Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Денелердің электрленуі


Денелердің электрленуі

Денелердің электрленуі

Сабақтың тақырыбы: Денелердің электрленуі

Сабақтың мақсаты:

А) Оқушыларға денелердің электрленуі туралы жалпы мағлұматтар беру, электр сөзінің пайда болуы мен дамуы туралы түсінік беру.

Б) Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, ойлау шапшаңдықтары мен шешендік қабілеттерін дамыту. Пәнге, қоршаған ортаны танып – білуге қызығушылықтарын арттыру.

В) Оқушыларды ұқыптылыққа, жүйелілікке, адамгершілдікке тәрбиелеу.

Сабақтың  түрі:  Аралас

типі: Жаңа білімді игерту

әдісі: Түсіндірмелі-иллюстративтік, демонстрациялық, топтық жұмыс.

Көрнекілігі: Суреттер, деңгейлік тапсырмалар.

Сабақтың барысы:

І. Кіріспе

  • Ұйымдастыру кезеңі
  • Үй тапсырмасын тексеру.

Жердегі, Шолпандағы, Айдағы, Марстағы термодинамикалық жағдайлар.

Тарауды қорытындылау.

«Кім тапқыр?» ойыны ойналады.

  1. Конвекция деген не ?
  2. Термодинамиканың 1-заңы
  3. Сәулелену
  4. Жылу берілу құбылысына мысал келтір
  5. Іштен жанатын қозғалтқыштың  жұмыс істеу принципі неше тактіден тұрады ?
  6. Жылу қозалтқыштарында жұмыстық дене ретінде не алынады ?
  7. Термодинамиканың 2-заңы
  8. Жылу алмасу
  9. Балқу дегеніміз не ?
  10. Кристалдану деген не ?
  11. Булану деген не ?
  12. Кебу деген не ?
  13. Изопроцестер деген не ?
  14. Изобараның графигін сал
  15. Изохораның графигін сал
  16. Изотерманың графигін сал
  17. Меншікті жылу сыйымдылығы деген не ?
  18. Кебу жылдамдығы неге тәуелді ?

ІІ. Негізгі бөлім 

Біз электр құбылыстарымен, яғни зарядталған бөлшектердің өзара әрекеттесу» мен қозғалысынан туындайтын құбылыстармен танысуды бастаймыз. Бұл құбылыстарды зерделеу физикада қандай орын алса, практикада да сондай орын алады. Электр энергиясының көмегңмен өзіміз тұратын үйді жылытамыз, жарық жағамыз. Сазды әуендер тыңдап, тоңазытқышқа азық сақтаймыз. Қысқаша айтқанда электр энергиясының күнделікті өмірдегі атқаратын ролі орасан зор.

Электр және магнит құбылыстары туралы ілімнің құнды ғылыми мәні бар. Барлық физикалық құбылыстар түрлі күштердің өзара әрекеттесуінен пайда болады, оның ішінде электрлік зарядталған бөлшектердің өзара әрекеттесуі түліше және ауқымды болып келеді.

Электр және электромагниттік құбылыстарды зертей отырып, денелердің электрленуі мен олардың өзара әрекеттесуі қандай болатынын, электр заряды мен электр тогынң не екенін, олардың қандай заңға бағынатынын және заттың магниттік қасиеттерінің неге байланысты болатынын білетін боламыз.

Егер плстмасса тарақты немесе қаламды адамның киіміне үйкесек, ол ұсақ қағаз қиқымдарын өзіне тартатынын көреміз. Егер үрлеген шарды нейлон матаға сүйкесек, ол қабырға немесе төбеге барып жабысатынын байқаймыз.

Құрғақ шүберекпен сүртілген айна не шыны пластинкалар шаң- тозаңды өзіне тартады. Ал, үстімізден синтетикалық киімді шешкен кезде сытырлаған дыбыс естіледі және қараңғыда жарқылдайды.  Құрғақ шашты тарақпен тарап, содан кейін тараққа қағаз қиқымдарын жақындатсақ оларды өзіне тартады. Мұның барлығы денелердің электрленуін байқатады.

Б.з.д. 600-жылдары гректер құрға, қатты шайыр күйдегі сары янтарь өндірген, оның ерекше қасиеті бар екенін байқаған. Янтарды теріге не жүнге үйкегенде ол өзіне жапырақты, шашты, астық сабағын тартатын болған. Гректер осы шайырды ЭЛЕКТРОН, ал оған қатысты болатын құбылысты ДЕНЕЛЕРДІҢ ЭЛЕКТРЛЕНУІ деп атаған. Егер янтарь денелерді өзіне тарта алатындай күйде болса, оны электрленген күйде деп атайды. ЭЛЕКТРОН сөзінен электр термині шықты. Электрлену барысында пайда болған күштерді ЭЛЕКТР КҮШТЕРІ деп атайды.

Денелердің электрленуі түрлі тектегі денелердің жанасуы кезінде байқалады. Көп жағдайда жанасқан денелер өзара тартылатынын байқауға болады. Денелердің өзара электрлік қабілетіне ие болуы олардың электрленуі деп аталады.  Яғни, беттер арасындағы үйкеліс нәтижесінде электр зарядының пада болатыны көрсетеді. Әр жағдайда екі денеде қарама-қарсы зарядтардың бірдей мөлшері пайда болады.

Оларды  аттас зарядтар және әр аттас зарядтар деп екіге бөлеміз.  Аттас зарядтар өзара тебіледі де, ал әр аттас зарядтар өзара тартылады.

Эбонит –жүн, шыны-жібек сияқты денелер жүйесі басқа денелермен өзара әрекеттеспейді деп есептейік. ҚОРШАҒАН ОРТАНЫҢ ДЕНЕЛЕРМЕН ӨЗАРА ӘРЕКЕТТЕСПЕЙТІН ДЕНЕЛЕР ЖҮЙЕСІН ОҚШАУЛАНҒАН НЕМЕСЕ ТҰЙЫҚТАЛҒАН ДЕП АТАЙДЫ. Бұл жқйедегі электрлену құбылысы электр зарядының сақталу заңына бағынады.

Тұйықталған жқйедегі денелердің электрленуінің барлық құбылыстарында электр зарядтарының қосындысы сақталады.

+q+ q+.......+ q= const

осы заң бойынша, егер бір дене оң электр зарядына ие болса, екінші дене модулі бойынша тең, бірақ теріс заряд алады.

ІІІ. Қорытынды

Тақырыпты бекітуге арналған тәжірибелер жасалап, қайталау сұрақтары қойылады.

Бағалау

Үйге тапсырма:  § 28 Денелердің электрленуі.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Денелердің электрленуі.Электр заряды. Электр зарядының сақталу заңы Электроскоп.Электр өткізетіндер және өткізбейтіндер.
Электр зарядтарының өзара әрекеттесуі. Кулон заңы. Электр өрісі. Өріс кернеулігі
Денелердің элекрленуі. Электр заряды. Электр зарядының сақталу заңы
электр үтігі, шаңсорғыш) микротолқынды пеш, электр шаңсорғыш) (практика)
Тұрмыстық электр құралдарды жөндеу технологиясы
Электр зарядтарының өзара әсерлесуі. Кулон заңы
Денелердің электрленуі. Электр заряды. Зарядтың сақталу заңы. Электроскоп.
Электр тогы
Денелердің электрленуі. Электр заряды. Электр зарядының сақталу заңы Электроскоп.Электр өткізетіндер және өткізбейтіндер.
Электр зарядтарының өзара әрекеттесуі. Кулон заңы. Электр өрісі. Өріс кернеулігі
Бөлім: Уроки / Физика | Көрсетілім: 13331 | Қосты: Айжан Кулькеева | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык