Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Денелердің электрленуі.Электр заряды. Электр зарядының сақталу заңы Электроскоп.Электр өткізетіндер және өткізбейтіндер.


Денелердің электрленуі.Электр заряды. Электр зарядының сақталу заңы Электроскоп.Электр өткізетіндер және өткізбейтіндер.

Денелердің электрленуі.Электр заряды. Электр

зарядының сақталу заңы   Электроскоп.Электр

өткізетіндер және өткізбейтіндер.

Сабақ тақырыбы:  Денелердің электрленуі.Электр заряды. Электр зарядының сақталу заңы   Электроскоп.Электр өткізетіндер және өткізбейтіндер.

Сабақтың мақсаты: 1. Денелердің электрленуі, электр заряды туралы ұғым енгізу,Электроскоп пен электрометрдің құрылысымен,жұмыс істеу                                      принципімен таныстыру.

  2. Электр өткізгіші мен өткізбейтін материалмен таныстыру.

 3. Электр өрісі ұғымын түсіндіру, оның техникалық және практикалық

                                         маңызымен таныстыру.

Сабаққа қажетті құралдар: эбонит,шыны, пластмасса таяқшалар,жүн,тері,жібек мата,  электроскоп,  экран гифропроектор

Сабақтың түрі:   аралас сабақ.

Сабақтың әдісі:  а) ауызша баяндау.

                                ә) демонстрация.

      «Бақылау  және тәжірибе физикалық білімдер көзі»      Г.Галилей

 Сабақтың барысы:

   1.Ұйымдастыру.

   І.Ой қозғау стртегиясы: Жылу мәшинелері  тарауына қысқаша шолу.

ІІ.Еске түсіру стратегиясы:1.Іштен жану қозғалтқыштары  деп қандай қозғалтқышты айтамыз?

2.Іштен жану қозғалтқыштары қайда қолданылады?

3.Іштен жану қозғалтқыштарының түрі, айырмашылықтары

№1Жылу қозғалтқыштары қыздырғытан 100Дж жылу мөлшерін алады да, 75дж жылуды тоңазтқышқа береді.Машинаның пайдалы әсер коэффиценті қандай?

№2. 1,89 * 10Дж жұмысты орындау үшін тракторға 4,2 * 10Дж /кг меншікті жану жылуы бар 1,5 кг отын қажет болса,трактор двигателінің ПӘК-ін табыңдар.

№3.Қуаты 36 кВт іштен жану двигателі 1 сағатта 14 кг керосин жұмсаған.Двигательдің ПӘК-ін табыңдар.

ІІІ.Ойды дамыту стратегиясы:

        

                       Бүгінгі таңда не көріп жүрміз?

ІІІ.Байланыс  стратегиясы:

1.Жылу машиналарын қолдануда экологиялық мәселелерді қалай шешуге болады?

Бүгінде «Жасыл экономика» тіркесі өмірімізге денлеп ене бастады.Бұл ретте баламалы энергия көздерін пайдаланудың ұтымды жолдары кеңінен қарастылуда

Жел күшін пайдаланып, энергия өндіру ісі күн тәртібіне батыл қойыла бастады      

Өнертапқыш қидың газымен үй жылытуда  Байғанин  ауданындағы «Мерей и К» Ақтөбе облысы,Шалқар ауданы  жел мен күн энергиясын пайдаланып   отыр.                                                                            

Елімізге «ЭКСПО – 2017»  Ха­лық­­аралық көрмесін өткізу мәрте­бе­сі бұйырған сәттен бері оған әзір­лік те басталған болатын.  2017 жылдың маусымы мен қыркүйек айлары аралығында 100 елден келетін 5 миллионға жуық қатысушы  Астанада болашақ энергиясын тал­қыға салатыны аян. Шілде айында көр­менің логотипі анықталды. Ұйым­дас­тырушылардың айтуынша, «ЭКСПО – 2017» Ұлттық жоба болғандықтан, жаңа логотипті қазақ­стандықтар өз­дері таңдағаны жөн деген шешім қабылданыпты. 

Баршаға мәлім, 9 мен 22 шілде күндері аралығында «Астана ЭКСПО – 2017» ҰҚ» АҚ-ның сайтында «ЭКСПО – 2017» Халықаралық ма­мандандырылған көрмесінің жаңа ло­готипі үшін халықтық дауыс бе­руі өтті.

«Төрт ай бойы 18 елдің 27 дизай­нерлері «ЭКСПО – 2017» көрмесінің жаңа бейнелемесін жасаған болатын, барлығы 56 логотип дайындалды. Оның ішінде ең үздік деген жетеуі іріктеліп, халықтың назарына  ұсынылды. Әрбір ұсынылған логотип бірнеше талапқа сай келеді: 4-5 жылға өзекті болу, көрменің тақырыбын білдіру, халықаралық талаптарға бағытталу.

Ал дауыс беру қоры­тын­дысы  бойынша «Жасыл энергия» және «Жел энергиясы» атты екі озық үлгі анықталды.

Мем­ле­кеттік комиссияның шешімі­мен «ЭКСПО – 2017» Халықаралық ма­ман­­дандырылған көрмесінің жаңа фирмалық белгісі ретінде «Жел энергиясы» логотипі бекітілді.

                                   

ІҮ Мағананы тану стратегиясы    Жаңа сабақ.

І.Осы заманда “электр” және “электр тогы” сөздерi әрбiр адамға таныс. Электр тогы транспортта, тұрмыста, зауыт, фабрикаларда, ауыл шаруашылығында және т.б. қолданылады. Бiрақ оның табиғатын түсiну үшiн көптеген электрлiк құбылыстармен танысу керек.

Егер  пластмасса тарақты немесе қылқаламды киімге үйкесеңдер оның қағаз қиындысын  тартатынын  көруге болады     

Құрғақ  шүберекпен сүртілген айна, шыны мен пластинка тозаңы және басқа ұсақ бөлшектерді өзіне тартады.Синтетикалық  киімді шешкенде, шытырлаған дыбыс естиліп ,ал қараңғы  бөлмеде тіпті жарқылды да байқайсындар. Міне бұл құбылыстар өте ертеден белгілі болған.Біздің заманымызға дейінгі 600-жылдары ертедегі гректер сары янтарьдың ерекше қасиетін байқаған Сол кезде гректер құрғақ, қатты шайыр күйдегі янтарь ( грекше электрон)  өндірген.Янтардь теріге немесе жүнге үйкегенде, ол біраз уақыт бойы шашты, жапырақты , асықтың  сабағын ,талшығын өзіне тартқан.Гректер осы шайырды «элктрон» , ал оған қатысты құбылысты денелердің  электрленуі деп атаған.Янтарь өзіне басқа денелерді тарту қабілетіне ие болғанда, оны электрленген күйде деп айтады. «Электрон» сөзінен электр деген сөз шықты. Электлену барысында пайда болтын күштерді электр күштері деп атайды.Денелердің электрлену құбылысы түрлі тектегі екі дененің жанасуы кезінде  ғана байқалады.

                 Электр зарядының  өзара әрекеттесу сипатын анықтайық. 

                       

Заряталған шыны және эбонит таяқшалары әр түрлі материалдан жасалғандықтан, олар түрліше электрленеді. Олардан  әр   аттас электр зарядтар пайда болады. Сонымен  аттас заряталған денелер бір-бірінен тебіледі де, әр аттас заряталғандар тартылады.

                          

 денелердің электрленуі мен зарядтардың екі тегі болады.

                                Экраннан көрсету

Тұйықталған жүйедегі денелердің электрленуінің барлық қүбылыстарында электр зарядтарының қосындысы сақталады.

           q=q1+q2+…+qп=тұрақты

. Салмақты,ұзындықты,жылуды өлшейтін құралдар сияқты электр зарядын да өлшейтін құралдар бар.

салмақ

ұзындық

жылу

Электр заряды

таразы

Метр,сызғыш,

термометр

Электроскоп, электрометр

            

Электроскоп: а)денелердің қаншалықты электрленгенін көрсетеді.

                        ә) электр зарядының аз не көп екенін көрсетеді.

Электроскоптың жетілдірілген түрі – электрометр деп аталады.

Электр зарядтарын өткізу қабілетілігіне қарай заттар шартты түрде элкетрөткзгіштер және электр өткізбейтіндер болып бөлінеді.

 

  өткізгіштер

Металдар,қышқылдар мен тұздар ерітіндісі, ылғал топырақ, адам денесі т.б.

  өткізбейтіндер

Резеңке, шыны,эбонит, фарфор, жібек, керосин, ауа т.б.

Ү Қосымша  ақпарат стратегиясы      

  Дененің электрленуі нәтижесінде болатын электр  құбылысы әсерлері көптеген өнеркәсіп салаларында синтетикалық материалдарды қолданғанда және кейбір ауруларды емдеу мақсатында кеңінен пайдаланылады.

 Мысалы: а) целлюлоза – қағаз,мақта-мата комбинаттарында қағаз ,лента және иірілген жіп оралғанда үйкелістен эдектрленіп, электр өрісінің нәтижесінде басқа денелерге тартылып үзілетіні және электр зарядының разрядталуы әсерінен өрт шығу жағдайлары көп болады.

  ә) Авиацияда , ұшақ ауамен үйкелісуі нәтижесінде электрленеді. Ол қонғанда оған бірден металл трап қоймайды. Ұшақты алдымен металл трос арқылы жермен қосып, разрядтайды.Бензин таситын машиналардың соңына  шынжыр жалғап жерге сүйретіп қойатыны да сол себептен.

                                

  б)Тұрғын үйдің линолеум еденімен, синтетикалық кілеммен жүргенде,нейлон көйлекті шешкенде электрлік разрядталу құбылысы байқалады. Синтетикалық заттар электр зарядын өткізбей сақтайтындықтан, үйді ( 60-70%) ылғал етіп ұстау керек.

  в) Медицинада синтетикалық киімдерді киіп жүргенде үйкелістен электрленіп,электр өрісі пайда болуы радикулит, полиартрит ауруларынан жазады. Электроаэрозоль әдісімен ішкі ағзаларды емдеу, электрлеу арқылы адамды ұйықтатуға болады. Кейбір балықтар мен жәндіктердің денесінде электр өрісі бар екендігі анықталған. Мысалы: Сом (лақа), скат, угорь балықтарының өте күшті электр өрісі бар.

  г) Денелердің электрленуі мен электр өрісі сұйықтардың ыдысқа шланг пен шүмектен сыздықтап ағуынан,дененің деформациялануынан (созылу мен сығылу) заттың бөлшектенуінен,бір-бірінен ажыратылуынан,ұсақ бөлшектердің (құмшекер,құм,ұн,дәрі ұнтағы т.б.)төгілуінен де пайда болады.

  ғ) Электр өрісі құбылысы – заттарды жалтыратып лактауда,бидайды тазалап сорттауда , түтінді тазартуда, матаның бетіне түк салуда және түбіт тұрғызуда қолданылады.

 Сондықтан шлангпен бензинді цистернаға немесе автомашина багына құйғанда өрт шығып кетуінен сақ болуы керек.

  Қорыта айтқанда,біз ұдайы электр зарядтары мен электр өрісі ішінде өмір сүреді екенбіз. Мұны өзіміз байқамаймыз,ал енді бұл құбылыс туралы білетін болғандықтан,күнделікті өмірде тиісті шаралар қолдануымыз керек

ҮІ Ойды   қорыту стратегиясы  жаңа сабақты бекіту    

  1. Денелердің электрленуі қалай пайда болады?

          

 

2.Қандай физикалық шамамен таныстық

3Түртіп  алу  немесе insept:

 “ V”Мен

      білемін  

 “+”Жаңа білдім,мен   үшін  жаңалық 

         

“?”Таң қалдым,

Сұрақ туды.

ҮІІ Еркін ізденіс стратегиясы: үйге тапсырма§28,29.

 1.Газетті жыртып,оның қиқымдарының электрленгенін немен, қалай байқайсыңдар?

2Үйдегі су құбырының шүмегімен ағызған суды пластмасса воронка арқылы төгіп, воронканың электрленуін байқаңдар.

  1.                 3. Қараңғы бөлмеде синтетикалық киімдерді шешкенде, электр зарядтары
  2.                   сытырлап, жарық ұшқындары шығатынын бақылаңдар.
  3.                  Бағалау
  4.                  Сау болыңыздар!!!        

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Электр зарядтарының өзара әрекеттесуі. Кулон заңы. Электр өрісі. Өріс кернеулігі
Денелердің элекрленуі. Электр заряды. Электр зарядының сақталу заңы
Денелердің электрленуі
электр үтігі, шаңсорғыш) микротолқынды пеш, электр шаңсорғыш) (практика)
Тұрмыстық электр құралдарды жөндеу технологиясы
Денелердің электрленуі. Электр заряды. Зарядтың сақталу заңы. Электроскоп.
Электр тогы
Конденсаторларды тізбектей және параллель қосу және олардың белгілері.Электр өрісінің энергиясы
Денелердің электрленуі. Электр заряды. Электр зарядының сақталу заңы Электроскоп.Электр өткізетіндер және өткізбейтіндер.
Электр зарядтарының өзара әрекеттесуі. Кулон заңы. Электр өрісі. Өріс кернеулігі
Бөлім: Уроки / Физика | Көрсетілім: 6154 | Қосты: Асылгул | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык