Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » «Сөзмерген» танымдық ойыны


«Сөзмерген» танымдық ойыны

                  «Сөзмерген» танымдық    ойыны        

  Оқушылардың  физика  пәнінен білімін байыту, олардың пәнге деген қызығушылығын дұрыс ұйымдастыруға тіке байланысты.Дұрыс ұйымдастырылған физикалық кластан  тыс  жұмыстар оқушылардың сабақ  үлгерімін көтерумен бірге олардың шығармашылық қабілетін дамытып, ой-өрісін кеңейтеді.Пәндік апталықтарда және тарауды қорытындылаған кезде  оқушылардың білімдерін пысықтау мақсатында теледидардан көрсетіліп жүрген танымдық бағдарламаларды негізге ала отырып сайыс кештер өткізуді әдетке айналдырдым. Төменде  мемлекеттік тілді құрметтеуге арналған «Сөзмерген»  теле-ойыны негізінде өткізілген сайыс үлгісін ұсынып отырмын.  

Сабақтың  тақырыбы:  «Сөз мерген»

Сабақтың  мақсаты:

а)Оқушыларға мемлекеттік тілімізді сүюге, мәртебесін биік ұстауға физикалық термендердің мағанасын аша білуге баулу ;

 ә)Оқушылардың ой- өрісін,  дүниетанымын кеңейту,  сөздік қорын молайту,  жұрт алдында еркін  ауыз екі сөйлеуге дағдыландыру.

б)Сөз мәйегін түсініп, өмірмен байланысын ашаып орынды жерінде қолдануды қалыптастыру.

Көрнекілігі:   электрондық ойын таблосы

Ойын барысы:Сахнаға жүргізуші шығып ойынның шартымен түсіндіреді.

Сайыс ережелері

Сайысқа 5 оқушы қатысады, 5 кезеңнен тұрады

І. Кезең «Мықты болсаң тауып көр»

ІІ. Кезең «Жүйрік болсаң шауып көр»

ІІІ. Кезең «Ұшқыр ойдан ұтымды жауап»

  ІҮ.Кезең « Ойлы болсаң, озып көр»

Ү.Кезең « Шын жүйрік шабысымен танылады»

                       І кезең            Мықты болсаң тауып көр

.Бұл кезеңде  физикалық мағанасы  бар мақалдарды  жалғастыру

терек

 

 

       жығылады

тал

қайың

қарағай

Терек қисайған жағына жығылады.

табақ

 

 

      отпен

кесе

кастрюль

қазан

Қазан отпен,адам әрекетпен қызады.

Мыс

 

 

      балқиды

Темір

Жеэ

алтын

Отқа салсаң,темір де балқиды.

Бармақ

 

 

      ине

Қол

Саусақ

алақан

Саусақ бірікпей-ине ілікпейді.

Қой

 

 

      жарады

сиыр

ешкі

жылқы

Айдағаның бес ешкі,ысқырығы жер жарады.

Білек

 

 

      жығады

Жүрек

Бірлік

ынтымақ

Білекті бірді жығады

Қылыш

 

 

       ерліктен

Балта

Найза

садақ

Найза  салу-ерліктен,ат жауыры терлікте

Көз

 

 

       ішеді

Ауыз

Қол

мұрын

Аузы күйген үріп ішер.   

Дән

 

 

        өнбес

Тұқым

Бидай

тары

Дән себілмей астық өнбес.

Қыр

 

 

       қимылдаған

Төбе

Тау

шың

Қимылдаған  қыр асар

Гүл

 

 

       білінеді

Газ

Бензин

жұпар

Жұпарды жасырғанмен иісі білінеді.

 

Түйе

 

 

       бола алмас

Машина

Ат

Арба

Аттыға жаяу жолдас бола алмас.

                    II  кезең          Жүйрік болсаң, шауып көп.

Бұл  кезеңде сөздердің қазақша мағанасын ашып айту.

 Мысылы:  Анероид  -сұйықсыз

          1.  Диффузия  - Жайылу, таралу

          2.  Деформация- Бүліну, бұзылу 

          3.  Термодинамика-Жылу және күш

         4.  Ваккум- Бостық

          5.  Плазма-Жабысқан, хатталған

          6.    Квант -Мөлшер

         7.  Гигрометр-Ылғалдылық

         8. Потенциалдық-Мүмкіндік

         9.Акустика- Дыбыс

        10.   Конвекция-Тасымалдау

III кезең     Ұшқыр ойдан ұтымды жауап.

Бұл  кезеңде оқылған сұрақтарға оқушылар сол сәтте жауап берулері керек.

1. Жердің серігі?              ( Ай)

2.Денелердің электрленгендігін  анықтайтын  аспап? ( Электроскоп)

3.Радионы ойлап тапқан  ғалым?  (А.С.Попов)

4. Дыбыс толқындарын техникалық қабылдағыш?  ( Микрофон)

5. Бірінші ғарыштық жылдамдық?       (8км/с)

6.Бүкіләлемдік тартылыс заңын кім ашты?    (И.Ньютон)

7.«Эврика» кімнің сөзі?       (Архимед)

8.Өткізгіштің материалын сипаттайтын шама?   ( Меншікті кедергі)

9. Бөлінбейтін ең аз теріс заряды бар бөлшек?   ( Электрон)

10.Орнынан қозғалмай не өтіп бара жатыр?      ( Уақыт)

                      IV кезең           Ойлы болсаң, озып көр

Бұл кезеңде физикалық мағанасы бар жұмбақтарды шешеміз

      1.  Бар секілді әлдекім,

        Ішінде бос бөлменің

        Айтқанымды айнытпай

        Қайталайды ол менің

                                                     (Жаңғырық)

  2.Аса қажет өмірге халық үшін

  Пайдаланамын күн сайын жарық үшін     (Тоқ)

  3.Бар-жоғын білмейміз

   Онсыз өмір сүрмейміз      (Ауа)

4.Шам, плита жұмысын жасай қалды

Ал оның есептеп-ақ басы айналды     ( Есептегіш)

 

5.Ешбір тіреусіз күнбез,

Ешбір сүйеусіз күнбез.

Ешкім көтере алмайтын күнбез

Ешкім төңкере алмайтын күнбез     ( Аспан)

 6.Қозғалысқа келтіріп

Жылдамдығын береді

Өлшемдерін қарасаң

Ньютонға ол келеді.               (Күш)

                  V   кезең   Шын жүйрік шабысымен танылады .

                                    (Заңдарды  атын тауып, толық   айту)

1.Қысымның сұйықтар мен газдарда берілуі.

Жауабы: Паскаль заңы :.Сұйыққа немесе газдарға түсірілген қысым барлық бағыт бойынша өзгеріссіз беріледі.

2.Электрлік заряды бар  нүктелік денелердің өзара әрекетесуін сипаттайтын заң,

Жауабы:  Кулон заңы: Вакуумдағы қозғалмайтын екі нүктелік зарядтың өзара әрекеттесу күші зарядтар модулінің көбейтіндісіне тура пропорционал және олардың арақашықтықтарының квардратына  кері пропорционал. Бұл күш  осы зарядтарды қосатын түзу  бойымен    бағытталады.

3.Ток  күшінің     кернеу мен кедергіге тәуелділігі.

Жауабы: Ом заңы: тізбек бөлігіндегі ток күші- осы бөліктің ұштарындағы кернеуге тура пропорционал   өткізгіштің кедергісіне кері пропорционал.   

 

                  Жеңімпаздарды мадақтау

Болашаққа ұмтылған жолымыз бар,
 Жарқын өмір тұтқасы қолымызда.
 Осыменен аяқтайық біз сайысты,
 Көріскенше аман-сау болыңыздар!


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Токтың жұмысы мен қуаты Джоуль- Ленц заңы.
Тізбек бөлігіне арналған Ом заңы.
Өткізгіштің электр кедергісі.Тізбек бөлігі үшін Ом заңы
Сөз- мерген
Тізбек бөлігі үшін Ом заңы
Сөз мерген сайысы
СӨЗ – МЕРГЕН
Білімді мыңды жығар
Денелердің өзара әрекеттесуі. Дененің массасы. Күш
Электр тогы
Бөлім: Уроки / Физика | Көрсетілім: 1931 | Қосты: Коянбаева Асылгул Жайылхановна | Ілмек сөздер:
avatar
• 9 января 2015 14:20
сиздерге кок-коп Рахмет,жане устаздар сайты оркендей берсын
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык