Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Электрондық кестелер. Кестелік процессордың терезе интерфейсі. Электрондық кестелердің негізгі ұғымдары


Электрондық кестелер. Кестелік процессордың терезе интерфейсі. Электрондық кестелердің негізгі ұғымдары

Электрондық кестелер. Кестелік процессордың терезе интерфейсі. Электрондық кестелердің негізгі ұғымдары. Деректерді енгізу, редакциялау және пішімдеу.

Информатика пәнінен ашық сабақ жоспары

Пән мұғалімі: Жарылқасынова М.М.

Сабақтың тақырыбы: Электрондық кестелер. Кестелік процессордың терезе интерфейсі. Электрондық кестелердің негізгі ұғымдары. Деректерді енгізу, редакциялау және пішімдеу.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың ЕХСЕІ кестелік процессоры, негізгі түсініктер мен амалдар, Excel мүмкіндіктері, жұмыс кестесінің элементтері, жаңа құжатты сақтау, құру, ашу, берілгендерді енгізу және оларды редакциялау туралы білімдерін өздігімен қалыптастыру.

Тәрбиелік: Компьютермен ұқыпты жұмыс жасауға, жан - жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу.

Дамытушылық: Оқушылардың көре және ести отырып, есте сақтау және көру қабілеттерін дамыту, ойындар арқылы пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың типі:топтық жұмыс, топтар жаңа тақырыпты түсіндіреді, өзін-өзі бағалау

Пән аралық байланыс: тарих

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: Практикум элементерінің көмегімен демонстрациялау, баяндау арқылы түсіндіру.

Сабақта қолданылатын көрнекі құралдар: Компьютер, оқулық, интерактивті тақта

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: 1. Сәлемдесу, түгелдеу.

2. Оқушылардың құрал - жабдығын тексеру.

3. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Үйге берілген тапсырманы тексеру.

Өткен тақырыптар бойынша оқушыларға жеке карточкалар беріледі, онда бірінші бағандағы тақырыпқа сай, екінші бағандағы дұрыс анықтаманы сызып көрсету керек.

1-нұсқа

  1. Компьютерлік графика дегеніміз?

Компьютердің көмегімен жасалатын барлық суреттер, анимациялар, видеолар, диограммаларды, кестелерді айтады

  1. Растрлық графика көбіне қайда қолданылады?

Графика көбіне интернетте қолданылады

  1. Векторлық графика?

Негізгі элементі сызық болатын графиканың екі өлшемді түрі

  1. Фракталды графика өлшемі немен анықталады?

Графика өлшемі математикалық формулалармен анықталады.

  1. 3Д (үшөлшемді графика)?

ғылыми есептеулер, инженерлік жобалау және физикалық объектілерді компьютерде үлгілеу облыстарында кең таралған графика

4-5 сұрақ дұрыс болса — «5»

3 сұрақ дұрыс болса — «4»

1-2 сұрақ дұрыс болса — «3»

Бағасы:

Оқушы:

Мұғалім:

2-нұсқа

  1. Компьютерлік графика түрлері?

Екі өлшемді: векторлық, растрлық, фракталды

  1. Растрлық графика?

Негізгі элементі нүкте болып келетін графиканы түрі

  1. Векторлық графиканың негізгі элементі?

Негізгі элементі сызық, доға, геометриялық фигуралар

  1. Фракталды графика?

Негізгі элементі математикалық формулалар бола алатын графика

  1. 3Д (үшөлшемді графика)?

ғылыми есептеулер, инженерлік жобалау және физикалық объектілерді компьютерде үлгілеу облыстарында кең таралған графика

4-5 сұрақ дұрыс болса — «5»

3 сұрақ дұрыс болса — «4»

1-2 сұрақ дұрыс болса — «3»

Бағасы:

Оқушы:

Мұғалім:

Топтастыру: (топты таныстырады)

Процессор.

Лидер, яғни жұмыстың басы. Бір тақырыпты түсіндірмес бұрын, өмірдегі қарапайым мысалдардан бастағанды ұнатады. Компьютердің миы болғандықтан, барлық жұмыс осыдан басталады.

Негізгі қасиеттері: шыдамдылық, сыпайы және барлығына басшы бола алады.

Монитор.

Бұл негізгі жұмыстың бет бейнесі. Ол алдына нақты мақсат қойып, соған барлық қабілетін шоғырландырады. Ол өзінің және қарамағындағылардың жұмысын басшылыққа көрсете біледі. ең  басты қасиеті өзіне сенімділік. 

Пернетақта.

Барлық құрылғылардың ішінде ең жақсы қарым қатынасқа түсуші және тыңдаушы. Оған тән қасиеттердің бірі жоғары эмпатиясының дамығандығы мен сезімталдық. басқалардың қуанышы мен қайғысы өзінің басынан кешкендей сезінеді. Басты қасиеті адамдарға қолынан келгенше әрдайым көмек береді.

 

Жаңа тақырыпты түсіндіру. Оқушыларға үйге жаңа тақырыпты өздігімен оқып, түсіндіру берілген. Сол бойынша оқушылар, яғни топтар жеке-жеке жаңа тақырыпты түсіндіреді.Тақырып бойынша дайындалған презинтация арқылы түсіндіру.

1 топ. Процессор.

Балалық шақта біз, қоршаған ортаны зерттеу кезінде, ең алғаш сандармен қақтығысамыз. Қарапайым тапсырмаларды шеше бастаймыз: мысалға, сенде мынанша кәмпит бар, сен оның мынаншамасын досыңа бердің, сонда сенде қанша кәмпит қалды дегендей.

Өсе келе біз одан да қиын тапсырмаларды шеше бастаймыз. Егер әр өткізген күнімізге қарасақ, олардың біреуіде математикалық есептеулерсіз өтпеген. Мысалы,  дүкенде ақша санаймыз, қоңырауға қанша уақыт қалғанын, және сол сияқты есептеулерді біз мида есептейміз.

Егер сіздер қаржыгер, бухгалтер немесе менеджер болсаңыздар?

Ол кезде онша қиын емес есептеулерді шығарғанда калькуляторды пайдаланасыздар, ал одан да қиын есептеулерге кездескенде, электрондық кестелерге жүгінесіздер.

Сонымен, электрондық кестелер, бізге әртүрлі математикалық операцияларды  тез шығаруға және оларды басқаруға мүмкіндік береді.

Ал енді біз бүгін кестелік процессор EXCEL туралы айтамыз.

2 топ. Монитор.

MS Excel - сандық кестелермен жұмыс істеуге арналған Microsoft Office – тің құрамына кіретін программа. MS Excel - дегі ыңғайлы аспаптардың көмегімен алынған сандық мәндерді талдауға, сонымен қатар олардың нәтижесін кесте түрінде беруге болады. Есептеу кезінде 400 - ден аса математикалық, статистикалық, қаржылық және басқа да арнаулы функцияларды, әр түрлі кестелердің өзара байланыстарын қарастыруға болады.

MS Excel-дің қосылуы бірнеше әдістермен жүзеге асады. MS Excel қосылғаннан соң MS Excel терезесі ашылады (1 сурет).  Бас мәзірде негізінен, басқа да MS Office программаларындағы бөлімдерден құрылған.(1 сурет)

Оның Word мәзірінен өзгешелігі, Кесте орнына Мәлімет (Данные) алмастырылған. Аспаптар тақтасының төменгі жағында формула жолдары 1, бағандар аты 2, және электронды кестелер 3 орналасқан:

1 – жұмыс ұяшығының аты;

2 – бағандардың аты;

3 – жұмыс ұяшығы;

4 – жұмыс парағы;

5 – жол аты;

6 – парақ қаттамасы;

7 – басқа параққа ауысу батырмасы;

8 – формула жолы.

Жұмыс кітабы. Microsoft Excel файлы жұмыс кітабы деп аталады. Жұмыс кітабы терезенің төменгі жағына аттары таңбаша арқылы берілген парақ қаттамасының жұмыс парағынан тұрады.

Жұмыс парағы 256 бағаннан және 65 536 жолдан тұратын кесте түрінде беріледі. Жолдар сандармен нөмірленген, ал бағандар әріптерден және әріп комбинацияларынан тұрады. Алфавиттің 26 әрпінен кейін АА, АВ т. с. с. әріп комбинациялары басталады.

            Әрбір ұяшықтың жол атынан және баған атынан құрылған адресі болады. Кестенің әрбір ұяшығының мекені баған мен жол қиылысында орналасқан. Мысалы, егер ұяшық F бағанында және 7 жолында орналасса, онда оның мекені F7.

            Әрбір ұяшықтың жол атынан және баған атынан құрылған адресі болады. Кестенің әрбір ұяшығының мекені баған мен жол қиылысында орналасқан. Мысалы, егер ұяшық F бағанында және 7 жолында орналасса, онда оның мекені F7.

Жұмыс кітабын құру. Жаңа жұмыс кітабын құру үшін Файл менюіндегі Құру командасын таңдау керек. Ашылған диалогтік терезеде солардың негізінде құрылатын жұмыс кітабының қосымшасын, одан кейін шаблонды таңдау керек; соңынан ОК батырмасын шертіңіз.

Жұмыс кітабын ашу. Құрылған жұмыс кітабын ашу үшін Файл менюіндегі Ашу (Открыть) командасын таңдауыңыз керек, сол кезде Құжатты ашу диалогтік терезесі ашылады. Бума өрісінің тізімінен керекті жұмыс кітабы орналасқан дискіні таңдау қажет.

Төменде орналасқан тізім ішінен (екі шерту арқылы) кітап тұрған буманы және кітаптың өзін таңдау керек.

Үнсіз келісім бойынша xls кеңейтілуі және белгісі бар Microsoft Excel кітабының файлдары ғана тізімге шығады. Басқа типтегі файлдарды немесе барлық файлдарды шығару үшін Файл типі (түрі) өрісінің тізімінен сәйкес типті таңдап алу керек.

3 топ. Пернетақта.

Берілгендерді ұяшыққа енгізу. Алдымен тышқан курсорын енгізілетін ұяшыққа апарып шерту арқылы оны белгілеп алады. Сол кезде ұяшық қоршауға алынады, сонымен бірге формуланың сол жақ бөлігінде «А1» жазуы көрінеді. Осыдан кейін берілгендер енгізіледі.

Берілгендерді енгізу кезінде формула жолының сол жақ бөлігінде үш батырма тұрады, олар қызыл крест, жасыл белгі, және тең белгісі немес функция белгісі.

Егер қызыл кресті батырманы шертсеңіз, онда енгізу тоқтатылып, ұяшыққа енгендер өшіріледі. Егер  батырмасын шертсеңіз, экранда (4 сурет) Функция шебері (Мастер функций) сұхбат терезесі көрінеді. (оны біз алдағы сабақтарда оқимыз)

Берілгендердің ұяшыққа енгізілгеніне көз жеткізу үшін мына әдістердің біреуімен тиянақтау керек:

* Енгізу пернесін басу;

* Формула жолындағы символмен берілген батырманы басу;

* Басқа ұяшықтағы курсорды шерту;

* жұмыс ұяшығынан бағыттаушы пернелердің көмегімен шығу.

Кез-келген электронды кестенің ұяшығына

v  Сан;

v  Формула;

v  Мәтіндік (алфавиттік-сандар) ақпараттарды енгізуге болады.

Сан. Санның мәндері бүтін, ондық бөлшек, бөлшек болуы мүмкін. Оларға арнайы символдар қосылуы мүмкін: $, %, +, -, / және т.с.с. ұяшыққа сыймайтын үлкен сан енгізілсе, онда Excel ұяшықты ########### символдарымен толтырады, сондықтан санды толығымен көру үшін бағанды кеңейтуге тура келеді.

Формулалар: егер сіз = белгісімен басталатын символдар тізбегін терсеңіз, онда Excel оларды формула деп қабылдайды. Мысалы: Д5 ұяшығына формуланы  енгіздіңіз: =А5*В5, бұл ұяшықтың мәні А5 және В5 ұяшығындағы мәндердің көбейтіндісіне тең.

Мәтін. Егер сіз сан немесе формула емес символдар тізбегін енгізсеңіз, онда Excel оны мәтін деп қабылдайды. Мысалы: -55,69 немесе 5,36-—мәтін, =А5*В5 —формула, =А5*В5+жады- —мәтін.

Берілгендерді редакциялау. Ұяшықтардағы мәліметтерді редакциялаудың бірнеше әдісі бар:

1)      Ұяшықты белгілеп, курсорды қажетті орынға апарып, оны формула жолында редакциялау

2)      Ұяшыққа апарып, екі мәрте тышқанды шерту немесе ұяшықты белгілеп және F2 пернесін басу. Бұл жағдайда редакциялау тек қана ұяшықта болады.

Егер бағанның енінен мәтін ұзындау болса, онда ол келесі бос тұрған бағанда көрсетіледі.

Кестенің элементтерін белгілеу. Кестенің бір ұяшығы әр уақытта жұмыс істеп тұрады. Жұмыс істеп тұрған ұяшық қоршаумен белгіленеді. Ұяшықта жұмыс істету үшін бағыттаушы пернелермен курсорды осы ұяшыққа апару немесе тышқанды шерту қажет.

Жұмыс кітабын сақтау. Жұмыс кітабын сақтау үшін файл менюіндегі Сақтау командасын немесе Стандартты аспаптар тақтасының батырмасын шерту керек. Бірінші сақтау кезінде Құжатты сақтау диалогтік терезесі көрінеді, одан Бума өрісінің тізімінен диск, ал төменгі тізімнен кітап сақталатын бума таңдалады. Файл типі өрісінің тізімінде – кітап форматы сақталады. Файл аты өрісіне кітап атын енгізіңіз және Сақтау батырмасын шертіңіз.

Қайта сақтау кезінде Құжатты сақтау диалогтік терезесі шықпайды, кітап автоматты түрде сол файлда сақталады. Кітапты басқа атпен немесе басқа бумаға сақтау үшін Файл менюіндегі Қалай сақтау керек командасы таңдалады, сонда Құжатты сақтау терезесі шығады.

IV. Сергіту сәті

көздеріңізді жұмып, алақандарыңызбен жабыңыздар. елестетіңіз, ойша  ақ параққа тушпен өз атыңызды жазып көріңіз. егер бұл болып жатса, онда әріптеп жөніңізді, тегіңізді жазыңыз, әр әріпті нақты елестетіңіз. соңына нүкте қойыңыз.

V. Сынып жұмысы.

Ал енді оқушылар практикалық жұмысқа өтейік.

1 тапсырмаExcel программасын іске қосу, және оның негізгі ұғымдарымен танысу.

1)      Стандартты және пішімдеу аспаптар тақтасының барлық белгілерінің қызметін көріңіз.

2)      Басы А1 ұяшығы және соңы D5 ұяшығы болатын аумақты белгілеңіз.

3)      2 парақты (Лист 2 парағын) шертіп, 2-параққа ауысыңыз, 3-параққа ауысыңыз, 1-параққа қайта оралыңыз.

 

2 тапсырма.Берілгенді енгізу, редакциялау және рәсімдеу.

1)      Берілген тақырып бойынша кестені құрыңыз.

(әр оқушыға әр түрлі тақырыптар беріледі)

"Шығармашыл оқушы" (8 минут уақыт)

1-компьютер: Ақын-жазушылардың аттарына байланысты кесте толтыр.

2-компьютер: Күн жүйесіндегі планеталар туралы кесте толтыр.

3-компьютер: Оқушылардың отырған орындарына байланысты кесте толтыр.

4-компьютер: Сыныптағы мүліктің тізімін жасап, кесте толтыр.

5-компьютер: Апта күндері туралы кесте толтыр.

6-компьютер: 8-сынып оқушыларының тізімі туралы кесте толтыр.

7-компьютер: Өзіңнің сыныбыңа арналған сабақ кестесін толтыр.

8-компьютер: 8-сынып оқушыларының пайдаланылатын оқулықтары туралы кесте толтыр.

9-компьютер: Ай аттары туралы кесте толтыр.

10-компьютер:Мектептегі сабақ беретін мұғалімдердің тізімін жазып, кесте толтыр.

11-компьютер: Мектепке қажетті заттар бойынша кесте толтыр.

2)      А1 ұяшығына кестенің тақырыбын енгізіңіз.

Тақырыпты енгізу үшін алдын ала А1: Е1 аумағын белгілеңіз, содан кейін мына команданы орындаңыз: Пішім(Формат)Ұяшық(Ячейка)Қосымша(Вкладка)Ұяшықтарды біріктіру(Объединить ячейки)

3)      В3:Д6 ұяшықтар аумағына сәйкес сан мәндерін енгізіңіз

4)      Кестені сақтаңыз.

VI. Сабақты бекіту.

(оқушылар бүгінгі сабақ бойынша өз ойларын айтып, топ басшысы қорытындылайды)

1)      Электрондық кестелер қайда қолданылады?

2)      Excel программасын қалай іске қосамыз?

3)      Excel мен Word процессорынан айырмашылығы атаңыздар?

4)      Excel-дің жұмыс кітабы дегенді қалай түсінесіңдер?

5)      Кестеге енгізілгеннің мәндер емес, формула екенін Excel қалай анықтайды?

VIІ. Бағалау:

Оқушылардың өздері қойған бағалары мен мұғалімнің бағаларын салыстырып, ортақ баға шығарамын.

VIІІ. Үй тапсырмасы:

§26, §27 тақырыптары бойынша бақылау сұрақтарына дайындалу


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Excel-де жүргізілетін қарапайым амалдар. Автотолтыру әдісімен мәліметтерді енгізу
Енгізу автоматтандыру құралдарын пайдалану
Абсолюттік, салыстырмалы және аралас сілтемелерді қолдану. Excel программасының құралдарымен х3+6х2-15х+8=0 теңдеуінің шешімдерін есептеу
Құрама кестенің тұрғызылуы
MS EXCEL-ге берілгендерді енгізу және редакциялау
Excel электрондық кестесінде деректерді өңдеудің негізгі тәсілдерімен таныстыру
Excel кестелік процессоры. Негізгі ұғымдар мен амалдар. Excel-де деректермен жұмыс істеу
Ms Excel кестелік процессоры. Іске қосу, жұмысты аяқтау. Жұмыс кестесінің элементтері
Ms Excel-ге берілгендерді енгізу және редакциялау. Деректерді өңдеу, орын ауыстыру және көшірмелеу
Excel-дегі деректермен жұмыс істеу. Енгізу, сақтау, қорғау. Excel-дің графиктік мүмкіндіктері
Бөлім: Уроки / Информатика | Көрсетілім: 15077 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык