Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Әріптер айтысы


Әріптер айтысы

Әріптер айтысы

(Мектеп сахнасына арналған шағын көрініс)

Жеткеншек Меңдіғалиұлы,

№148 мектеп-гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Алматы қаласы

         (А әрпі ортаға бірінші болып шығады.Қалған әріптер де сахнаға жайлап шыға бастайды)

 А әрпі :  – О –хо-хо! Кім біздерді шашып тастаған? Кім біздерді шақырған? Қалғандары қайда?

Ұ әрпі: Кімдер?

  А: Дауыссыз атаның ұрпақтарын айтамын

Ұ әрпі: – Ей ,А, сен де қызық сұрақ қояды екенсің! Келмегенін көріп тұрсың ғой!

  А: – «Альфавиттің А тұрады басында». Мен жай ғана А емеспін! Ағаңмын, Ұрыншақ, ағаңмын! Сондықтан да қайда? деп сұрап тұрмын ғой!

Ұ әрпі: –   Қайда деп сұрап тұрсаңыз мен Сізге айтайын!

«Әріптер қайда?

 Қол жетпес Айда»,–

 Айға ұшып кетсей.

А әрпі :– Әй, Ұрыншақ -ай!Ұрыншақ! Ұрыншақ! Болды ұрсыса бермейікші!

Ұ әрпі: – Мен емес Ұрыншақ! Өзіңіз  ғо маған тиіскен, агашка!..

Ғ әрпі: –Әй, Ұрысқақ, Ұрыншақ,  мені атағаның не? Саған не жазып едім? Тыныш жатқан жыланның құйрығын басып, саған не болды!?  

Ұ әрпі: –Мә мыналар қашан келіп қалған ей,Ғарпылдақ, сен де сөйлейді екенсің ғой!  Не сені атауға болмай ма екен өзі?!  Өй,  Ғ, сен дауыссыз болсаң да біздей дауыстылармен дауласатының не?! Біріншіден, мен  сені айтқан жоқпын! Екіншіден,сенің аталас туысың Г-ні айттым ғой мен «агашка» деп!

Ғ әрпі:–Жоқ, қателесесің ,Ұрыншақ шырақ! Сен мені айттың, мені атадың! Ол қазақтың «аға» деген сөзінен шыққан. Демек Ғ яғни Мен болуым керек!

Ұ»әрпі : –Өй, сен де ғатырады екенсің ал ,ендеше! Әне Ш мен К-ні қарашы, аталса да үндемей тұрған жоқ па?!!

Ғ әрпі: –Олар жоқ қой олар ,Қашқындар! (пауза, айналасына қарайды) Ұрыншақ, жоқ деп тұрмын ғо!

Ұ әрпі : Өй, сен де қоймадың ғо, ғарп-ғарп етіп! Ғарпылдақ десе нағыз Ғарпылдақ екенсің!

Л әрпі: –Әй, Ұ  шырақ , сабыр суың сарқылып   шамданғаның не?! Сонша қатты кеттің ғо!?

Ұ әрпі : –Өзі ғо енді, тиісіп қоймай қойған. «Неге мені атайсың?! Неге мені айтасың?» деп нервома тиіп.

А әрпі: –Өй, нервоң бар болсын сенің!

«Ұ» әрпі: –(А-ға қарап)Туу, Сізге бірдеңе дедім бе?!

«І» әрпі: –Жоқ нерв(і) емес, не еді әлгі?!. (аспанға қарап қиялданып) Жүрегім... Туу, мен не деп кеттім?! Жүйкемді жұқартты десейші!

 

 «Ұ» әрпі : – А ...а...а...Иә, жүйкемді жұқартты, жүйкемді жұқартты! Жұқартқаны сонша,жұқалап-жұқалап дымын қалдырмады ғо!

Кіші м әрпі: Тууу, ұрыспайықшы осы!

«М» әрпі:  –Айналайындарым-ау, үндемесіме қоймадыңдар ғой!Осы жерге жетеуіміз ғана жиналыппыз! Қазақ  жетіні  киелі сан деп біледі. Сондықтан да ынтымықтастығымызды ығыстырмай, татулық туын көтерейік!

    Әріптер, әріптестер, айтыңдаршы,осы үйде сендерге бәрінен кім жақын  а?

Барлық әріптер:  –Әрине анамыз! (барлығы бірге)

«М» әрпі : –Ал сол аналарыңды былайғы уақытта қалай атайсыңдар?

«І» әрпі: – Ана яғни: мама, мама! М... м... сағыным кеттім анамды!

Барлық әріптер:  –Иә, Мама,мама, мама!

«М» әрпі : –Ендеше, тыңдаңдар! Сендердің аналарың яғни мамаларың  мейірімді болса, менің атым қазір Мейірім деп аталады. Сондықтан да, шырақтарым,төбе көрсеткен осы жетеудің біріншісі болып мен тұрайын жарай ма? («М» әрпі бірінші болып тұрады.)

Барлық әріптер: – Жарайды, келісеміз! (хормен айтады)

«Ұ» әрпі: – Ендеше, мен Ұ болсам, м...м...м...м...м (сәл ойланып) ұлағатты деген сөзді алайыншы ,әріптер?!   Тіл  заңдылығына сүйеніп мен екінші болайыншы  жарай ма? (Ұ әрпі екінші болып тұрады.)

Барлық әріптер: – Жарайды! OK!

 Ғ әрпі : –Жаңа мені Ұрыншақ  «Ғарпылдақ» деді ғо! Мен де жақсы сөзге ие  болғым келеді,достар?  Сондықтан да мені ғазиз  деп атаңдаршы?! (Ғ әрпі үшінші болып тұрады.)

«А» әрпі : –Ал мен – Ақылдымын!  Ағаларыңның ғой, все таке,   бәріңе ақыл айтатын.Сондықтан да мені Ақылды деп атаңдар! (А әрпі төртінші болып тұрады.)

«Ғ» әрпі : –Ақылды! Ал керек болса?!

«Л» әрпі: –Ал мен... мен... әр нәрсеге де лайықтымын деп ойлаймын өзімді! Бәрі де жақсы нәрсеге лайықты болсын!Сондықтан да мені Лайықты деп атасаңдар болады! (Л әрпі бесінші болып тұрады.)

«І» әрпі: –Мен қолынан іс келетін адамға іскер деген атау бергім келеді. Сондықтанда мені  Іскер деп атасаңдар   болады. Іскер! (І әрпі алтыншы болып тұрады.)

«М» әрпі: – Айналайындарым-ау, бағана сендерді  бірлікке шақыруды жаңа өзімнен бастап едім ғой. Енді  соны аяқтаудың реті келіп тұрған сияқты. Мына жерге бауырмалдастығымыздың көрсеткіші ретінде өз  інімді    қояйын. Ол маман деген сөзді иеленсін! Сендердің нағыз өз істеріңнің маманы болуларың бойларыңдағы осындай қабілеттерің мен қасиеттеріңе байланысты,шырықтарым. Сондықтан да әрқашан   өз істеріңнің мықты маманы болыңдар! (Соңғы м әрпі жетінші болып тұрады.)

Барлық әріптер: –Келісеміз,алақай! Біз– біргеміз!

«М» әрпі: – Жоқ, әлі де жиналуымыз керек. Келмей қалған басқа әріптерді де шақырып, оларды да алға қарай достастыру керек сияқты.

Барлық әріптер: –Иә, дұрыс айтасыз ,Мейірімді ханым! Сіздікі жөн! Рақмет Сізге! Ал әзірше осы тұрған бәрімізді қосып оқыса қандай қандай сөз шығады, құрметті көрермендер?

М – мейірімді
Ұ – ұлағатты
Ғ – ғазиз
А - ақылды
Л – лайықты
І – іскер
М – маман

Қойылым бітеді.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Қ дыбысы және әрпі
Дауыссыз дыбыс әріптерінің қолданылуы
А а дыбысы мен әрпі
Ә ә дыбысы мен әрпі
Р р дыбысы және әрпі
Сөйлеу не үшін қажет?
Удыбысы мен әрпі.
Аа дыбысы мен әрпі.
Ц ц дыбысы мен әрпі.
О дыбысы мен әрпі
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 2412 | Қосты: Меңдіғалиев Жеткеншек Меңдіғалиұлы | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык