Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Гидросфера туралы ұғым. Дүние жүзілік су айналымы.


Гидросфера туралы ұғым. Дүние жүзілік су айналымы.

 Гидросфера туралы ұғым. Дүние жүзілік су айналымы.

 Сабақтың тақырыбы: Гидросфера туралы ұғым. Дүние жүзілік су айналымы.

Сабақтың мақсаты:- білімділік: Оқушыларға «гидросфера» туралы  ұғым беру. Дүние жүзілік су айналымы және оның маңызы жайлы оқушылардың білімдерін кеңейту және тереңдету. Литосфера ,атмосфера,гидросфераның байланыстары жайлы алғашқы мәліметтер беру.

-дамытушылық: Ойларын жинақтай білуге,өз бетімен еңбектену іскеліктерін,ойлау қабілеттерін картамен жұмыс істеу бағдарларын дамыту.

-тәрбиелілік: Жолдастарына көмек беру, пәнге қызығушылығын арттыру,тапқырлыққа белсенділікке табандылыққа табиғи ортаны аялай білуге, экологиялық саналылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың көрнекілігі: Дүние жүзінің  физикалық картсы,глобус, атлас, электронды оқулық,суреттер,интерактивті тақта.

Сабақтың барысы: І-Ұйымдастыру бөлімі.

                                ІІ-Үй тапсырмасын тексеру. (бес тапсырма)

                                ІІІ-Жаңа тақырыпты түсіндіру.

                                ІV-Бекіту.

                                V-Қорытынды.(кесте арқылы)

                                VІ-Үйге тапсырма.

                               VІІ-Бағалау.

  І-Ұйыдастыру бөлімі.

  ІІ-Үй тапсырмасын тексеру.

Нашар оқитын оқушыларға жеке жұмыс. Карточкаларды үйлестіру.(5)

 

Сойлемді толықтыр.

1.Жер шарын жан-жағынан  атмосфера  деп аталтын ауа қабығы қоршап жатыр.

2.Атмрсфера  қабаттары: тропосфера, стратосфера, атмосфераның жоғарғы қабаттары.

3.Ауаның жер бетіне түсірген салмағы атмосфералық қысым  немесе ауа қысымы деп аталады.

  1. Адам  4000м  (40 км)биіктікке көтерілгенде қан тамырлары жарылып, мұрнынан қан кетеді, есінен танады. 

 

1-тапсырма.

Ауаның құрамындағы пайыздық үлесіне қарай газдардың диаграммаға атауларын жаз.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                       

2-тапсырма. Бұл қандай газ?

 

 

Тыныс алуға,жануға қатысатын,тіршілік үшін маңызыды газ

 

Оттегі

 

 

 

Өсімдіктердің минералдық қорегі болып табылатын газ

 

Азот

 

Жерді жылытуға қатысатын газ

 

 

        Көмір қышқыл газы

 

3-тапсырма. Сызбаны толтыр.

4-тапсырма. Тест:

 1. Атмосферадағы оттегінің проценттік (%) құрамы: А) 78 % В) 21%С) 0,03 %

2. Майда мұз кристалдарынан тұратын бұлттар: А) шарбы бұлтВ) будақ бұлтС) қабат бұлт

3.Табиғат құбылыстары болатын ауа қабаты: А) биосфераВ) атмосфераС) тропосфера

4.Озон қабатының бұзылуы, климаттың өзгеруі-бұл: А) экологиялық проблема В) шикізат проблемасы С) азық-түлік проблемасы

5. 1м3 ауа құрамындағы су буының мөлшері. Ол граммен көрсетіледі. А) салыстырмалы биіктік В) абсолюттік ылғалдылық С) салыстырмалы ылғалдылық

6. Ауаның көбі қай қабатта? А) тропосфера В) озон  С) стратосфера

7.Ауаның жер бетіне жақын қабатындағы булар су тамшыларына айналғанда А) қысым

В) тұман С) бұлт

8. Аспанды  бұлттың торлау дәрежесін А) бұлттылық В) тұман С) конденсация

9. 2 км биіктікке дейін түзелетін ........ бұлт аспанды түгелдей торлап алады да, одан ұзаққа созылатын ақ жауын жауады. А) шарбы В) будақ С) қабат

10.Ылғалдылықты өлшейтін құрал: А) барометр В) гигрометр С) спидометр

 

ІІІ-Жаңа тақырып.

Жаңа тақырыпты жұмбақ арқылы ашу.

Тұлпар емес – тулайды,

Тоғай емес – шулайды.(су)

                                                                                                Бесігі – бұлт

                                                                                                Бейіті – жер (жаңбыр)

 

Жүгіреді, аяндайды

Еш жерге аялдамайды( өзен)

 

§38 Гидросфера туралы ұғым. Дүние жүзілік су айналымы.

Жоспар:

1) Гидросфера туралы ұғым.

2) Дүние жүзілік су айналымы.

 

Гидросфера-«гидро»-су, «сфера»-шар деген мағынаны білдіреді.

1) Гидросфераның құрамына:атмосфералық жауын–шашын, мұхит, өзен, көл, мұздық,жер асты суы,теңіз,батпақ)

 

  Гидросферадағы барлық судың мөлшері-1,6 млрд км3.

    Тұщы су-2,5%

Тұзды су-97,5℅.

 Судың төрт қасиеті бар:1)Құрлыққа қарағанда жылуды су баяу жинайды,соған орай  жылуды баяу береді. Осыған байланысты қыс мезгілінде-мұхиттар құрлыққа жылу береді,ал жаз мезгілінде-салқын әкеледі.

2)Су көптеген заттарды ерітеді. (оқушылар мысал келтіреді)

1)      Су ағыны жер бедерін өзгертеді.(мысалы өзен ағыны)

2)      Су-тірі ағзалардың құрам бөлігі. Мысалы-Өсімдіктер массасының-80-99%, жануарлар массасының-75%. Адам ағзасында-65%

 

Жердегі тіршілікке себепші су болып табылады. Ең алғаш суда ең алғашқы тіршілік –бактерия суда пайда болды.

Дүние жүзілік су айналымы дегеніміз-судың мұхиттан құрлыққа және құрлықтан мұхитқа үздіксіз ауысу процесін айтамыз.

Антуан де Сент –Экзюпери:“Су! Сенің не дәмің жоқ, не түсің жоқ, не иісің жоқ, сені сипаттау мүмкін емес, сенің қанадай екеніңді білместен, сенімен шөл қандырады! Сені өмір сүруге қажетті деуге болмайды, өйткені сен өзің өмірсің. Сен - әлемдегі ең басты байлықсың”

ІV.Жаңа сабақты бекіту. «иә», «жоқ»

1. Гидросфера ауа қабығы

2. Су жер шарының 71% алып жатыр

3. Тұщы су судың 2,5% құрайды

4.Азот гидросфераның құрамы

5.Табиғаттағы су айналымы: үлкен және кіші болып бөлінеді.

 

V-Қорытынды

 

Білемін

Білдім

Нені түсінбедім

Білгім келеді.

 

 

 

 

 

V І-Үй тапсырмасы:

  1. §38 оқу
  2. Эссе «Гидросфераның адамзат үшін маңызы» (4-5сөйлем)
  3. Су туралы мақал-мәтел және жұмбақ жазу.

 

VІІ-Бағалау.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Гидросфера туралы ұғым. Дүниежүзілік су айналымы
Атмосфералық жауын-шашын
Биосфера туралы ұғым
Гидросфера туралы ұғым. Дүниежүзілік су айналымы
Гидросфера - жердің су қабығы
Гидросфера және дүниежүзілік су ресурстары. Су айналымы
Атмосфераның құрамы мен құрылысы. Атмосфералық қысым
Гидросфера туралы ұғым. Дүниежүзілік су айналымы. Дүниежүілік мұхит және оның бөліктері
Гидросфера туралы ұғым. Дүниежүзілік су айналымы
Гидросфера
Бөлім: Уроки / География | Көрсетілім: 5191 | Қосты: Даулетова Эльвира Ерболатовна | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык