Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Сыни тұрғыдан ойлау


Сыни тұрғыдан ойлау

Сыни тұрғыдан ойлау

Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы

Благовещенка №2 орта мектебінің

бірінші деңгей мұғалімі

Ипова Акмарал Сулейменовна

Коучингтің тақырыбы: «Сыни тұрғыдан ойлау»

 

Сыни тұрғыдан ойлау модулі бойынша  коучинг сабағының жоспары.

 Қыркүйек 2014 жыл

3апта

4-ші күн

Коучинг тақырыбы:

Сыни тұрғыдан ойлауға алғашқы қадамдар

Мақсат:

 Сыни тұрғыдан ойлауға алғашқы қадамдар жасау

Сілтеме:

Мұғалімдерге арналған нұсқаулық 20-21 б.

 

Күтілетін нәтиже:

Әріптестеріме сыни тұрғыдан ойлау модулі туралы түсінік қалыптасады; Оқу мен оқыту үрдісін жақсарту мақсатында сабақтарында сыни тұрғыдан ойлау модулін қолданатын болады.

Сабақта қолданылатын материалдар:

 

Слайд-презентация, үлестірме қағаздар, суретшілердің суреті,

түрлі-түсті стикертер

Оқыту әдістері:

Жаңа әдістер

Сұрақ-жауап, түсіндіру әдісі

«Болжау» стратегиясы,

«Ой толғау» тапсырмасы

Дерек көздері:

Мұғалімдерге арналған нұсқаулық

Тапсырмалар:

Топтық  талдау, болжау, тапсырмаларға ат қою, салыстыру,  зерттеу

 

Сабақ бойынша коуч пен мұғалімдердің іс-әрекеті

І. Психологиялық ахуал туғызу (2 мин)

Коучтың іс-әрекеті

Көтеріңкі көңіл орнату үшін «Мен елімді сүйесін» тренингін ұйымдастырамын.

Егер сіздің досыңыз болса, көршінің басын сипаңыз;

Егер сіздің үйіңізде мысық болса, өз басыңызды сипаңыз;

Егер сіз, иттерді жақсы көрсеңіз көршіңізді құшақтаңыз;

Егер сіз құстарды жақсы көрсеңіз, қолыңызды созып, құстарша қанат қағыңыз.

Егер сіз өз мектебіңізді жақсы көрсеңіз, аяғыңызды топырлатыңыз;

Егер сіздер Отанымызды жақсы көрсеңіздер, алақандарыңызды соғыңыздар!

Рахмет.

Мұғалімдердің  іс-әрекеті

Мұғалімдер жүргізушінің соңынан сұрақтарға іс-қимылдар арқылы жауап беріп отырады.

Ұйымдастыру кезеңі

Топтарға бөлу

«Менің ұнататын әуенім». Осылайша тәуелсіз топтарға бөлінудің арқасында әртүрлі адамдар бір топтың астына бірігеді.

 Жүргізуші әртүрлі әндердің аттары жазылған қағаздарды қатысушыларға таратады. Әуен жүрген кезде қолдарында жазылған ән аттары бойынша топтарға бөлінеді. Тапсырмалар орындаған кезде топ мүшелері өзара ақпараттармен алмасады, пікірталас  жүреді.

       

Коучтың іс-әрекеті

Мұғалімдердің  іс-әрекеті

«Болжам» стратегиясы

Топтарға бірдей тапсырма беріледі.Тапсырманың тақырыбы: «Аққу».  Оларға тірек сөздері таратылады: аққу, ұя, балапан, жұмыртқа.(Слайд 3)Осы тірек сөздерді пайдаланып әңгіме құрастыру керек.

 Топ спикерлері тапсырмаларды қорғайды. Топтардың жауаптарын тыңдап болғаннан кейін слайдқа «Аққу» тақырыбына жазылған мәтін шығады (Слайд 4) Әрбір топ тапсырмаларын қорғағаннан кейін басқа топтар бағалап отырады. Топтардың бір-бірін өзара бағалауында қиындықтар туындады. Себебі оларға алдын ала бағалау критерилері берілмеген-ді.Осы жерде бағалаудың түрлерін, бағалау критерилеріне тоқталып, талқыланды.

 

Коучтың  іс-әрекеті

Мұғалімдердің  іс-әрекеті

«Ой толғау?» тапсырмасы

Топтарға  әртүрлі суреттер беріледі. Суреттерге зерттеп, ондағы ой мен мағынаны ашу керек.

Әріптестерім ең алдымен жұпта, кейін топтың ішінде суреттердіталқылайды. Осы сурет арқылы автор не айтқысы келгенді туралы толғанады. Әртүрлі көзқарастар айтылады.

 

Коучтың  іс-әрекеті

Мұғалімдердің  іс-әрекеті

Суреттерді қорғау

Уақыт өткеннен кейін әрбір топ өздеріне берілген тапсырмаларды қорғайды.

Топтар өздерінің пікірін, көзқарасын білдіреді.

Рефлексия

«Аспаз»

Қатысушыларға «Аспаз» кері байланысы ұсынылды. (10 слаид)

 

 Мұғалімдер бүгінгі сабақ арқылы не білгендігі туралы, әлі де қарастыратын мәселелері жайлы жазады. Әркім өз пікірлерін ұсынады.

 


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Топтық жұмысты ұйымдастыру арқылы оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыру
Топтық жұмысты ұйымдастыру арқылы оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыру
Сабақтағы кері байланыс
Сыни тұрғыдан ойлау құралдары. «Ой өзгермей, адам өзгермейді» Сыни ойлау
Тіл мәдениеті
Шешендік сөздер өміршеңдігі
Тіл тазалығы - сөз дәлдігі
Білім берудегі Кембридж тәсілінің теориялық негіздері
Саясат және билік
Lesson Study әдісі
Бөлім: Уроки / Коучинг | Көрсетілім: 3525 | Қосты: Ипова Акмарал Сулейменовна | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык