Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Объектілерді іздеу. Бумалар мен белгішелерді құру. Атын өзгерту.


Объектілерді іздеу. Бумалар мен белгішелерді құру. Атын өзгерту.

Объектілерді іздеу. Бумалар мен белгішелерді құру. Атын

өзгерту.

Сабақтың тақырыбы:Объектілерді іздеу. Бумалар мен белгішелерді құру. Атын өзгерту.

Сабақтың мақсаты:   

Білімділік:Оқушыларға нысанды іздеуге, бумалар мен белгішелерді құру жолдарын, атын қандай жолмен өзгертуін және жылжыту дағдыларын меңгерту.

Дамытушылық:Оқушылардың компьютерге деген қызығушылығын арттыру. Оқушылардың ойлау қабілеттерін, танымдық белсенділігін арттыру, компьютермен жұмыс істеу шеберлігін одан әрі қарай шыңдау және осы сабақта алған білімдерін пайдалана білуге ықпал жасау.

Тәрбиелілік: Оқушыларды тәрбиелілікке, жүйелілікке, ұқыптылыққа, іскерлікке, тиянақтылыққа үйрету.

Сабақ түрі: аралас сабақ

Әдіс-тәсілдер: түсіндірмелі – иллюстративті,  сұрақ –жауап

Пәнаралық байланыс қазақ тілі, орыс тілішет тілі                                            

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: Дербес компьютер, оқулық, жұмыс дәптері,

                                                                                үлестірмелі қағаздар,Activslate, Активстудио

                                                                                Тест ИВТ- электронды тест бағдарламасы.

Сабақтың  барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, түгелдеу, жаңа сабаққа зейінің аудару.

2. Өткен материалды қайталау сұрақтары:

Дайын тест бағдарламасы арқылы тексереміз.

Операциялық жүйе ұғымы. Файлдар, бумалар және белгішелер.

  • Операциялық жүйе дегеніміз не?
  • Операциялық жүйеде бағдарламалар қандай батырма арқылы іске қосылады?
  • Файл дегеніміз не?
  • Бума дегеніміз не?
  • Белгіше дегеніміз не?

3.Жаңа тақырыпты түсіндіру

 

    Жаңа тақырыпты түсіндірмес бұрын, алдымен жасырылған сөздерді орыс тіліндегі нұсқасының аудармасын қазақ тілінде табу арқылы тақырыпта қолданылатын терминдерді жазып, тақырыпты ашу. (әріптерді жылжыту арқылы сөздер табу)

     Жасырылған сөздер: Нысан, Бума, Белгіше, Атын өзгерту

     Ашылған терминдерден жаңа тақырыпты жазу.Объектілерді іздеу. Бумалар мен белгішелерді құру. Атын өзгерту.

Объектілерді іздеу

     Іске қосу батырмасын басу арқылы біз Іздеу(Найти немесе поиск) командасын орындап, іздеген буманың атын енгізіп, Enter пернесін басамыз.

Жұмыс үстелінде жаңа бума құру

       Жұмыс үстелінің жаңа қапшықты орналастырмақшы болған жерінде Тышқан құрылғысының оң жақ батырмасын басу арқылы— контексті меню пайда болады.

Создать => Папка командасын орындау. Жұмыс үстелінде жаңа бума пайда болады.

Буманың атын енгізіп, енгізу пернесін басу керек.

Құрылған буманың белгішесін жасау

     Жұмыс үстелінде құрылған бумаға тышқан құрылғысының оң жақ батырмасын басу арқылы контексті мәзір пайда болады. Осы мәзірде Создать ярлык командасын орындаймыз.

 

4.Жаңа сабақты түсінгенің тексеру.

 

Тапсырма №1.

Сократ бағдарламасын қолдану арқылы терминдердің ағылшын тіліндегі аудармасын табу. Жауабы:

                            1.Нысан – Объект – object

                            2.Бума- Папка- folder

                            3.Белгіше – Ярлык- label

                            4.Атын өзгерту - Переименовать – fart refer to as

 

Тапсырма №2. Бума және белгіше құру

Жұмыс үстелінде «6а сынып» деген атпен бума құрыңдар.Осы бумаға белгіше құру қажет.

 

Тапсырма №3. Буманы іздеу

«6 а сынып» бумасын іздеу жүйесімен табыңдар

 

Тапсырма №4. Буманың атын өзгерту

«6а сынып» атты буманың атын «Информатика» деп өзгертіндер.

«Информатика» атты буманың көшірмесін жасандар.

Құрылған буманы жылжыту және өшіру амалын орындандар

 

Тапсырма №5. Активстудио бағдарламасында орындау

Жасырылған сөздерді сұрақтарға жауап беру арқылы тауып, қарындаш құрылғысының көмегімен сызып көрсету және интерактивті тақта суретіне тізіп жазу.

5.Сабақты бекіту сұрақтары:

 

  • Объектіні қай батырмамен іздейміз?
  • Буманы қандай амал арқылы құрамыз?
  • Белгішені өшіру пернесінің атауын тап?
  • Белгішені жылжыту құрылғысын көрсет?
  • Бума мен белгішелердің атын қай командамен өзгертеміз?

(іздеу, құру, тышқан, delete, атын өзгерту)

6.Сабақты қорытындылау.

Оқушылар компьютердеТестИВТ бағдарламасымен тест тапсырады.

 

7.Оқушыларды бағалау

 ТестИВТ бағдарламасы арқылы алынған тест қорытындысын талдап, оқушыларды бағалау.

 

8.Үйге тапсырма:

1. «Объектілерді іздеу. Бума және белгішелер құру. Атын өзгерту» тақырыбына

5-10  сұрақтан тұратын тест құрастыру.

 

 

Алматы облысы, Жамбыл ауданы,

Тұрар Рысқұлов атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен

коммуналдық мемлекеттік мекеме

 

Бекітемін:

Мектеп директоры

________________

Г.Т.Жилангозова

 

 

 

 

Объектілерді іздеу.

Бума мен белгішелерді құру. Атын өзгерту

 

 

(6 а сынып. Информатика)

 

 

Пән мұғалімі

Тұрғынбаев Мұхтар Атанұлы

 

 

 

 

 

 

Ұзынағаш ауылы

 

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Объектілерді іздеу. Объектілерді көшірмелеу, орнын ауыстыру. Алмасу буфері
Бумалармен белгішелерде құру. Атын өзгерту. Объектілерді көшірмелеу, орнын ауыстыру және жою
Обьектілерді іздеу. Обьектілерді көшірмелеу, орнын ауыстыру және жою. Алмасу буфері Нысандармен жұмыс істеу
Файлдар мен қапшықтар
Файлдар, бумалар және жарлықтар
Бумалармен және файлдармен орындалатын негізгі операциялар
Файлдар мен қапшықтар. Қапшық құру. Таңбашалар
Файлдар, қапшықтар және таңбашалар
Файлдармен жұмыс
Файлдар, бумалар және жарлықтар
Бөлім: Уроки / Информатика | Көрсетілім: 3592 | Қосты: Тургынбаев Мухтар Атанович | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык