Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Спорттық ойындар (Баскетбол)


Спорттық ойындар (Баскетбол)

Спорттық ойындар (Баскетбол)

№ 63 ДШ сабағының жоспары
Бағдарлама бөлімі: Спорттық ойындар (Баскетбол).
Мұғалім: Шаймерденов А.Т.
Өтетін күні: 20 желтоқсан 2014 жыл
Сынып: 8«А» сынып
Өтетін орны: Тимирязев ОМ спорттық залы
Сабақтың тақырыбы: Допты орыннан және қозғалыста бір және екі қолмен лақтыру.
Сабақтың мақсаты мен міндеттері: 
1. Білімділік: 
• орыннан бір және екі қолмен допты себетке лақтыруды жетілдіру;
• допты жүргізіп екі адымды шабуыл жасауды жетілдіру;
• үш пас арқылы жойқын шабуыл жасауды үйрету;
2. Дамытушылық:
• оқушылардың ептілік, икемділік, жылдамдық қабілеттерін дамыту;
3. Тәрбиелік: 
• оқушыларды адамгершілікке, патриоттыққа тәрбиелеу;
Құрал – жабдықтар: баскетбол доптары, ысқырық, секундомер.

СБ Сабақтың мазмұны Мөлшері Әдістемелік нұсқаулар
Кіріспе бөлімі 15 мин 1. Сапқа тұрғызу. Сәлемдесу. Сабақ мақсатын түсіндіру.

2. Саптағы жаттығулар: «Оң-ға!», «Сол-ға!», «Шеңбермен сол-ға!».

3. Жай журістен жеңіл жүгіруге көшу.

4. Секірулер, арнайы жүгіру жаттығулары.

5. Жалпы дамыту жаттығулары. (Карточка)

6. Сапқа тұрғызу.

2’

30”

2’

3’30”

6’30”

30” Сапта түзу, тыныштық сақтау керек.

Командаларды дұрыс бір мезетте орындау қажет.

Бір қалыпта жүгіру.

Залдың ортасынан екі топқа бөлінеміз.

Жаттығуларды дұрыс орындаймыз.

Негізгі бөлімі 25 мин I. Орыннан бір және екі қолмен допты себетке лақтыруды жетілдіру.

II. Допты жүргізіп екі адымды шабуыл жасауды жетілдіру

III. Үш пас арқылы жойқын шабуыл жасауды үйрету

10’ Сынып жұптарға бөлінеді.
1-ші нөмірдегі оқушылар допты себетке лақтырады, 2-ші нөмірдегі оқушылар допты себеттен қабылдап 1-ші нөмірдегі оқушыларға береді. 5 лақтыру жасағасын ауысамыз.

Сынып екі топқа бөлінеді, 1-ші топ алаңның сол жағында, ал 2-ші топ алаңның оң жағында екі адымды шабуылдың турлерін жетілдіреді.
Екі адымды шабуылдыдың 1-ші түрі: оқушы допты жургізіп келіп себеттің сол жағынан екі адымды шабуыл жасайды. 
Екі адымды шабуылдыдың 2-ші түрі: оқушы допты жургізіп келіп себеттің алдынғы жағынан екі адымды шабуыл жасайды.
Екі адымды шабуылдыдың 3-ші түрі: оқушы допты жургізіп келіп себеттің оң жағынан екі адымды шабуыл жасайды.

Сынып екі қатарға бөлінеді.
1-ші қатардағы оқушылар шабуылды бастайды, олар бірінші пасты алаңның орта шебінде тұрған ойыншыға береді, ал орта шептегі ойыншы допты қабылдап, екінші пасты 2-ші қатардан жүгіріп келе жатқан ойыншыға береді, ол ойыншы соңғы үшінші пасты шабуылды бастаған ойыншыға береді. 1-ші қатардан жылдам жүгіріп келе жатқан ойыншы допты қабылдап, тоқтамай екі адым жасап себетке допты лақтырады.
Әдісті орындағаннан кейін ойыншылар қатарларымен ауысып тұрады.
Қорытынды бөлімі 5 мин 
1. Сапқа тұрғызу.
2. Рефлексия.
3. Сабақты қорытындылау, оқушыларды бағалау. Үйге тапсырма беру.


30”
1’30”
3’ 
Тыныштық сақтау қажет.
Сендерге сабақта не ұнады?
Сабақ барысында жіберген қателерді айту.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Волейбол. Допты бір-біріне беру және допты қабылдау әдісі
Волейбол допты екі қолымен астынаң, үстінен қабылдау әдістері.
Волейбол допты екі қолымен астынан, үстінен қабылдау әдістері. Тордан 2-3 метр.қашықтықтан допты беру.
Баскетбол ойынындағы допты игеру тәсілдері және командалық тәсіл-әрекеттер
БАСКЕТБОЛДАҒЫ ДОПТЫ СЕБЕТКЕ ТАСТАУ ӘДІСІ
Волейбол. Допты бір-біріне беру және допты қабылдау әдісі
Қозғалыста допты қағып алу
Кіші допты алысқа лақтыру
Шабуыл соққысына екі қолмен тосқауы қою әдісі
Баскетбол. Допты қозғалыс кезінде беру
Бөлім: Уроки / Дене шынықтыру | Көрсетілім: 4310 | Қосты: Шаймерденов Арман Турсунулы | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык