Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Линзалар. Линзаның оптикалық күші.


Линзалар. Линзаның оптикалық күші.

Линзалар. Линзаның оптикалық күші.


Сабақтың  тақырыбы : Линзалар. Линзаның оптикалық күші.

Сілтеме мен технологиялар 3 Электрондық оқулық ,8 сынып физика, технокодтар, әдістеме кітаптар, физикалық құралдар, зертханалық дәптерлер; Сто , АКТ, Дарынды оқушымен жұмыс. (Үлгерімі нашар оқушымен жұмыс)Оқыту мен бағалау.

Сабақтың жалпы мақсатын анықтау 4 Оқушыға линза деген не? Оның физикалық ұғымын, түрлерін техникада қолданылуын , өмірде қажеттілігін, медицинада пайдалануын білдіре , түсіндіре отырып нақты білім беру, алған білімінің нәтижесін практикада өз мәселесін шешуде қолдана алу...
Күтілетін оқу нәтижелері 5 Физикалық шамаларды, дұрыс айтуға, жазуға, физикалық шаманың өлшем бірлігін Х.Б.Ж- жаза білетін ,анықтаманы физикалық тілде қабылдайтын,олардың арасындағы физикалық ,математикалық байланыстарды анықтай алатын ,сын тұрғысынан ойлана отырып теориялық білімдерін практикада жұмсай білетін , есеп шығару тәсілдерін білетін, талдауды, жобалауды,өлшеуді, сабақ туралы пікір тастауды ,шешім шығаруды, бағалауды орындай алатын тұлғаны оқыту.

Түйінді идеялар 6 
Оптикалық линзаларды қолдана отырып салыстырады,жарық сәулесінің қос дөңес линзада сынуы, қосойыс линзада сынуын экспериментте бақылай отырып,линзаның оптикалық күшінің анықталу формуласын түсіне отырып, өз идеяларын түйіндеп , постермен қорғай отырып сабақты түйіндейді.

Формула:Д=1/f
Д-оптикалық күші (1диоптрия-1дптр)
f-фокустық қашықтық

Тапсырмалар 7 Э.О-тан шағылу, сыну заңдарын, линза түрлерін қарастыру.параграф соңындағы сұрақтарды топпен талдай отырып , өздерін бағалауды қамтамасыз ету. (оқуды бағалау) Бірлескен топтық жұмыс, жұппен жұмыс.
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
«Көпір»тапсырмалары өткен тақырыптар бойынша жаңа сабақты меңгеруге негіз болатын қайталау тапсырмалары 1.Жаңа сабаққа «түрткі» болатын тапсырма үй тапсырмалары
2.Сабақты нашар меңгерген оқушыларға арналған тексеру парағы 
«Семантикалық карта» тапсырмасы. 
2.сыну заңына эксперименттік тапсырма беріледі
3.шағылу заңына эксперименттік тапсырмалар беріледі
4.Ой-қорыту тапсырмалары( сөз жұмбақ шешу)

Жаңа сабақты топтық жұмыс барысында оқушылардың өз бетімен меңгеруіне жағдай жасау: 1 -ші топқа бөлу : 
1-көктем 2-жаз
3-қүз
4-қыс
Сабақтың тақырыбына шолу жасай отырып оқушыларға нұсқау беру. 1) Жинағыш линза дегеніміз не?
2) Линзаның фокус аралығы дегеніміз не?
3) Линзаның оптикалық күші дегеніміз не?
1.Постермен қамту.
2.Эксперименттік жұмыс жасауға құралдар үлестіру.
3.Блум таксономиясымен бағалау парағын үлестіру .(«Білу», «Түсіну»«Қолдану» ,«Талдау», «Жинақтау» , «Бағалау»)

Жаңа материалды оқып үйрену. 
Линзалар деп екі сфералық бетпен шектелген мөлдір денені айтады.Жасалуына, қолданылуына қарай линзалар бір сфералық және бір жазық бетпен шектелуі мүмкін.Линза барлық оптикалық аспаптардың негізгі бөлігі болып табылады.
Линзалардың екі түрі бар: өзінен өткен сәулелерді жинайтын жинағыш линза, жинағыш линзаның шеттеніне қарағанда ортасы қалыңдау, яғни дөңес болып келеді.
Шашыратқыш линзалардың ортасы шеттеріне қарағанда жұқа, яғни ойыс болып келеді.
Линзаны шектеп тұрған сфералық беттердің С және С центрлері арқылы өтетін түзуді линзаның оптикалық бас осі деп атайды.
Оптикалық осьтің бойында линзаның центрінде жатқан О нүктесі линзаның оптикалық центрі деп аталады.
Жинағыш линзаның бас оптикалық осіне параллель сәулелер линзадан өткеннен кейін сынып, бас оптикалық осьте жиналатын нүктесі линзаның фокусы F деп аталады.
Линзаның центрінен фокусқа дейінгі ОҒ арақашықтықты линзаның Ғ фокустық қашықтығы деп атайды. 2Ғ нүктесі екі еселенген фокустық қашықтық деп аталады.
Линзаның фокусында бас оптикалық оське перпендикуляр фокустық жазықтық орналасқан.
Шашыратқыш линзаларда сынғаннан кейін, сәулелер линзадан жинақсыз шоқ түрінде шығады. Шашыратқыш линзалардың фокусы – жалған, өйткені онда линзадан өткен сәулелер емес, олардың созындылары қиылысады.
Линзаның негізгі сипаттамаларына оның Ғ фокустық қашықтығы мен фокустық қашықтығына кері шама-линзаның D оптикалық күші жатады:
D= .
Мәтінді оқушылар талдап ,оқып ой жинақтап топтарымен постер қорғайды.

 

Бағалау 1.көпір тапсырмасы 2балл
2.Білу-түсіну 2балл
3.Талдау-жинақтау 4балл
4.Қолдану 4балл
Рефлексия: Линзаның өмірде қолданылуын атап өтіңдер.
Линзаның оптикалық күші неге тең?

Үйге тапсырма : параграф соңындағы 1-6 сұраққа даярлық жасап келу,169-сурет сызып топтар арасында, көпір тапсырмасын орындағанда пайдалану..


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Токтың жұмысы мен қуаты Джоуль- Ленц заңы.
Жылу, электр және жарық құбылыстары
Физикадан компьютерлік практикум
Физика және эксперимент
Архимед күші. Денелерінің жүзу шарты
Физика және астрономия пәнінен КТЖ. (Колледждегі ФС тобына арналған.)
Электр тогы
Оптикалық құралдар
Лазер
Аспан денелері презентация
Бөлім: Уроки / Физика | Көрсетілім: 16236 | Қосты: Бейсенбиева Хадиша Наурызбековна | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык