Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Г.Галилейдің туғанына 450 жыл


Г.Галилейдің туғанына 450 жыл

Г.Галилейдің  туғанына 450 жыл

Білім берудің басты шарты оқу процесінде оқушылардың  қызығушылығын арттыра отырып, өздігінен білім алуға талпындыру болып табылады. Оқушылардың танымдық қызметін жетілдірудің  білім сапасын арттырудағы маңызы өте зор.Осы мақсатқа жету үшін Г.Галилейдің  туғанына 450 жыл толуына өзім өткізген  танымдық  кешімнің жоспарын беріп отырмын.

Сабақтың  тақырыбы:  «Г.Галилейдің  туғанына 450 жыл» танымдық кеш

  Мақсаты: Оқушылардың ой- өрісін,  дүниетанымын кеңейту,  сөздік қорын молайту,  жұрт алдында еркін  ауыз екі сөйлеуге дағдыландыру.

                 Эпигрф

        «Әттең шіркін қабілет пен шеберлік,

         Сый емес қой үлестіріп берерлік»

І-Жүргізуші:  Құрметті  ұстаздар  мен  оқушылар мектебімізде  03.02.2014ж- 13.02.2014ж  аралығында    итальяндық  математик, физик, механик және астроном, философ, музыкант, суретші, ақын, әдебиетші Г.Галилейдің  туғанына  450 жылдық  мерекесіне    МИФ бірлестігінде  «Ғалымның  хаты өлмейді»  атты онкүндік өтті.

ІІ-Жүргізуші:  Бүгін сол он күндіктің жабылуына орай ұйымдастырылған «Г.Галилейдің  туғанына 450 жыл»  атты танымдық кешке қош келдіңіздер!

           

І-Жүргізуші:  Осы он күндік басталғаннан кейін 4-күннен соң XXII Қысқы Олимпиада ойындары да басталғанын барлығымыз білеміз.

ІІ-Жүргізуші:  2014 жылдың  7 - 23 ақпан күндері аралығында Ресейдің  Сочи қаласында өтіп жатыр .Төрткүл дүниені дүр сілкіндірген додаға арнап  бізде жанкүйерлік сәлемімізді жолдаймыз.

ІІ-Жүргізуші:  

 « 8А»  класының орындауында  

        «Спорт»  биі

 І-Жүргізуші: Кешіміздің І  бөлімі.  «Адамның ең қымбаттысы өмір.Өмір адамға бірақ рет беріледі»  Бұл бөлімде біз  Г.Галилейдің өмірімен танысымыз

 «Өмірдерек»

Галилео Галилей(итал. Galileo di Vincenzo Bonaiuti de' Galilei; 15 ақпан 1564, Пиза — 8 қаңтар 1642, Арчетри, Флоренция маңы) — итальян философы, математик, физик, механик және астроном, табиғаттану ғылымдарының негізін салушы, өз заманындағы ғылымға өте қатты әсер еткен. Ол ұлы ғалым болумен бірге, музыкант, суретші, ақын, әдебиетші де болған.

Ол Италияның Пиза қаласында 1564 жылдың он бесінші ақпанында кедейленген ақсүйек отбасында туған. 1581 жылы Пиза университетіне түсіп, медицинаны оқып үйренеді. Мұнда ол АристотельЕвклидАрхимед еңбектерімен танысады. Сөйтіп,геометрия мен механикаға әуестенген Галилей медицинаны тастайды. Кейін Флоренцияға қайта оралып, төрт жыл бойы математиканы зерттейді. 1589 жылы Пизада математика кафедрасын қабылдап алып, ғылыми жұмысын онан әрі жалғастырады. Аристотельге қарсы "Қозғалыс туралы сұхбат" деген еңбек жазады.

1592 жылы Падуяда математика кафедрасын басқарады. Бұл кезең (1592 — 1610) Галилей шығармаларының көмеліне келген шағы болатын. Тепе-тендік принципіне негізделген машина жайлы зерттеуі, дененің еркін түсуі, дененің көлбеу жазықтықтағы қозғалысы, көкжиекке бұрыш жасай лақтырылған дененің қозғалысы, маятник тербелісінің изохрондығы туралы жаңалықтары осы кезеңге жатады. Дін басылары Н.Коперник іліміне тыйым салған соң (1616), Галилей ұзақ уақыт үй тұтқынында ұсталды.

ІІ-Жүргізуші:    ІІ бөлім. «Білген адам білімді өмір бойы іздейді»

         Бұл бөлімде біз    Г.Галилейдің  шығармашылық  еңбектерімен танысымыз

  І-Жүргізуші:   

 10А класс оқушысы.  Қиясбай  Нүркен 

       «Ашқан  5 жаңалығы»

  1) Галилейдің өзі гылым тарихында тұңғыш екі телескопты құрастырды. Ол телескоптар, әрине, әлі де жетілдірілмеген еді. Кескінді кішісі бар болғаны     3 есе, үлкені 32 есе ғана үлкейтетін.

Г. Галилей   телескоппен  аспан денелерін бақылаған ең бірінші  адам болды.

     2)1609 жылы күзде ол алғаш рет өз телескопын Айға бағыттап, оның  бетінің тегіс еместігін, яғни таулары мен аңғарларын айқын көрді. Телескоптың көмегімен Шолпан планетасының да Ай тәрізді өзінің пішінін, яки фазасын өзгертіп отыратыны байқады.

  3) Тепе-тендік принципіне негізделген машина жайлы зерттеуі, дененің еркін түсуі, дененің көлбеу жазықтықтағы қозғалысы, көкжиекке бұрыш жасай лақтырылған дененің қозғалысы, маятник тербелісінің изохрондығы туралы жаңалықтар ашты.

   4)1609 ж. көру трубасын ойлап тапты. Оның физикалық зерттеулерi, сонымен қатар, гидростатиканы, материалдар берiктiгiн зерттеуге арналған. 1586 жылы «Кішкентай гидростатикалық таразыны» құрастырды ,

1590 жылы «Қозғалыс» деген еңбегінде жарық көрді

  5) Г.Галилейдің   жасаған   термометрі

  1612 жылы  Г.Галилей   микроскобты жасады.

 ІІ-Жүргізуші:    Нүркен рахмет!

І-Жүргізуші: Ән:   «Желсіз түнде жарық –ай»  

  9Ә –оқушылары

 Қуаңбай Жанерке  мен  Мирамбаева  Аяжан.

 ІІ-Жүргізуші:   ІІІ бөлім. «Әлемдегі терең сыр ғылыммен ғана ашылған»

         Бұл бөлімде біз    Г.Галилейдің  аспан әлемінің сырын қалай ашқанын білеміз

   І-Жүргізуші:  

   Галилео  Галилей- ғылымда   эксперименттік зерттеу әдісін алғаш рет қолданған ұлы итальяндық физик және астроном.

1632 жылы жарық көрген Галилейдің “ Дүниенің птоломейлік және коперниктік басты екі жүйесі туралы диалог” атты кітабы .Галилей қозғалыстың салыстырмалылығын тұжырымдады, денелердің еркін түсу заңын және көлбеу жазықтықпен денелердің қозғалысын, көкжиекке бұрыш жасай лақтырылған денелердің қозғалыс заңын зерттей отырып, теңүдемелі қозғалыстың теориясын жасады, инерция ұғымын енгізді.

1.Г.Галилей қазіргі қуатты телескоптың қарапайым  үлгісін жасады.Ол екі түтіктен құралды.Оның кішісі кескінді 3есе, ал үлкені 32 есе ған үлкейтті. Ай,Күн,ғаламшарлар туралы мәліметтер берді.Юпитер ғаламшарын айналып жүрген төрт серігін ашты, жердің серігі Ай деген қорытынды жасады. 1609жылы .Ол өз телескопын Айға бағыттап, оның теп-тегіс «хрусталь шар» емес,Жерге ұқсас ойпаттар мен қыраттардан тұрады деді..Жердің басқа планеталармен бірге Күнді айнала қозғалатынын мәлімдеді.Галилейдің ашқан жаңалықтары Әлемнің қозғалмайтын центрі Жер, ал аспан денелері Жерді айнала қозғалады деген шіркеу іліміне қатты соққы болып тиді.Осылайша ол Джордано Бруно мен Николай Коперниктің  Жер де, басқа планеталар да Күнді айнала қозғалады деген көзқарастарының дұрыстығын дәлелдеп берді.

    Жүргізуші:    7Әкласс оқушылары .  «  Ғаламшарлар  сыры» (Қойылым)

Автор-Бақытова Гүлжайна:Баяғы  бағзы  заманда   таңғажайып    бір  ел  болыпты.Сол  елде   Аспан  мен   Күн   атты   ерлі-зайыптылар   ғұмыр  кешіпті.Олардың   жасы  нешеде  екені барлығына  беймәлім  екен.Олардың  ұрпақтары   өте  көп  болады.Бірақ   әр  қайсысы  өз  қызметтеріне  араласып  кетуінің   салдарынан   олар  бірін-бірі   көре  алмайды.Бірақ  кей  балалары   кем дегенде  жылына  бір  рет  кездесу  мүмкіндігіне   ие  болады.Күн  ана  шапағаты  мол,мейірімді:

Күн-Әбдина Анар:Күн  жүйесінің  орталық  денесімін,

                                   Құбылыстарға  әсерімді  тигіземін,

                                      Шоқжұлдыз  бағытында   қозғаламын,

                                   Қызғылт-сары  түске   мен  боялғанмын.

Автор:Аспан ата   да  әр  баласына  ерекше  ықыласпен  қарап,өмірден  өз  орындарын  табуға  көп  еңбек  сіңіреді.

 Аспан-Қалыбек  Мұхтархан :Аспанмын  көк  түске боялған,

                                                             Таң ағарса  әдемі  боп  оянған.

                                                     Қыр-сырым көп  бәріне  де  беймәлім,

                                                   Мені  тану   әр  ғалымға  бір  арман.

 

Автор:Аспан  ата   күн  ананың  көпке мәлім  тұңғыш  қызы  Галактика  өзінің  балаларымен  алыс  сапарға кетіп,тек  жаз  уақытында   ғана  ата-әжесіне  Құс  жолы  деген  кіші  қызын  жібереді  екен.Аспан  ата  мен  Күн  ананың  қасында  оның  тоғыз  баласы   қалады.Олардың  Галактикадан  кейінгі баласы  Меркурий.

Меркурий-Муканова  Айсара:

  Мен меркурий,

 Қазақша атым Болпан немесе Кіші Шолпан,

Күннің жанында тұрып,

Бірінші мені атайды,

Рахат көрем сыйдырып,

Өлшем,масса жағынын,

Кішкене болғандықтан,

Мені көру,аңғару,

 Адамдарға қиын болып қалғаны,

 Өте жаман мен үшін,

Барыма, қуаныштымын.

Автор:Одан  кейінгі  қызы  -Шолпан.Ол  жұртқа  Венера  атымен де  мәлім.

Шолпан-Бақтыбайқызы Гүлбану:

Мен сұлумын,әдемімін

Әрі көріктімін!

Атым Шолпан болады,

Күнге қарсы шығады,

Өзіме назар аударып,

Сұлулығыма тамсанып

Қалады бәрі қызғанып,

Ақ бұлт мені қорғайды .

Жұлдыздар мені қаптайды,

Осылай өмір сүремін,

Тамсанып, қуанып жүремін!

Автор:Келесі  қызы  Жер.Ол өте  ерекше,тамаша   қыз  болып  өседі.

Жер-Нұрболды Нұрсамал:

Мен,Жер-Анамын,

Бөбектерімді дәу бесікке саламын ,

Асырап бағамын,

Көңілін табамын,

Себебі,мен Жер-Анамын.

Автор:Аспан  мен  Күннің  келесі  баласы-Марс.Ол  ұялшақ  мінезді,беті  алмадай қызыл,сүйкімді болып  ер  жетеді.

Марс-Ерланқызы Ақгүл:

Мен марспын ,

Төртінші ғаламшармын ,

Осыған мен мақтанып  қаламын!

Фобос- Деймос жазықтықта  маған   жақын

«Олар кім  десе?» серігім деп айтамын!

Үстімнен қызыл, сары дақтар көрінеді,

Әдемі суреттер шығар еді!

Сондықтан, мен суретті, тамаша, салар едім!

Автор:Келесі  баланың   дене  бітімі ерекше  болатын.Ол  ірі  тұлғалы ,көп  сөйлемейтін,сыпайы  ғана  бала  болып  өседі.

  Юпитер-Аязбаев Махамбет:

Он  бір  есе  үлкенмін  жер  шарынан ,

Он  екі жыл  айналамын  мен  күн  көзін,

Тоғыз  сағат,елу  минут  тәулікпенен,

Юпитер  ғаламшары  мен  боламын. 

Автор:Сатурн-әдемі,жаны сұлулықты сүйетін  қыз.Ол  басынан  Күн  анасы  сыйға тартқан  қалпағын тастамайтын.

Сатурн-Жұмабаева  Камшат:

Алтыншы ғаламшар мен боламын,

Сатурн деп атанғанмын,

Қоңырқай деп атайды білімділер,

Осыған мақтанып жүремін мен!

Тамаша сақиналар  қоршап жүрген,

Алпыс шақтай серігім бар,қасымда ерген!

Ол өтірік,  жариялаймын мен Сатурынмын,

                                                    Шынында,

                                                Жанымда тоғыз серік қалмай жүрген!

                                             Ең үлкені –Титан деп мен айтамын!

Әрдайым айтар мені, жақсы ойдамын!

Автор:Уран  мен  Шолпан  жан  құрбы.Олар  қайда  жүрсе  де   бірге  барғанды  жөн  көреді.Уран  өзі  туралы  тек  жақсы  сөздерді  айтқанды  ұнатады.

Уран-Сұлтанова  Айсұлу:

Шолпанмен  жақын  сырласпын,

Бағытымыз  бір  біздің ,

Өмір  сүруім  ерекше,

Уран  атты жұлдызбын. 

Автор:Нептун - инабатты ,салмақты,артық  қимыл  жасамайтын  қыз  болып  өседі.

Нептун-Асылханқызы  Аяжан:

НЕптунмын  ерекше  жаратылған,

Өзге  ғаламшардан дара  туған,

Көпке  мәлім болмасам да  мен  өзім ,

Уақытымен  айналамын күн  көзін.

Автор:Плутон  қыз-кішкентай,нәзік,өте  баяу  қозғалатын  еді.

Плутон-Зулгарина  Альмира:

Күн  көзіне  сирек  қана  шығамын ,

Барлығынан  шеттеу  жерде  тұрамын.

Плутонмын ергежейлі  көпке  мәлім,

Бірде  жұлдыз,бірде  ғаламшар  боп  тұратын.

Автор:Халықаралық астрономиялық  одақтың шешімімен2006  жылы  тамызда,Прага қаласында, Плутон «ергежейлі  планета»  деп  аталып,оған  ресми  астроидтық  134340 нөмірі  берілді.

Автор:Күн  мен  Аспан  қасында  жүрген  сегіз  баласымен  күн  кешіп жатыр.Олар  өз  елдерінде  тек  тыныштық  болғаның   қалайды.

І-Жүргізуші:    Рахмет! 7-класс оқушылары.Ғаламшарлар туралы өте жақсы баяндап бердіңіздер

ІІ-Жүргізуші:  ІҮ бөлім. ««Табиғатты танудың ең сенімді құралы бақылау мен тәжірибе» деп   

                                                                          Г.Галилейдің өзі айтқан

І-Жүргізуші:  Олай болса кезекті   болашақ  физиктерге  береміз         

ІІ-Жүргізуші:   Ортада  9Ә оқушылары  Баймурзаев  Мейірбек пен Мұхамбеди  Данияр

 І-Жүргізуші:  Жас физиктер , рахмет!

ІІ-Жүргізуші:      8Ә класс  оқушыларының  орындауында  «Электр» биі

 І-Жүргізуші:  Ү бөлім. «Сыр түйіні ақиақат, Ақиқат түйіні шындық»

                                             Қорытындылау

ІІ-Жүргізуші:   Сөзфизика пәнінің мұғалімі   А.Ж  Қоянбаеваға беріледі

ХХІ ғасырдағы дамыған ел дегеніміз- белсенді, білімді және денсаулығы мықты азаматтар. 

  ( Қазақсатн республикасының президентінің Жолдауы)

Олай боласа еліміздің ертеңі сіздердің қолдарыңызда.Сондықтан әркез білім шыңынан көріне беріңіздер.                                                                       


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
«ХХІ ғасыр көшбасшысы» зияткерлік ойыны
Күннің жылдық қозғалысы. Күн жүйесінің құрылысы туралы ежелгі ғалымдардың көзқарастары
Гипотеза
Тілім менің тірлігімнің айғағы
Берекелі, алтын күз Мерекелі, алтын күз
Ғарыш әлемі
" Заттың атын білдіретін сөздер" " Көктем аруы-2015"
Күн нұрындай нұрланып, әлемге өзін танытқан Тәуелсіз елім – Қазақстан!
Г.Галилейдің туғанына 450 жыл
Аспан денелері презентация
Бөлім: Уроки / Физика | Көрсетілім: 3510 | Қосты: Асылгул | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык