Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Паскаль бағдарламалау тілінде сызықтық бағдарлама құру


Паскаль бағдарламалау тілінде сызықтық бағдарлама құру

Паскаль бағдарламалау тілінде сызықтық

бағдарлама құру

Сабақтың тақырыбы: «Паскаль бағдарламалау тілінде сызықтық бағдарлама құру»

Сабақтың мақсаты: оқушыларды Паскаль тілінде сызықтық бағдарламалар құруғаүйрету, компьютерде есептің нәтижесін алуға дағдыландыру; 

Білімділік: оқушыларды сызықтық бағдарламаның құрылымымен таныстыру, бағдарламаны құруды үйрету;

Дамытушылық: Есте сақтау қаблетін дамыту, теориялық білім негізін практикамен ұштастыра білуге үйрету;

Тәрбиелік: пәнге деген қызығушылығын арттыру;

Сабақтың түрі:           жаңа сабақты меңгерту;

Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақта қолданылатын әдістер:түсіндірмелі-иллюстративті, сұрақ-жауап, баяндау, көрсету, топпен жұмыс, компьютермен жұмыс.

Сабақта қолданылатын құрылғылар:         интерактивтік тақта, ноутбуктар, оқулық

Сабақтың барысы:

  1. ұйымдастыру кезеңі (2 мин)
  2. үй тапсырмасын тексеру (7 мин)
  3. жаңа сабақты түсіндіру (15 мин)
  4. сергіту сәті (2 мин)
  5. компьютермен жұмыс (12 мин)
  6. қорытынды (5 мин)
  7. рефлекция (2 мин)

І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды түгелдеу, назарын сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Екі топқа бөліп, деңгейлік тапсырмалар беру.

А-деңгейі

Қосымша құрылғыларды басқару принцептері

В-деңгейі

Қосымша құрылғыларының қызметі

С-деңгейі

Компьютер құрылғылары нешеге бөлінеді. Оларды ата.

 

III. Жаңа сабақтарды түсіндіру

Қысқаша теория

«Паскаль» тілі туралы тарихи мәліметтер

1968 жылдың соңына қарай  профессор Никлаус Вирт Паскаль тілінің ең бірінші версиясын ойлап тапты. Паскаль программалау тілі француз математигі және физигі Блез Паскальдің құрметіне аталған. 1642 жылы «Қосу машинасы» деп аталатын арифметикалық амалдарға арналған машина ойлап тапқан.  

  • 1972 ж. –Паскаль  тілінің алғашқы нұсқасы жарыққа шықты.
  • 1975 ж. стандартты Паскальдың  Turbo Pascal 3.0 программалау тілі пайда болды. Ол график құруға арналған.

Мұндағы Turbo сөзі ағылшын тілінен  аударғанда  үдету, тез, жылдам деген мағынаны білдіреді.

Паскаль бағдарламаның тілінде сызықтық бағдарлама жасамас бұрын келесі түсініктемеге тоқталайық:

Паскаль  бағдарламалау    тілінде  операторлар қарапайым және құрама болып бөлінеді:

Операторлар Begin және end операторлардың ішіне алынып жазылады:

Сызықты бағдарлама қарапайым операторлардан тұрады.

 Сызықты бағдарлама жазу үшін келесі операторлар қолданылады:

 :=                                      меншіктеу операторы;

Readln «қатарды оқу» дегенді білдіреді. Readln – енгізу операторы

Writeln      -       шығару операторы.

 

          Program- тақырып бөлімі

          var   айнымалыларды сипаттау  бөлімі

          begin        басы

           Readln                       енгізу операторы

              :=                       меншіктеу операт                негізгі бөлім

            writeln                     шығару операторы

          end.           Соңы

Әр жолда  «;» таңбасы қойылады.

Мысал: Екі бүтін санды қосып, қосындысын экранда шығару.

Есептің берілгені:
 

 

Осы прграмманың  орындалуын оқушыларға түсіндіру.

Есептің Паскаль тіліндегі программасы:

Program esep1;

Var x,a,b: integer;

Begin

Readln (a,b);

X:=a+b;

Writeln (x);

Оқушыларға орындататын есеп.

 

№1 есеп

Екі санның көбейтіндісін табуға программасын құру.
 
Program kobitu;
Var a,b,y:integer;
Begin
readln(a,b);
Y:=a*b;
Writeln(y);
End.

 

  1. Сергіту сәті.

 Қауіпсіздік ережесін еске түсіру. Компьютерде дұрыс отыру ережесі туралы бейнежазба.

Топпен жұмыс. Сынып екі топқа бөлінеді.

І-топқа.

Өрнектің мәнін табу.

Программасы :

Program esep2;
Var a,b,x:integer;
Begin
readln(a,c);
x:=a+5/c;
Writeln(y);
End.

 

ІІ топқа.

№2 Екі санның бөліндісін табу программасын құру керек.

Программасы :

                  Program bolindi;

                  Var x,y,z,: integer;

                     Begin

                  Readln(x,y);

                   z:=x*y/25;

                   Writeln(z);

                   End.

  1. Компьютермен жұмыс

 

Осы құрған программамызды компьютерден шығарамыз.

3. Turbo Paskal программасында сызықтық программаларды құру.

Turbo Paskal программасы жүктеу үшін Turbo.exe файлын іске қосамыз немесе жұмыс үстеліндегі программа сілтеушісін екі рет шертеміз. Сол кезде 1-суреттегідей экран пайда болады.

1-сурет. TurboPaskal программасының көрінісі.

1 мысал:

 

1)    F9(программаны орында)  пернесін басамыз.

2)      Айнымалыларға  мән енгізу керек.  Мысалы,   9  5 сандарын енгізіп, enter пернесін басамыз.

3)    Экранға  у-ның мәні  шығады.

VI.  Сабақтың қорытындысы

Жұмбақтар :

  1. Кемірушіге ұқсайды сырт бейнесі,
    Түсі оның сұр, құйрығы ұзын.
    Ойланып білгіш болсаң жауап берші,
    Қалай деп аталады оның аты. (тышқан)
  2.  Ұзынтұра Жалқаубек,
    Тұрмай ылғи жатады.
    Қозғала қалса артынан,
    Ешбір белгі қалмайды. (бос орын пернесі)
  3.  Бұтақ орнында мың бір инесі,
    Компьютер жаны мекені (кактус)
  4.  Биологияда бұл паразит,
    Көзге зорға көрінер.
    Информатикада өлшем бірлік
    Ақпаратты өлшер (бит)
  5.  Егер білсең айта қойшы,
    Бұл қандай құрылғы
    Ақпаратты қағаздағы,
    Компьютерге енгізеді (сканер)
  6. Тетігін бассаң алаңсыз,
    Жазады қалам, қағазсыз (пернетақта)

VII.Рефлекция.

  1. Не ұнады?
  2. Не қиын болды?
  3. Сабақта түсінгенім.

VIII.Үйге тапсырма. Бағалау. Сызықты программа. Үш бұрыштың ауданын табу.

 У= a2+b2

 

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Таңдау операторы
Программалау – алгоритмнің формальді орындалу тәсілі.Алфавит.Программа синтаксисі. Арифметикалық амалдардың жазылу ережесі.
Сызықтық алгоритмдерді программалау
Паскаль тілінің қарапайым операторлары
Паскаль бағдарламалау тілінде сызықтық бағдарлама жасау
Паскаль – бағдарламалау тілі
Сызықтық алгоритмдерді программалау
Көп өлшемді жиымдармен (массивтермен) жұмыс
Паскаль тілінің параметрлі қайталану операторы (практикалық сабақ)
Паскаль тілінің параметрлі қайталану операторы (практикалық сабақ)
Бөлім: Уроки / Информатика | Көрсетілім: 4797 | Қосты: Дарибаева Нургуль Конысбековна | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык