Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі |
Көрсетілім: 13808 |
|
|
|
Ә ә дыбысы мен әрпі
Ә ә дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты: Ә дыбысы мен әрпін таныту.Оқушыларға ә дыбысы арқылы берілген сөздерді дұрыс оқып ,жаза білуге үйрету.
Ә дыбысына қатысты жаңа сөздерді білдіру арқылы оқушылардың жалпы ой-өрісін,тілін, танымын дамыту.
Ұқыптылыққа,әдемі жазуға ,дұрыс оқуға тәрбиелеу.
Түрі: аралас сабақ.
Әдісі:сұрақ-жауап,іздену әдісі,түсіндіру. топтастыру.
Көрнекілігі:аңдар суреті,қима әріптер,интерактивті тақта.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық.
(1-слайд)
-Қазір қай сабақ?(Әліппе)
-Сиқырлы тақтаның көмегімен сабағымызды бастайық.
-Балалар,сендер мына суретте нені көріп тұрсыңдар?
-Түлкіні.(2-слайд)
-Бұл түлкі бүгін сендерден көмек сұрап келіп тұр.
-Қу түлкі ормандағы барлық аңдарды алдап кеткен екен, үйіне бпрайын десе барлық аңдар жолына тұрып алыпты.
-Балалартүлкіге көмектесейік.
-Ол үшін мына жолда тұрған аңдардың тапсырмаларын орындайық.(3-слайд)
Өткенді қайталау.
Аң патшасы арыстанның тапсырмасы.(4-слайд)
Дыбыс пен әріптің айырмашылығы неде?
Өткен әріптерге байланысты өлең,мақал айту.
«Сөз ойла» ойыны.
Өткен сабақта қандай әріппен таныстық? (і әрпі)
-І әрпі қандай дыбыс? (дауысты,жіңішке)
Өткен сабақты қорытындылау. «Қандай дыбыс» ойыны.
Жаңа сабақ.
Қорбаңбай аюдың тапсырмасы:(6-слайд)
Таныстырар әріппен
Мынау кітап –Әліппең.
«Әліппең» беген аты оның
Басталған қай әріптен?(ә әрпі)
-Қане ,бәріміз бірге айтайықшы.
-Ә дегенде не естіліп тұр?(дыбыс)
«Кім тапқыр?» ойыны.
Бұрап қойған сағаттай ,айқайлайды тай атпай.(әтеш)
-Кім айтады әтеш қалай шақырады?
Буынға бөлу.Ә-теш,1-ші,2-ші буындарды ата.
Біздің сыныпта есімдері Ә әрпінен басталатын оқушылар бар ма?
-Әсия
Сергіту сәті.
Киік тапсырмасы: Оқулықпен жұмыс.(7-слайд)
Қасқыр иапсырмасы:(8-слайд)
1.Бағандағы сөздерді оқыту.
2. «Әже» мәтінін оқыту.
Дәптермен жұмыс.Ә әрпінің элементтерін жазып көрсету.
Арқар тапсырмасы(9-слайд)
Дәптерімізді ашайық,
Қолға қалам алайық,
Салақтықтан қашайық,
Әдемі етіп жазайық.
Ауада жазып көрсету.
«Буынды жалғастыр» ойыны.
Сөзде неше әріп бар екенін цифрмен көрсет.
Сабақты қорытындылау.
Қоян тапсырмасы:(10-слайд)
-Мына екі қоян әріптерді бөлісе алмай тұр.
-Қане, балалар, біз екі қоянға әріптерді бөліп алуға көмектесейік.
Венн диаграммасы.
Дауысты дыбыс
Ұқсастығы:екеуі де дауысты дыбыс.
Айырмашылығы:Жуан,жіңішке айтылады.
Сабаққа жақсы қатысқан оқушылырды мадақтау.
Үйге тапсырма: бағандағы сөздерді оқып келу, «Менің әжем» тақырыбына әңгіме құрастыру
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
|
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |