Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Дыбыс және әріп


Дыбыс және әріп

Дыбыс және әріп

Сабақтың тақырыбы: «Дыбыс және әріп»
Сабақтың мақсаты: 1. Дыбыстар және әріптер туралы 2 сыныпта алған білімін еске түсіру, қайталау дауыссыз дыбыстар айтылу ерекшелігіне қарай пысықтау;
2. Әр түрлі тапсырмалар орындату арқылы оқушылардың шығармашылығын дамыту;
3. Топпен жұмыстар арқылы ұйымшылдыққа, бірін - бірі тыңдай білуге тәрбиелеу.

Қоданылған әдіс-тәсілдер:топқа бөлу,АҚТ,қызығшылықты ояту,синквейн.
Көрнекілігі: интербелсенді тақта, тапсырмалар,жемістер суреті, оқулық.

Сабақ түрі:топтық сабақ

Сабақ типі: аралас сабақ.
Оқу нәтижесі:

Топ арасындағы ынтымақтастыққа үйренеді

Пән  аралық байланыс:математика,әдебиет,дүниетану.

 

Сабақ барысы:

 

Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының әрекеті

Ресурстар

Ұйымдастыру кезеңі

Амандасу

Психологиялық ахуал орнату:

Жарқырап күн де ашылды

Айналаға нұр шашылды

Қайырлы күн!

Біз көңілді баламыз

Қайырлы күн!

Сәлемдесіп аламыз

Қайырлы күн болсын!

Сабағымыз сәттілікке толсын!    

Сәлемдесіп болған соң,сынып назары сабаққа ауады.

интербелсенді тақта

Өткенді қайталау

 

Интербелсенді тақтада:

10    20   30

40    50   60

Әр ұяшықтың соңында сұрақтар бар.

10. Сөйлеу не үшін қажет?

20. Сөйлеудің қандай түрлері бар?

30. Ауызша сөйлеудің қандай түрін білесің?

40.Жазбаша сөйлеудің қандай түрлері бар.

50. Тіл туралы мақал – мәтелдер айт.

60. Сөйлеу мәдиенеті деген не?

 

Оқушылар қалауы бойынша таңдайды. Оқушылар ауызша жауап береді.

2сыныпта алған білімдерін пысықтайды.

интербелсенді тақта

Қызығушылық

ты ояту

Сұрақтар қойылады.

-Балалар,қазір жылдың қай мезгілі?

-Күзде қандай өзгерістер болады?

-Қандай жемістер піседі?

Әр топ отыратын партада жемістердің суретін қояды.

4топқа бөлу.

Оқушылар жауап береді.

Әр оқушы ұнаған жеміс суретін таңдап алады.Жеміс суреттері бойынша(алма,

алмұрт,жүзім ,шие)

топтарға бөлініп отырады.

интербелсенді тақта,жемістер суреті

Танымдық - операционалдық кезең

Оқушыларды  сабақтың  тақырыбы  мен  мақсатын  таныстыру. Білімді жан-жақты  тексеру кезеңі.

Әр топқа сұрақтар жазылған парақ беріледі.

Алма тобы -    Дыбыстар жайлы не білесіңдер?.

Алмұрт тобы- Әріп жайлы не білесіңдер?.

Жүзім  тобы -   Дыбыстар түрлері.

Шие тобы-Дыбыс пен әріптің ерекшелігі.

Мұғалім толықтырады .

Әр топ тапсырманы орындайды.

Баяндаушылар шығып баяндайды.

Оқушылар бір –бірінің жауаптарын тыңдайды.  

интербелсенді тақта,парақтар

Жаңа сабақ.

 

Күн ретін және көркем жазу үлгісін слайдтан көрсетеді.

Қаламсапты  дұрыс  ұстау  мен  дұрыс  отыру  ескертіледі.

Оқушылар дәптерлерін ашып ,

жазады.

интербелсенді тақта,дәптер.

Ойын «Кім жылдам?»

Отан,ар ,ана,

ақыл,дана,ұят намыс,ес,жер ер ,

қоян,фильм,ою.

сөздері беріледі. Шарты

Осы сөздерді тақтадағы бағандарға дыбыс санына қарай топтау ұсынылады.

Жылдамдық ескеріледі.

Оқушылар сөздерді дыбыс санына қарай бағандарға топтайды.

 интербелсенді тақта,парақ.

Ізденіс,топпен жұмыс.

 

4 топқа кітаптағы 4түрлі тапсырма беріледі.

Алма тобы :                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                              

3-жаттығу.

Берілген буын

дардан сөздер құрап оқыңдар.

Әр сөзде неше дыбыс,неше әріп бар?

Алмұрт тобы: 

 4-жаттығудағы сөздерді Әліпби ретімен жазыңдар.

Жүзім тобы:

 5-жаттығу . Берілген сөздерді  оқыңдар.

Сөздерді кестеге толтырыңдар.

Шие тобы: 

6-жаттығу.

Дауысты ,

дауыссыз дыбыс әріптерін топтап жазыңдар.

Жуан дауыстылар: Жіңішке дауыстылар:

Үнді дауыссыздар: Ұяң дауыссыздар:Қатаң дауыссыздар:

Топтарға бөліп берілген тапсырмалар бойынша жан-жақты ізденіс жұмыстарын жүргізеді.

Бірлесе жұмыс жасайды.

 

интербелсенді тақта,оқулық,

дәптер

Сергіту сәті.

 

Слайд көрсету

 «Көңілді күн»

Қимылдарды орындайды

интербелсенді тақта

Сабақты бекіту

Дыбыс сөзіне синквейн жазу тапсырылады.

Оқушылар бес жолды өлең құрастырады.

Құрастырған өлеңді оқиды.

дәптер

Рефлексия

«Бес саусақ»

Қағазға алақандарын

басып салып, әр саусаққа сабақтағы жасаған жұмыстарды жазу тапсырылады.

Әр топ оқушылары

А4 Қағазға алақандарын

басып салады,

сабақтағы жасаған жұмыстарын

жазады.

Парақтар,

қарындаш.

Бағалау

Әр топқа бір –бірін бағалау ұсынылады.

Бағалау парағын тексереді.

Әр топ бір-бірін бағалайды

Топ басшысы әр оқушының жұмысын бағалайды.

Бағалау парақшалары       

Үйге тапсырма

Үйге тапсырма

9-жаттығу.Керекті  сөздерді тауып жазасыңдар.Ереже жаттау.

Оқушылар  үй тапсырмасын жазып алады.

Күнделік

Өзіндік талдау

2-сыныпта 15оқушы бар.Оның 7 оқушы жақсы , 8  оқушы орташа оқиды.Сынып оқу дағдысы жағынан орташа деңгейді қамтиды. .Олар сабақ сайын  әр түрлі деңгейде жеке тұлғаны бағыттау жұмыстармен көп шұғылданады.Бүгінгі сабақтың тақырыбы:

    «Дауыссыз н мен ң »

Мақсаты:1.Білімділігі: Дауыссыз дыбыстардың айтылуы мен жазылуы және дыбыстау мүшелерінің қатысы туралы ұғымдарын кеңейту 2.Дамытушылығы:. Оқушылардың ой-өрісін кеңейту, ойлау , есте сақтау қабілеттерін дамыту , танымдық белсенділіктерін арттыру.

  1. Тәрбиелілігі:. Оқушыларды іздемпаздыққа, өз бетінше жұмыс ісеуге , еңбексүйгіштікке тәрбиелеу

4.Сабақтың түрі дәстүрлі сабақ

  1. Сабақта қолданатын әдіс – тәсілдер. жеке тұлғаны бағыттау әдісі
  2. Сабақтың көрнекілігі:икт
  3. Пәнаралық байланыс: дүниетану

   Сабақтың тақырыбы жаңа сабақты өту барысында орын алды . сабақтың өткен тақырыппен байланысы болды. Келесі сабаққа бұл сабақтың әсері бар. Сабақ жоспарланғанда оқушылардың ерекшеліктері ескерілді. Сабақтың құрылымы ұтымды шешілді. Сабақта уақыт әр кезеңіне ұтымды пайдаланылды. Сабақ кезеңдері  бір- бірімен қисынды, ұтымды байланысты болды. Сабақ мазмұнында екпін сабақтың негізгі бөлігінде көрсетілді. Сабақтың ең негізгі мәніне көңіл бөлінді. Білімді қабылдауда білімділік, іскерлік, дағдылық іс-әрекеттерін бақылау орташа дәрежеде болды. Сабақта ИКТ құралы қолданылды. Сабақта оқушылардың белсенділігі жасалған жұмыстары байланысты болды.   Сабақтың жалпы ұйымдастыру кезеңі өте ұтымды шешілді. Себебі, үй тапсырмасын тексеру тест бойынша жүргізіліп, оқушылар өздерін бағалап, қателіктерін анықтады. Берілген әріпті жұмбақ арқылы оқушылар жаңа тақырыптың құзіреттілігін стандартқа сәйкес ашты.сабақтың барысы жалпы жеке тұлғаны бағыттау технологиясы бойынша жүзеге асты. Себебі технология А ,В С, беттерінен тұрды. А беті орташа деңгейдегі оқушыларға, В деңгейі жақсы оқитындарға берілді. С беті а немесе в бетін ақтаған оқушылар қосымша жұмыс ретінде пайдаланды. Сабаққа қорытынды жасалады. Оқушылармен бірге мақсатқа жеттік пе жетпедік пе? Неге? Деген сөздер бойынша талқыланады.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Дауыссыз б мен п.
Ашық және қысаң дауысты дыбыстар
Дауысты дыбыстардың жіктелуі
Буын түрлері
Фонетика
Дауыссыз дыбыстардың түрлері
Дауыссыз дыбыстардың түрлері
«Дауысты дыбыс» бойынша тест сұрақтары
«Дауыссыз дыбыс» тақырыбы бойынша
Көкөніспен жемістер. Дауыссыз дыбыстар
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 11246 | Қосты: Лейменова Мадина Ариновна | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык