Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Гималай тауына шығу


Гималай тауына шығу

Гималай тауына шығу

Сыныптан тыс жұмыс
«Гималай тауына шығу»
Мақсаты: Оқушылардың материалды меңгеру дәрежесін тексеру, пәнге деген қызығушылығын арттыру, логикалық ойлау қабілетін дамыту оқушыларды бауырмалдылыққа, бір-бірін сыйлауға табиғатты аялауға, қорғауға, сүюге тәрбиелеу.
Кіріспе сөз.Армысыздар құрметті ұстаздар мен оқушылар. Әрбір адам туғанынан арманшыл болып келеді және саяхатшыл болып келеді. Кімде-кім қызықты сапарларға шығуды армандамаса, сол адам біздің ғаламшар табиғатының құпиялары мен сырларын ашуға талпынбайды деген сөз. Әлемді танып білгің келсе, географияны оқып-үйрен.
Табиғат сен тіршілік, тұнып тұрған,
Сен күнсің көтерілген күліп қырдан
Сен көлсің, сен ормансың сен бұлбұлсың
Адамға сұлулықты шын ұқтырған дей отыра бұгінгі сайысымызды бастаймыз. Бүгінгі сайыста 7 сыныптар қатысады.
Ойын кезеңдері:
• І – кезең. Таныстыру.
• 2 – кезең. Түймедақ жазықтығы
• 3 – кезең.«Белес» 
• 4 – кезең. «Ғажайып алаң»
• 5 – кезең. «Өткелден өту»
• 6 – кезең. «Пантомимо шаткалы»
• 7 – кезең. «Асу»
• 8 – кезең. «Джомалунгма шыңына шығу»
Дайын болсақ бастайық:
1 – кезең. Таныстыру. (2 мин)
Алдымызда 7-сыныптар арасынан екі топ шығып отыр. Әр топ өз-өздерін таныстырады: 
- Топтың аты:
- Эмблемасы;
- Ұстанымы;
Топтардың таныстыруы бойынша әділ-қазылар бағалайды. Жоғарғы ұпай - 10. 
(екі топтың әрқайсысы өздерін таныстырады, әрқайсысы 1 минуттан ).
2 – кезең. Түймедақ жазықтығы
Алдарыңызда Түймедағы гүлі орналасады. Гүлдің жапырақшаларында сандар беріледі, әр жапырағының артында 1-сурақтан беріледі. Әр топтан кезек-кезек сұрақтарды таңдап, жауап береді. Әрбір жауап үшін 5 ұпай. Топ жауап бере алмаса келесі топ жауап беру арқылы, ұпайды өзіне жинайды. Ойын шарты түсінікті болса бастайық;
№1. Жер шарындағы ең терең шұңғыма қайда орналасқан және ол қалай аталады? (Тынық мұхитында, Мариан науасы 11022 м)
№2.Ежелгі Солтүстік жарты шардағы континент қалай аталды және оның құрамына қай материктер енді? 
(Лавразия, Еуразия мен Солтүстік Америка материгі)
№3. Жер бетіндегі теңіз деңгейінен ең төмен жатқан нүкте қалай аталады және ол қай материкте орналасқан?
(Еуразия материгінде, Өлі теңіз -403 м);
№4. Дүниеж.үзіндегі ең ыстық температура қай жерде тіркелген? 
(Африка материгі, Әл-Азизия қаласы +58°С)
№5. Дүние жүзіндегі ең биік сарқырама қалай аталады және ол қай өзенде, қай құрлықта орналасқан?
(Оңтүстік Америка, ориноко өзені, Анхель сарқырамасы 1054 м)
№6. Дүниежүзіндегі ең биік толысу қалай аталады және оның биіктігі қанша?
(Фанди шығанағы 18м)
№7. Дүниежүзіндегі ең үлкен үңгір қалай аталады және ол қайда ораласқан?
(Флинт-Мамонт үңгірі 500 км, Аппалач тауында орналасқан).
№8. Дүниежүзінің ең тұзды теңіз қалай аталады және оның тұздылығы қанша?
(Қызыл теңіз, 41%0)
№9.Дүниежүзіндегі ең ұзын тау жүйесі қалай аталады?
(Анд тауы және ол Оңтүстік Америкада орналасқан)
№10. Еуразия материгінде жауын-шашын ең көп түсетін елді мекен қалай аталады және жауын-шашын мөлшері қанша?
(Черепунджи елді-мекені, 12 мың мм)
3 – кезең.«Белес» 

Алдарыңда берілген суретте тау және оның биіктігі көрсетілген. Сендерге А,Б,В,Г нүктелерінде ауа температурасы қанша екенін табу керек. Есептің шартын тыңдап алыңдар:
Егер жерден әрбір 100 м көтерілген сайын температура -06°С төмендесе, ондажерден 1 км биіктікке көтерілгенде ауа температурасы -6°С төмендеп отырады. Егер жердің бетінде температура +20°С болса, А,Б,В,Г нүктелерінде температура қанша?
1-топ (Альпинистер) А және Г нүктесіндегі, 2-топ (Аспан сферасы) Б және В нүктесіндегі температураны табу керек? Ойлануға 2 минут уақыт: әрбір дұрыс жауап 10 ұпаймен бағаланады. (оқушылар ойланғанша 5б-сыныбының оқушыларының орындауы бойынша күй. Абенова, Аскарова – күй тартады) 
Жауабы:
А – (+14°С);
Б –( -4°С);
В – (-10°С);
Г – (-16°С);
4 – кезең. «Ғажайып алаң»
1-топ - Альпинистер
10. Дүниежүзіндегі ең қуатты суық ағыс
20.Африка құрлығында ірі тау жүйелерінің болмау себебі не?
30.Көл батыстан шығысқа қарайсозылыңқы орналасқан, Еуразия материгіндегі ерекше көлдің бірі, тұздыжәне тұщы сулар кездесетін 
бірегей көл. Бұл қандай көл?
40.Бұл жерде тұсбағардың Магниттік тілі қай жаққа бұрылсаң да тек 
Солтүстік нүктені көрсетеді. Ол қай жер?
2-топ- (Аспан сферасы)
10.Жердің шар тәріздес екенін кім дәлелдеген? 
20.Ф.Магеллан алғаш рет дүниежүзін айналып шығусаяхаты 
кезінде Оңтүстік Американың оңтүстік шетімен бұғаз 
арқылы өтеді. Бұл кезде көптеген отты алауды
көреді. Кейбіреулері оны жағалаудағы алау, басқалары жарылған қайықтың оты деп ойлайды. Осы саяхатынан кейін Ф. Магеллан бұл жерді не деп атады? 
30. Ніл өзенінің көп бөлігі әлемдегі ең үлкен шөлдердің бірі
Сахара шөлі арқылы ағып өтеді. Шөл арқылы ағып өткен 
өзендердің көбі жаз мезгілдерінде тартылып, арналары 
кеуіп қалады қалады. Бірақ соған қарамастан Ніл өзенінің 
суы бірқалыпты деңгейде болады. Ежелгі уақытта мұның
Сырын түсінбеген мысырлықтар оны қасиетті деп
санаған. Сендердің ойларыңша, бұның басты себебі не?
40. Егер Австралия құрлығын 90°шығысқа бұрсақ, 
онда Сидней қаласы қандай климаттық 
белдеуде орналасар еді? 
• 5 – кезең. «Өткелден өту»
Тақтада 6 материк беріледі және оның астында екі топқа әр түрлі терминдер мен атаулар берілген, топтан кезек-кезек оқушылар шығып, берілген кестенің ішіндегі атаулар қай материкке қатысты екенін анықтап, сол материкке орналастырады.
№ 1-топ 7 «ә»Альпинистер
2-топ 7 «а» (Аспан сферасы)

1 Пампа Прерий
2 Кайот Лама
3 Уссурий жолбарысы Пиранья
4 Виктория регия Вельвичия
5 Кампос Сельвас
6 Анхель Ниагара
7 Айдаһар Аппалач
8 Намиб Атакама
9 18,2 млн км2 54,2 млн км2


Топтар ойланғанша 5 б сынып оқушысы Абенова Рабиға мен Аскарова Гүлденнің орындауында күйді қабыл алыңыздар.
• 6 – кезең. «Пантомимо шаткалы»
Партаның үстінде 10 шақты қағаз жатады, 2 топтан оқушылар кезек-кезек шығып қағазда жазылған сөзді мимика, қимыл-қозғалыс немесе дыбыс арқылы түсіндіру керек. Егер оқушы сөзді айтып қойса онда жауап қабылданбайды. Әрбір дұрыс жауап 5-ұпай.

• Күн 
• Тау
• Сарқырама 

• Панда
• Ағаш
• Толқын
• Адам

• Жанартау атқылады
• Жел соқты
• Күн бұлттанды
• Жаңбыр жауды
• Күн аязды
• Маймыл ағашқа өрмелемеді
• Екібастұз
• Бәйтерек
• Жер сілкінді
• Үндістан
• Қытай
• Үндіс
• Зауыттың түтіні

7 – кезең. «Асу»
• Берілген мәтіннен 6 қатені табу керек.
• Біздің экспедиция көптеген қиындықтарға кездесе отырып Амазонкаға жетті. Дүниежүзіндегі мол сулы өзеннің мөлдір суы Тынық мұхитына құяды екен. Одан әрі өтіп ну ормандарға келдік, үлкен жапырақтардың арасынан керіктің басы көрінді. Шалғындардың арасынан ызыңдаған шыбынның ызыңы естілді, бұл це-це шыбыны екен. Бөгелместен ары қарай кеттік, біздің соқпақтан алыста шөп арасына қашқан кенгуру көрінді. Күн ыси түсті, батыс желдің әсерінен жауын жауып, жердегі қара топырақ езіліп, жүру қиындады. (Ән айтылады)
• 8 – кезең. «Джомалунгма шыңына шығу»
Әр топқа екі конверт берілді конвертің ішінде аргументтер берілген, аргументтерге ойланып 3 инут ойланып жауап беру керек Күй тартылады
Аргументтер:
Егер мен табиғат қорғау министрі болсам
Егер мен туристік фирманың президенті болсам
Көрермендермен ойын жүргізіміз.
сендер сұраққа дұрыс жауап беру арқылы топтарыңа 5 ұпай жинап бере аласыңдар.
1. Жер шарындағы ең үлкен арал (Греландия)
2. Жағалауын дүниежүзілік мұхиттардың барлығы шайып жатқан материк? (Еуразия)
3. Қай материкте өзен жоқ ? (Антарктида)
4. Бұл түбекті «Африка мүйізі» деп атайды ?(Сомали)
5. Бұл жерде әлемнің ешқай жерінде кездеспейтін құстар бар. Гейзерлер аңғары Камчаткада, Исландия және АҚШ-тың Йоллоустон ұлттық паркінде және осы елден көруге болады. Аборигендер тілінен Аотеароа – «Үлкен ақ бұлттар елі» деп атайды, ұлттық тағамы гейзердің ыстық суында пісірілген ет пен жеміс. Бұл қай ел (аңа Зеландия)
6Амазонка өзенінде кері ағыс неліктен болады және ол қалай аталады? (Амазуну)
6. Оңтүстік америка символы атанған жануар (Лама)
7. Оңтүстік-шығыс азиядағы жойқын дауыл (тайфун)
8. Қала мемлекет (сингапур)
9. Солтүстік және Оңтүстік Амриканы бөліп тұрған канал (Панама)
10. .Жер шарындағы түрлі түсті теңіздерді білесіңдер ме?


Бағалау парағы
№ Ойын кезеңдері Альпинистер Аспан сферасы Ұпайлар саны
1 • Таныстыру.• 5-ұпай
2 Түймедақ жазықтығы 5*5
3 Белес 10
4 Ғажайып алаң 100
5 Өткелден өту 10
6 Пантомимо шаткалы 5
7 Асу 5
8 Джомалунгма шыңына шығу 10
Қортынды


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Тігін машинасын жұмысқа дайындау.
Білім додасы
Дүние жүзі тарихы
8-сынып, Дүние жүзі тарихы
Қорытынды сабақ
Оңтүстік Америкаға саяхат
Нөлмен аяқталатын сандарға көбейту және бөлу
Теріс сандарды қосуға есептер шығару
Жас географ сайыс
Үйсіндер тақырыбын қайталау
Бөлім: Уроки / География | Көрсетілім: 2648 | Қосты: Худас Рина | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык