Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар |
Көрсетілім: 20317 |
|
|
|
Кіші допты алысқа лақтыру
Сабақтың тақырыбы: Кіші допты алысқа лақтыру
Сабақтың мақсаты:
• Теориялық: Кіші допты алысқа лақтырудың мазмұндылығымен ерекшелігін көрсету арқылы допты алысқа лақтыруды жетілдіре үйрету.
• Дамытушылық: Оқушылардың дене бітімінің дұрыс қалыптасуын, ептілік пен икемділігін дамыту.
•Тәрбиелік: Спортқа деген қызығушылығын арттыра отырып сымбаттылыққа тәрбиелеу
Міндеті: Кіші допты алысқа лақтыруға үйрету
Әдісі: Түсіндіру, көрсету, үйрету
Құрал жабдықтар: Кіші доп, ысқырғыш, секундомер.
Сабақтың мазмұны Орындалу уақыты Әдістемелік нұсқаулар
I. Ұйымдастыру бөлімі:
А) Оқушылардың сапқа тұруы,
Ә)Қатар бойынша реттік санау
Б)Кезекші міндеттерін қабыл-дау.
Жалпы дене даярлық жаттығулары:
• Оңға бұрылып саппен алаңды айналып жүру.
• Қол жоғарыда аяқтың ұшымен жүру.
• Қол белде табанның іші-мен,сыртымен жүру.
• Қол белде жартылай, қол желкеде толық отырып жүру.
• Жеңіл, бірқалыпты жүгіру.
• Оң иықпен, сол иықпен жүгіру.
• Тізені жоғары көтере жүгіру.
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, жаттығуларды толық әрі ретімен орындауын қадағалау.
Жылпы дамыту жаттығулары:
• 1,2,3,4 реттік санмен саналу арқылы қатарға тұру
• Дене жаттығулары:( бас, иық, қол, бел, аяқ т.б)
5-мин
II. Негізгі бөлім:
Сабақтың тақырыбын түсіндіру, кіші допты лақтыру
Жеңіл атлетиканың бір түрі-лақтыру. Бір орында тұрып доп лақтырудың бес қадамнан екпін алып келіп лақтырудың техникаларын қайталап, кейін толық екпін алудың техникасын меңгеруге көшу қажет.
• Лақтыру бағытына қарап тұрып, кіші допты лақтыру.
• Осы жаттығуды оңға жартылай бұрылып орындау.
• Осы жаттығуды лақтыру бағытына бүйірін қаратып тұрып орындау.
• Лақтыру бағытына(бір қырымен)тұрып, сол аяқтан оң аяққа жеңіл секіріп ауысу арқылы лақтыру.
• Аяқтың арасы иық кеңдігіндей болып, бір қырымен, дененің салмағын оң аяққа түсіріп сол аяқ ілгері қойылған және кеуде сәл алға еңкейіп, оңға бұрылған, қол жанға созылған қалыпта лақтыру.
Ескерту:
Лақтыру кезінде жіберілуі мүмкін негізгі қателер: бастапқы қалыптың дұрыс болмауы: лақтыратын қолды шамадан тыс бүгу: оны иық тұсынан төменнен сілтеп лақтыру: дененің салмағын алда тұрған аяққа ауыстырмау: шынтақты жанға қарай жазып жіберу.
3-мин
Оқушыларға жаңа тақырыптың жасалу техникасы толық көрсетіліп, түсіндіріледі
III. Қорытынды бөлім:
• Оқушыларды сапқа тұрғызу
• Қателіктерін ескерту.
• Бағалау
• Ұйымдастырылған түрде спорт алаңынан шығару.
5-мин
Ескерту жасау, қателіктерді айту, түзету.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |