Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Халқын сүйген, салтын сүйер.


Халқын сүйген, салтын сүйер.

Халқын сүйген, салтын сүйер.

Сабақтың тақырыбы: «Халқын сүйген, салтын сүйер.»
Сабақтың мақсаты: Халықтық педагогиканы негізге ала отырып, оқушылардың ұлтына, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру. Ұлттық салт - дәстүр үлгісінде ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа, жинақылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қазақтың ұлттық сәнді киімдері, слайдтар, сөзжұмбақтар.
Әдіс - тәсілдер: баяндау, әңгімелеу, түсіндіру.
Ұйымдастыру
Әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері, салт - дәстүрі, тілі болатыны белгілі. Біздің тәрбиеміз де ананың ақ сүтінен, әлдиінен, атаның қасиетті сөздерінен бастау алады. Бала тәрбиесіне, жалпы адам тәрбиесіне терең мән беріп, оның сәтті қағидалары мен ережелерін жасағандардың бірі - өзіміздің қазақ халқы. Халқымыздың ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан салт - дәстүр, әдет - ғұрып үлгілері мен өнегелерінің үлгілерін бүгін тамашалап көрелік.

Шілдехана
Халықтың ескі сенімінде жаңа туған нәрестені жалғыз қалдырса, әртүрлі «жын - шайтан», «перілердің» салқыны соғуы мүмкін. Сондықтан да одан оны қорғау үшін сәби дүниеге келген күні кешкілік ауыл жастары шілдеханаға жиналып, ән айтып, күй тартады. Қыз - келіншектер мен бозбалалар айтысып, жеңгендері тоғызын алып, әртүрлі ойындар өткізіледі. Кейде шілдехана үш күнге созылады. Шілдеханаға жастар жиналады. Оған үлкендер бата беру үшін ғана келеді. Шілдехана тойында жаңа босанған әйел үшін қалжаға сойылған малдың еті ортаға келгенде жөн білетін бір кісі омыртқаны қолына алып, оның етінен әйелдердің бәріне ауыз тигіздіртіп, әбден мүжіп, тазартады да, сүйекті тобылғыға тізіп, үй ішіндегі биік жерге іліп қояды. Мұнысы – баланың мойны тез бекісін деген ырым.

Бесік Жыры — тұрмыс - салт жырларының көне түрінің бірі. Әлемде Бесік жырын айтпайтын халық жоқ. Халық педагогикасының мәйегіне айналған Бесік жырында халықтың төл тарихының, дәстүрлі мәдениетінің, ежелгі наным - сенімінің, дүниетанымының көрінісі бар. Бесік жырын барша халық ұлттық тәрбиенің кәусар бұлағы деп таниды. Әлем халықтарының Бесік жырылары әр елде әр түрлі аталғанымен, атқаратын міндеті, мазмұн байлығы, поэтикалық құрылымы мен саз - әуені жағынан үндесіп жатады. Бесік жырының басты қызметі — бесік тербелісіне ыңғайлас сазды әуен, ырғақты сөзбен баланы тыныштандыра отырып, оның жан жүйесі мен санасына ұлттық тәрбиенің алғашқы нәрін сіңіру. Бесік жыры баланың сәби кезінде, яғни 1 — 5 жас аралығында, бала жанына жағымды әуенмен айтылады, әуен - сазсыз Бесік жырының мәні де, сәні де келмейді. Қазақ Бесік жырының үлгілерін алғаш Ә. Диваев хатқа түсіріп, 1905 ж. жариялаған. Содан бері там-тұмдап жиналып келе жатқанымен, халық жырларының асыл үлгілері әлі де толық хатқа түсе қойған жоқ.

1 - бастауышы:
Туған соң адам боп,
Білімсізден жаман жоқ.
Ел дәстүрін білмесең
Жұрт айтады надан деп.
Ата - бабаң ардақты
Жамандыққа бармапты
Ардақ тұтып үлкенді
Ата жолын жалғапты.
2 - бастауышы.
Бауырласқан тәніміз
Бұзылмаған антымыз.
Кең даламның ежелгі
Қазақ дейтін халқымыз,
Өзге ұлттай біздің де
Бар дәстүрмен салтымыз.
Ән: «Қазақтың салт - дәстүрлері»
1 - оқушы.
Сүйінші І Қуанышты хабар жеткізуші адам «Сүйінші, cүйінші»,- деп келеді. Мұндайда қуанған үй иесі «Қалағандарыңды ал», дейді. Немесе оған риза болатындай сыйлық ұсынады. Бұл шын қуанудың, ризашылықтың белгісі.
2 - оқушы:
Шашу І Қуаныш айғағы ретінде жасалатын салтанатты дәстүр. Бала дүниеге келгенде, келін түскенде, құда келгенде осындай қуанышты күндерде тәтілермен, күміс тиындармен әйелдер шашу шашады.
3 - оқушы:
Қонағасы. Халқымыздың әлеуметтік, тұрмыстық жағдайындағы қонақты құрметпен қарсы алып, мал сойып қонағасы беру - жомарттықтың, елдіктің үлкен белгісі.

4 - оқушы:
Сыбаға: Құрметті қонаққа немесе өздерінің жақын - жуығына арнап сақтаған кәделі ет мүшелерін сыбаға деп атайды.
5 - оқушы
Бастаңғы. Үйдің үлкендері жол жүріп кеткенде ауыл жастары жолаушылардың жолда бастары ауырмасын бастаңғы жаса - дейді. Бастаңғының мәнісі - жастардың сол үйде ойын - сауық жасап бас қосуы.
6 - оқушы.
Ерулік. Басқа жерден көшіп келген көршілерге сол жерде бұрыннан тұратындар ерулік береді, яғни қонаққа шақырады.
Ұлттық ойындар ойнау: «Шертпек», «Сақина салу», «Сымсыз телефон»
Би.«Қазағым» қыздар тобы.
Сөзжұмбақ шешу.
1. Жастар жиналып ән айтып, күй тартатын отырыстың бірі.
2. Қазақ қыздарының сәндік бас киімі.
3Кәделі ет мүшелері.
4. Жолаушылап кеткен ауыл жастарының бастары ауырмасын деп жасалатын кеш.
5. Қуанышты хабар
6. Басқа жерден көшіп келген көршілерді қонаққа шақыру.
Қорыту


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бесік тойы
Салтым – асыл қазынам!
Ел үмітін ақтаймыз, ата салтын сақтаймыз.
Бесік жыры-халық даналығы.
« Ата –баба дәстүрі ұрпаққа үлгі»
Бесік жыры. Тұсау кесу жыры.
Жеті атаңды білесіңбе?
Халқын сүйген – салтын сүйер!
Қазақ халқының салт-дәстүрлері
Бесік жыры - балаға берілетін алғашқы тәрбие
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 5712 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык