нәрсеге асық бол     

«Бес нәрседен қашық бол, Бес нәрсеге асық бол»тақырыбында өткізілген ашық  тәрбие сағаты. ( Айтуға оңай бағдарламасы негізінде)

                                                    

Ақмола облысы,Қоянды орта мектебінің

 ағылшын тілі пәнінің мұғалімі

Адамбай Шолпан Жолмұхаметқызы

 

Мақсаты: Оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу, баланың жеке тұлғалық қабілетін  қалыптастыру мен дамытудың аса маңызды бір саласы, ұжымға, қоғамға, Отанға, еңбекке, өз міндеттеріне және өз басына жауапкершілігін қалыптастыру.

Көрнекіліктер: Нақыл сөздер, ұлы тұлғалардың ұлағатты сөздері.

Әдісі: Пікірталас, сұрақ-жауап, әңгімелесу.

Тәрбие сағатының барысы:

I-кезең: Тәрбие сағатымен таныстыру

II-кезең: Оқушылардың Адамгершілік жайлы түсінігі

III-кезең: Қонақтардың ойы

IV-кезең:  Адамгершіліктің негізгі қағидаларын білесің бе? (Өз ойын ортаға салу)

V-кезең: Пікірсайыс (қорытындылау)

Кіріспе сөз.  Қымбатты  оқушылар,құрметті  қонақтар! Бүгінгі :«Бес нәрседен қашық бол,  Бес нәрсеге асық бол » бағдарламасына хош келдіңіздер!  Елбасымыз    Н.Ә.Назарбаев  Өздеріңізге мәлім 16 қараша күні  дәстүрлі жолдауын жариялады. Биылғы жолдаудың Нұрлы жол деп аталып, 2015 жыл — ұлттық тарихымызды ұлықтау және бүгінгі биіктерімізді бағалау тұрғысынан мерейлі белестер жылы. Қазақ хандығының 550 жылдығын, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституциямыздың 20 жылдығын, Ұлы Жеңістің 70 жылдығын атап өтеміз. Осынау тарихи белестер Жаңа Қазақстандық Патриотизмді ұрпақ жадына сіңіруде айрықша рөлге ие. Біз 2015 жылды Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы деп жарияладық. Елдің тұтастығы мен бірлігі, татулығы мен тыныштығы ең басты назарда деп елбасы халыққа сенім артып, “Рухани құндылық,биік адамгершілік жоқ  жерде үлкен өркен орнату мүмкін    емес.”  .  

Адамның адамгершілік, саналылық дәрежесі оның тәртібі мен іс-әрекетін анықтайтыны әлдеқашан дәлелденген.

«Тәрбиесіз адам адамгершілік жағынан надан, дүмше, - деп жазды В.А. Сухомлинский, - бұл да бір, ақаулы двигательмен ұшырылған самолет те бір, өзі өледі, өзгені де ала кетеді».

Адамгершілікке тәрбиелеу баланың жеке басын қалыптастыру мен дамытудың аса маңызды бір саласы, ұжымға, қоғамға, Отанға, еңбекке, өз міндеттеріне және өз басына қатынасын қалыптастыруды көздейді.

Адамның бойынан адамгершілік қасиеттер табылса, әрине сымбатты, парасатты көрінеді.

Адамгершілік – адамның асыл қасиеті.

Жүсіп Баласағұн адамгершілік пен инабаттылықтың төрт қасиетін 6600 тармақтан, 72 тараудан тұратын «Құтты білік» дастанында көрсетіп берді.

Шығыстың ұлы ғалымы Әл-Фараби: «Жас жеткіншектеріңізді көрсетіңіз, мен сіздердің болашақтарыңызды айтып берейін» деген екен.

Бүгінгі бағдарламамызда  адамгершілікті сіздер қалай түсінесіздер, әдеп нормаларын білесіздер ме, өзара пікірлесіп ой бөлісеміз.Олай болса

  балалар,  Адамгершілік бастауы неде, қалай ойлайсыңдар?

1-                               оқушы. Адам тумысынан жамандыққа үйір емес. Ол жылдар өте келе өніп шығады. Жақсылық өнімнің шыққаны немесе оны жамандықтың арам шөптері басып кеткені сонда ғана белгілі болады. Ізеттілік пен сыпайылық сияқты адамгершілік түрлері отбасынан басталады.

2-                               оқушы. Отбасындағы тәрбиені адам өз өмірінің «Алтын бесігі» мектеп қабырғасында жалғастырып, өмір заңдылықтарын үйренеді. Мектепте халқымыздың әдептілік, әдемілік, имандылық, қайырымдылық, яғни рухани адамгершілік тағылымдарын  – еліміздің дәстүрін ата-ана мен ұстаз тағылымдарын өз білімдерімізбен жалғастырамыз.

3-                               оқушы. Адамгершілік қасиет ең бірінші әр оқушының отбасын сыйлаудан басталады. Әке-шешеге ешқашан дауыс көтеруге, сөз қайтаруға болмайды. Ата-анасын сыйламаған адам басқа біреуді сыйлап жетістірмейді. Ата-ананы ренжітпеу – әр баланың өмір бойғы міндеті.

 

Балалар Адамға ақыл беретін кімдер? ( ата-ана, дос, ұстаз,)Ендеше бізге өздерінің ақыл кеңесімен бөлісуге қонақтарымыз келіп отыр, сол кісілерді ортаға шақырайық. Бірінші қонағымыз  Нуриланың әжесі. Ол кісінің ойынша адамгершілік бастауы отбасынан басталады.

Клип: Отбасы мәдениеті.

Әже отбасы мәдениетін сіз қалай түсіндірер едіңіз?

Пікірталас: бұл бейнеклиптан не байқадыңдар?

Бүгінгі бағдарламамыздың екінші қонағымыз тәрбие ісінің меңгерушісі Зәмзәгүл мұғалім. Бірнеше жыл тәрбие саласында еңбек етіп, жасөспрімдерге ұлттық құндылықтарымызды сақтап, саналы,адамгершілігі мол жас жеткіншектер тәрбиелеуде талмай еңбек етіп келе жатқан  ұстаз. Ол кісінің ойынша әр адам өзінің адамгершлік қасиетімен таныла біледі» дейді.

Қош келдіңіз! Сіз адам бойында қандай адамгершілік қасиеттерді бағалайсыз?

Ендеше келесі көрініске назар салсақ.

 Көрініс үш ана.

Сұрақ: Қай баладан болашақта не күтуге болады?

Үшінші қонағымыз Имандылық бар жерде  рухани тазалық , сенім бар дейді! Ауылымыздың имамы Серікжан. Қош келдіңіз! Имандылық пен адамгершілікті бір бірінен ажыратуға болама?

Имандылық туралы не айтасыз?

Бейнеклип: Өзіңнен баста!

Не айтамыз! Жақсылық жасаудың өзі рухани адамгершілік. Әрқашан жақсылық жасауға ұмтылу керек.

Қорытындылау: Өте жақсы ендеше Балалар бүгінгі бағдарламадан адамгершіліктің қандай негізгі қағидаларын білдік?

4-оқушы.Кешірімді болу, кек сақтамау, сөйлесе білу, әділ болу, ізеттілік.

Рұқсат сұрау, кешікпеу, амандасу, өсек айтпау, уәдеде тұру, имандылық, мейірімділік, сабырлылық, қайырымдылық, т.б.

5-оқушы.Ізеттілік – айналасындағыларды құрметтеу, кішілік мінез таныту. Амандасу – бейбіт пейілдің, достық ықыластың белгісі, мінез-құлықтың нормасы.

6-оқушы.Әділ болу – адамшылықтың асыл белгісі. Әділетті қоғам адамдар имандылық қағидаларын қатаң сақтағанда ғана құрылады. Әдет-ғұрып дәртүрлеріне қалыптасқан қағидаларға, құқықтық нормаларға, заңға сүйенгенде ғана әділдік жеңеді.

7-оқушы.Рұқсат сұрау – адамдар қарым-қатынасындағы ішкі мәдениетті айғақтайтын этикалық қағидалардың бірі. Адамның меншік құқығын құрметтеу және оған қол сұқпау. Әр адам бір-бірінің құқығын құрметтей білуді үйренгендері жөн.

8-оқушы.Имандылық – әр адам ұлтына, нәсіліне, жынысына, дініне қарамастан иманды болып туады. Иманды бала дөрекілікке бармайды, ата-анасын ардақтайды, кісіге қиянат жасамайды. Имандылық бар жерде рухани тазалық бар, сенім бар.

9-оқушы.Кешікпеу – бұл дағдыны адам өзіне бала жастан дарытқаны жөн. Кешігу адамдарды сыйламау. Жұмысқа немесе туған күнге, кештерге кешігіп бару барып тұрған мәдениетсіздік. Уәделі жерге ерте бару керек, кешіккен жағдайда кешірім сұрау керек.

Сабырлылық – адам бойына екі жолмен дариды, бірі туа біткені де, екіншісі адам өзін-өзі тәрбиелеу жолымен келеді. Сабырлылық адамның өз мінез-құлқына ие бола алатынын көрсетеді.

Қайырымдылық – айналадағы адамдарға ізгілікті іс жасау. Қайырымдылық бар жерде қатыгездікке жол жоқ. Өзгелер үшін жасалған ізгілік адам жанын нұрландырады, адамдық мәртебесін көтереді. Қайырымды бала қашанда ата-анасының мақтанышы.

Қорытындылау. Ендеше Адамгершілік қасиеттің өзі біздің бойымызға жылы жүрек арқылы берілмейма қымбатты оқушылар. Олай болса барлығымыз ортаға шаттық шеңберіне тұрып бір бірімізге жыл алақанымызбен жүректер жүрекке жететіндей жақсы тілектер тілейікші!


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Адамгершілік — рухани тәрбиенің маңыздылығы
Адамгершілік — рухани тәрбиенің маңыздылығы
Адамгершілік тәрбиені оқушылардың бойында қалыптастыру
Ұстаз болу- жүректің батырлығы
Ұстаз болу- жүректің батырлығы
Өнегелі отбасынан үлгілі ұрпақ өседі
Адамгершілік -асыл қасиет
Өз білмегеніңді кісіден сұра, кісі жоқ болса кішіден сұра
Адамгершілік - асыл қасиет
Адамгершілік — рухани тәрбиенің маңыздылығы
Бөлім: Уроки / Әдебиет | Көрсетілім: 12306 | Қосты: Адамбай Шолпан Жолмұхаметқызы | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык