Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Қызықты қазақ тілі әлемі


Қызықты қазақ тілі әлемі

             Қызықты қазақ тілі әлемі

Сабақтың тақырыбы: Қызықты қазақ тілі әлемі

 

Мақсаты:

1.Оқушының білімі  мен біліктілігін арттыру,тіл білімі салаларынан алған ұғымды жүйелеу.

2.Дүниетанымын,ой-өрісін кеңейту,сөйлеу мәдениетін қалыптастыру,шығармашылыққа баулу,пәнге қызығушылығын арттыру.

3.Оқушыларды адамгершілік асыл қасиеттерге,үлкенді сыйлауға,өз елінің дәстүрін,әдет-ғұрып,салт-санасын білуге,мәдениетті сөйлеуге,ана тілін құрметтеуге тәрбиелеу.

 

Типі:сайыс сабақ    Түрі: ертегі сабақ (  «Ер Төстік» ертегісінің желісі бойынша)

Әдісі: сұрақ-жауап,ой қозғау,шығармашылық жұмыстар.

Көрнекілігі: суреттер,слайдтар,интерактивті тақта,үлестірмелі парақшалар т.б.

 

Барысы:  Ұйымдастыру кезеңі

Сабақтың мақсаты мен міндеттері

 

-Ал,балалар,біз әдебиеттен  «Ер Төстік» ертегісін оқып өстік. Біз бүгінгі сабағымызды  «Ер Төстік» ертегісімен байланыстыра өткіземіз. Ертегінің барысында Төстік Кенжекейге жету жолында бірнеше кедергілерден өтеді.Сол Төстіктің Кенжекейді келін етіп түсіру ертегісіне куә боламыз,әрі қазақ халқының ғажайып салт-дәстүрлерімен де жақын білісе отырамыз.Ол үшін Төстіктің алдында бірнеше кедергілер,тапсырмалар, бар екен,біз тапсырмаларды орындау арқылы Төстікке көмектесіп көрейік.

 

  1. «Сиқырлы қақпа». Төстік келе жатса алдынан 6 қақпа кездесіпті.Әр қақпада 6 түрлі тапсырма бар екен,соларға жауап берейік.

1.Лексика дегеніміз не? Лексика нені зерттейді?

2.Морфология дегеніміз не?Бұл сала нені зерттейді?

3.Фонетика саласы нені зерттейді?

4.Тілімізде неше сөз табы бар?Оларды атап шық.

5.Жалғаудың неше түрі бар,оларды атап шық?

6.Сан есімнің мағыналық түрлерін ата?          

 

 

  1. «Мыстанның өрмегі».Ал,балалар,ертегіде үнемі өзінің жауыздығымен көрінетін мыстан кемпір бұл жолы да Төстіктің алдынан өрмек тоқып қойыпты.Ал ендеше төстікке көмектесіп,өрмекті шешіп көрейік.

 

 «График» тапсырмасы

 

 

 

 

     ----

 

     ---- 

 

     ----

 

      ----

 

      ----

 

 

  1. «Ерназардың тапсырмасы». Төстікке әкесі де бірнеше тапсырма беріпті,тездетіп соларды орындайық.

 «Зымыран сұрақтар»

 

  1. «Термин» қай тілдің сөзі?
  2. Қазақ тіліндегі тыйым салынған сөздер қалай аталады?
  3. Сөз мағынасын не зерттейді?
  4.  «Фразеология» сөзінің баламасы?
  5. Тілдің ең кіші бөлшегі не?
  6. Жалғаудың түрлерін ата?
  7. Неше септік бар?
  8.  «Ақ киізге көтерді» тіркесінің баламасы
  9. Зат есім құрамына қарай нешеге бөлінеді№
  10. Дыбысты немен таңбалайды?
  11. 42 әріптің жүйелі тізбегі қалай аталады?
  12.  «Ерінбесең - емерсің» мағынасын аш.
  13.  «Әліпби» сөзі қай елден енген?
  14. Дауысты дыбыс тілдің қатысына қарай нешеге бөлінеді?
  15. Әліпбидегі алғашқы 7 дауыссыз қалай аталады?

 

1.Екпін түрі нешеу?

2.Үндестік заңы нешеу?

3.Қосымшаны тіл білімінің қай саласы зерттейді?

4.«Лексика» сөзі қай елден енген?

5.Тыныс белгісін зерттейтін сала?

6.Пәлеқор сөзі буын үндестігіне бағына ма?

7.Көзқарас деген қандай сөз?

8.Дыбыс үндестігінің түрлерін ата?

9.Орфография нені зерттейді?

10.«Жүрегі зу ету» тіркесінің мағынасы?

11.Дауысты дыбыс еріннің қатысына қарай нешеге бөлінеді?

12.Сөз таптары нешеу№

13.Әліпбидегі 10-дыбыс?

14.Зат есімнің мағыналық түрлерін ата?

15.Сын есімнің шырайларын ата?

 

 

  1. «Жеті жұмбақ»сайысы.Ал,балалар,Төстік өз сүйіктісіне бір табан жақын қалды.Мына сандықтағы сұрақтарға дұрыс жауап беріп,Төстіктің арманына жетуіне көмектесіп көрейік

 

 

1.Жеті жұт.                                          2.Жеті қат көк

 

1.Құрғақшылық                                  Ай

2.Жұт                                                  Меркурий

3.Өрт                                                   Шолпан

4.Оба                                                   Күн

5.Соғыс                                               Марс

6.Топан су                                           Юпитер

7.Зілзала                                              Сатурн

 

 

7 қазына

 

1.Сұлу әйел

2.Ер жігіт

3.Қыран бүркіт

4.Берен мылтық

5.Жүйрік ат

6.Құмай тазы

7.Ақыл,білім

 

7 күн

 

1.Дүйсенбі

2.Сейсенбі

3.Сәрсенбі

4.Бейсенбі

5.Жұма

6.Сенбі

7.Жексенбі

 

7 ата

2.Әке

 

1.Ата

3Бала

4.Немере

5.Шөбере

6.Шөпшек

7.Немене

 

-Ал,балалар,Төстік сүйген жарына,Кенжекейге аман-есен қосылды.Сөйтіп,Ерназардың шаңырағында ұлан асыр той басталды.Ал,ендеше,балалар, «тойбастарсыз» той болмас.Олай болса тойбастар қандай салт?

Ал,кәне бізден тойды кім бастайды?  (оқушылар ән-жыр орындайды)

 

Үйге тапсырма беру.

 «Халқымыздың отау құруға байланысты салт-дәстүрлері» ой толғау жазу.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Үндестік заңы. Буын үндестігі
Қайталау.(Ә,И,З,Ө,Ү,Г дыбыстары мен әрпін қайталау.)
Қызықты қазақ тілі әлемі
Сын есімнен өткенді қайталау
Фонетика
Тұрақты тіркестер
Дыбыс үндестігі
Жуан және жіңішке дауыстылар
«Қазақ тіл білімі» бойынша тест сұрақтары
«Дауысты дыбыс» бойынша тест сұрақтары
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 2224 | Қосты: Саурыкова Алия Байузаковна | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык