Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Сын есім және оның анықтамасы


Сын есім және оның анықтамасы

     Сын есім және оның анықтамасы

Сабақтың тақырыбы: Сын есім және оның анықтамасы.

Сабақтың мақсаты:

1.Сын есім туралы білімін тиянақтау; сөйлемнен, мәтіннен сын есімді табу дағдысын жетілдіру; сын есімнің зат есіммен байланысын анықтау; сөздік қорын молайту;
2.Заттың  сапасын, түрін, түсін  анықтау, ,сұрақ қоя білуге үйрету.

3.Бір-бірін тыңдай білуге, сыйластыққа тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, топтастыру,ойын.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Күтілетін нәтиже:

1.Сын есімнің сұрақтарын біледі.

2.Заттың түрін, түсін, сапасын аныктайды.

3. Сөйлемнен, мәтіннен сын есімді таба алады.

Көренекілігі: суреттер, ребустар, постер, стикер, маркелер

І. Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық:

Достығы жарасқан, сыйлы біз баламыз.

Келісіп бәрімен,  татулық табамыз.

Бәріміз бір болсақ, бәрінде жеңеміз.

Күндей боп күлімдеп, таудай боп өсеміз

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Өткенді қайталау.

    1.Сөздің одан әрі бөлінбейтін бөлігі?

2.Түбір сөзге не жалғанады?

3.Адамның көңіл күйін, сезімін білдіретін сөйлем?

4.Мағына жағынан өзара байланысты екі не одан да көп сөйлемнен құралады.

5.Етістіктің неше түрі бар?

ІІІ.Жаңа сабақ.

-Балалар ,біз өткен сабақта  сөз табының  тағы бір түрімен танысқан болатынбыз,қане еске түсірейік,қай  сөз табымен таныстық?

--------------(Сын есім)

-Дұрыс айтасыңдар.Сын есім дегеніміз не?

------------------------

    Сын есім ережесін қайталап, парақшамен жұмыс (сөйлем ішіндегі сын есімді табу).

-Жақсы,енді біз сөйлемдегі сын есімдерді таба білуді үйренеміз.

Көркем жазу
Қызыл, жасыл, шөп, ұзын, жуан, дәмді, биік, байырғы.
- Балалар, осы сөздердің арасында қай сөз сендерге таныс емес?
- «Байырғы» - бұрынғы, ежелгі деген мағынаны білдіреді.
- Осы сөздер қатарында қай сөз артық деп ойлайсыңдар? Неліктен?
- «Шөп» деген сөз артық, себебі ол - зат есім, қалғандары - сын есім.

IV .Оқулықпен жұмыс.

413-жаттығу.Бір зат есімге қатысты бірнеше сын есім тауып жаз.

Тақтай,көше,көл,жылқы,кесе.

жалпақ                                   кең                                терең

қалың               тақтай          ұзын          көше        ащы             көл    

тегіс                                       тар                                 тұщы

 

 

төзімді                                                               үлкен

семіз                жылқы                                     шұңғыл              кесе

қалың                                                                 оюлы
V. Сурет бойынша жұмыс
Суреттегі заттарды салыстырып, айырмашылығын сөйлем арқылы айт.
1. Қызыл кітап жуан, ал сары кітап жіңішке.
2. Пияз ащы, ал сәбіз тәтті.
3. Түнде қараңғы, ал күндіз жарық болады.
Берілген сын есімдер заттың сапасын білдіреді деген қорытынды жасалады.

414-жаттығу.Суреттегі заттарды сипаттап айт.

Доп ала,домалақ.Лимон сопақша,қышқыл.

415-жаттығу.Ребусты шеш.Шешуіндегі сөздің сын есім екенін дәлелде.

         З      

Түзу.Машина түзу жолға түсті.


VI. «Бір әріптің ізімен» дидактикалық ойыны
Берілген әріптермен сөйлем құрау, сөйлемде мүмкіндігінше сын есім болғаны жөн.
Мысалы, Әәәә - Әйгерім әдемі әңгелек әкелді.
Қққ, Ооо, Ссс, Ддд, Ттт, Еее, Жжж.
Ааа Ашулы арыстан ақырды. Бұл сөйлемдегі сын есім қандай? Ашулы деген сөзді басқаша қалай айтуға болады?
ашулы арыстан - ызалы арыстан
- Мұндай сөздерді қалай атайды? Мәндес сөздер, яғни мағынасы бір - біріне жуық сөздер дейді.
- Олай болса, сын есімдерге мәндес сөздер тауып, үлгі бойынша жазайық.
Ашулы, ызалы; әдемі, сұлу; күшті, мықты; ақылды, білгір; мөлдір, тұнық; үркек, қорқақ.
Берілген сын есімдерден туынды сын есімдерді тап, туынды екенін дәлелде.
Ашулы, ызалы, күшті, ақылды.
(Жұрнақ арқылы жасалған.)
VII. Қорытындылау
   Сын есім туралы не білеміз?
- Сын есім заттың түрін - түсін, сапасын білдіреді.
- Сын есімдерге қандай, қай деген сұрақтар қойылады.
- Сын есім сөйлемде зат есіммен байланысады.
- Сын есімнің негізгі, туынды түрлері бар.
- Туынды сын есім жұрнақ арқылы жасалады.

VIII. Бағалау, мадақтау
Сабаққа белсене қатысқан, ұтымды жауап берген балаларды оқушылардың өздеріне анықтау ұсынылады. Оларға қол шапалақтап, қошемет көрсетіледі.
IX. Үйге тапсырма
416-жаттығу.
1.  «Ат жарысы» тақырыбына әңгіме құрау,сын есімдерді пайдалану.

2. Ережелерді жаттау.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Дара және күрделі сын есім.
Сөз таптары
Сын есім
Сын есім
Зат есім
Сын есім
Сын есім
Сын есім
Сан есім
Қазақ тілінен тест
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 12319 | Қосты: Лейменова Мадина Ариновна | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык