Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Қайталау.(Ә,И,З,Ө,Ү,Г дыбыстары мен әрпін қайталау.)


Қайталау.(Ә,И,З,Ө,Ү,Г дыбыстары мен әрпін қайталау.)

Қайталау.(Ә,И,З,Ө,Ү,Г дыбыстары мен әрпін қайталау.)

  Тақырып: Қайталау.(Ә,И,З,Ө,Ү,Г дыбыстары мен әрпін қайталау.)

Мақсаты:Өтілген сабақтардағы әріптер мен дыбыстарды пысықтап, мәліметтерін толықтыру.Оқушыларға деңгейлік тапсырмалар беру арқылы алған білімдерін бағалау.

Дамытушылық:Сөздік қорын,ойлауын,есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік:Зеректікке,шапшаңдыққа баулу.Ұлттық, адамгершілік тәрбиеге баулу.

Сабақтың көрнекілігі:интерактивті тақта,әріптер,суреттер.

Сабақтың түрі:Қайталау сабағы.

Әдіс-тәсілдер:Көрсету,түсіндіру

                            Сабақтың барысы:

   Ұйымдастыру:

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз,

Әдеппенен біз

Сәлемдесеміз.

 

-Балалар бүгінгі сабағымызда біздер «Бәйтерек» аңызының ізімен ертегілер еліне саяхатқа барамыз.

      Ерте,ерте,ертеде шақалары жан-жаққа тараған,бір алып бәйтеректің басына киелі құс самұрық ұя салыпты.Ол жылына бір рет ғана жұмыртқалайды екен.Оның әр жылғы жұмыртқасын жауыз айдаһар жұтып қоя береді екен.Міне сол айдаһар самұрықтың жұмырқасын жұту үшін және келе жатыр.

-Балалар бідер жұмыртқаны айдаһарға жегізейік ба?

-Аңызда кім айдаһарға көмек беретін еді?

«Ер Төстік» ол Ерназар деген кісінің 9шы баласы еді.Ол туылғаннан өзге балалардай күн өткен сайын емес сағат сайын өсетін еді. Ал бірақ Ер Төстіктің тез өсіп,айдаһарға қарсы күресуі үшін біздер бірінші тапсырманы орындауымыз керек.

Тапсырма: Мына тақтадағы әріптердің үлкен және кішісін әдемі    етіп дәптерлеріңе түсіріңдер.

Ә ә     И и    З з    Ө ө    Ү ү    Г г

 

Ер Төстік үлкен жігіт болды.Енді оған ұшқыр тұлпар керек.Ол үшін құрығын құлдыратып,жүгенін сылдыратып көп жылқыларға келді.Көп жылқылардың ішінен ұшқыр тұлпарды ұстап алуы үшін біз келесі тапсырманы орындаймыз.

Тапсырма:

 әже     ине     Зере   өзен   егін    Гүлжан   өрмек    үкі

әнші    тиын  қобыз     көгершін  гүл    бетеге

Ақылды әже.

Қызықты кітап.

Айжан гүл өсірді.

Әсет доп ойнады. (Сұрақ қойдыру,үш жақта сөйлету)

 

Ер Төстікке тез хабарлап айту үшін бізге ертегідегі желдей есіп,самал мен жарысатын Жел аяқтың көмегі керек.Жел аяқ бізге көмектесуі үшін және тапсырма орындайық.

Тапсырма: анаграмма шешу.

Е      М     Т     К     П     Е

2        1      4     3      6      5

 

Ш       О        У       Қ        Ы

 4         1         3        2         5

 

Сергіту сәті.  

Таусоғар боп біз,

Жинайықшы күш.

Бір,екі,үш

Бойға жина күш.

                                  Ал, Жел аяқ боп

                                  Қанат байлап ұш.

                              Бір,екі,үш

                                   Қанат байлап ұш.

 

Көл тауысар сияқты

Білім нәрін іш.

Бір,екі,үш

Білім нәрін іш.

 

Мықты айдаһарды жеңуге бізге ертегідегі Тау соғар көмектеседі.Ол үшін де тапсырма орындауымыз керек.

Тапсырма: Буындардан сөз құрау,дауысты,дауыссыздарды ажырату.

ән     қо   жан   түл     Гүл    ші    кі     зі

 

Аузынан от шашқан айдаһарға қарсы күреске енді әр ұртына бір көлдің суын жинайтын Көл тауысар қосылады.Ол айдаһардың отына су бүркіп өшіреді.Оның да сіздерге қоятын өз тапсырмасы бар.

Тапсырма:Өтілгендер бойынша сұрақ-жауаптар.

1.Біздің еліміз қалай аталады?

2.Біздің ана тіліміз?

3.Еліміздің рәміздері нелер?

4.Сөйлемнің соңына не қойылады?

5.Арқасында тауы бар шөл жануары?

6.Біздің елбасымыз кім?

7.Кітапты уақытша алып оқитын жер?

8.Төрт түлікті атап бер.

9.Тауықтың бір аяғы мен тұрғандағы салмағы 2 кг.Ол екі аяғы мен тұрса неше кг. болады?

10.Үстел үстінде 4 шыбын тұрды.Біреуін өлтіргенде нешеуі қалады?

11.Үстел бетің бір бұрышын арамен қесіп тастаса неше бұрышы қалады?

Міне балалар сіздер тапсырманы жақсы орындағандарың үшін Жел аяқ,Көл тауысар,Тау соғар Ер Төстікке көмектесіп,ауызынан от шашқан,алып айдаһарды жеңді.Самұрық құс жауынан құтылып,көкке еркін қанат қақты.

Қорытынды.

Үйге тапсырма беру.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Шаршы.
«Мәуелі бәйтерек» (сахналық қойылым)
Қызықты қазақ тілі әлемі
Астана – Бәйтерек
Ө дыбысы мен әрпі
К дыбысы мен әрпі
3-ке көбейту және бөлу кестесін пысықтау
Ө дыбысы мен әрпі
Ұ дыбысы мен әрпі
Өтілген әріптерді қайталау.
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 1980 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык