Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Сандар қатары


Сандар қатары

Сандар қатары

Тақырыбы: «Сандар қатары»

Сабақтың мақсаты:

1) Білімділік: Сандар қатары,  бір және екі таңбалы сан туралы түсінік ұғымдарын қалыптастыру.Сандар қатары құрылуы заңдылықтарының анықталуының сандарды салыстыру үшін пайдалануын қалыптастыру, әр түрлі тапсырмалар орындату арқылы нақты білім қалыптастыру.

2) Дамытушылық :  Оқушының ойлау қабілетін, есте сақтауын, логикалық ой  өрісін, пәнге қызығушылығын, ауызша есептеулерін дамыту.

3) Тәрбиелік: Достыққа, татулыққа, бір - біріне көмектесуге,  сандарды әдемілеп жазуға, өз бетінше жұмыс істеуге, ұқыптылыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

Түрі: аралас сабақ.

Көрнекілігі: анаграмма,плакат, сандар қатары,геометриялық фигуралар.

Сабақтың барысы

 І. Ұйымдастыру бөлімі .

ІІ. Психологиялық дайындық.

Жалқаулықты тастаймыз,

Сабақты біз, әрдайым,

Тек көңілді бастаймыз.

Білім жолымен жүреміз,

Арасында ойнап та, күлеміз,

ІІІ. Өткенді қайталау.( Миға шабуыл)

Қазір қандай мезгіл ?

Көктемде неше ай бар ?

Наурыз айында қандай мейрамдар бар ?

Бір аптада неше күн бар ?

ІҮ. Ережемен  таныстыру.

Тыныштық сақтау.

Бір бірін тыңдау.

Қол соғу.

Ойын ашық айту.

Ү.Жаңа сабақ.

0 - ден 10 - ға дейін тура санау.

10 - нан  0 - ге дейін кері санау.

0 -ден  10 - ға дейінгі шашыраған сандарды орнына тізіп қою.

Түсіндірме жұмыс.

Бұл тізіліп тұрған сандар сандар қатары болады.Сол ретпен орналасады.Осы сандар ішінде тек бір цифрмен бейнеленген сандар қайсысы, атап жіберейік.( 0,1,2,3,4,5,6,7,8,9) Бұл сандар бір таңбалы сандар деп саналады.

---- Ал, сандар ішінде екі цифрмен белгіленген сан бар, ол қай сан  екенін атаңдар.

--- 10 саны.

 ----- Дұрыс айтасыңдар.10  саны қандай екі цифрмен  белгіленіп тұр ?  (1,0 )

------10  саны екі  цифрмен белгіленгендіктен , екі таңбалы сан деп аталады. Бүгінгі біздің жаңа сабағымыз " 0   және  10 сандары".Енді осы сандарды қалай түсінгендерінді тексеріп көрейік.

І тапсырма."Сандардың көршісін тап."

Кіші көршім оң жақта,

Үлкен көршім сол жақта.

Тұрушы еді қасымда ,

Қайда кеткен жан жаққа ?

0     2     4      6     8      10 .                                         1     3     5      7      9

ІІ тапсырма." Венн диаграммасы".

( онға дейінгі сандардың ішіндегі тақ және жұп сандарды атаңдар.)

          Тақ                             сандар                          Жұп

1 3 5 7 9                                                                    0 2 4 6 8 10

ІІІ тапсырма. Логикалық есеп.

Табақта 5 алма

Қолымда  3 алма

Барлығын қосқанда

Болады неше алма    (  8  )

ә) Тал басында тізіліп,

     Он жапырақ тұр еді,

     Жел соқтыда үзіліп

     Ұшып кетті бесеуі ? ( 5  )

ІҮ тапсырма. Санамақ сұрау.

Ү тапсырма."Геометриялық фигурадан ұя құрастыру"

ҮІ тапсырма. Ойын: " Кім жылдам"

Шарты: Мен бір балаға орамалды беремін,ол бала мына жердегі бір тапсырманы орындап ,орамалды келесі балаға береді.Тапсырма біткенше ойын осылай жалғасады.

10  >                               9  >                           4 >

8 <                                    > 7                            10 =

  < 2                              0 <                                 3 >

 

ҮІІ тапсырма."Есептеп тап."

Қосу менен азайту

Ойды анық , таза айту.

Сөз қысқа да, ой нұсқа,

Нәтижесін дәл айту.

ҮІІІ тапсырма. Анаграмма шешу.

а х р е м т                  0 у қ ы ш а л р

2 3 1 5 4 6                 1 3 2 5 4 7 6 8

ҮІІІІ Қорытындылау. Балаларға сыйлық беру.

Батыс Қазақстан облысы

Теректі ауданы

Федоровка ауылы.

Федоровка қазақ жалпы орта білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі

А.Н.Батырқайырова.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Үш таңбалы сандарды оқу, жазу, және салыстыру.
Үш таңбалы сандарды оқу, жазу, және салыстыру.
І тарау. Натурал сандар және нөл саны. Натурал сандардың жазылуы.
«Бұрыш, тікбұрыш, тіктөртбұрыш».
Қызықты математика
7 саны мен цифры
0- 7 сандары
Сиқырлы сандар
3 көлемінде санау
9 санын қосу және азайту
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 11298 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык