Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Салтым – асыл қазынам!


Салтым – асыл қазынам!
Ашық тәрбие сағаты
Тақырыбы: Салтым – асыл қазынам!
Мақсаты:
1.Қазақ халқының салт дәстүрі мен әдет-ғұрпын оқушылардың бойына сіңіру, ұлттық мақтаныш сезімдерін ояту;
2.Ұлтымыздың дәстүрлерінен үлгі алу;
3.Оқушылырдың өз отбасына, халқына, ұлтына, Отанына деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Сөздік қорларын дамытып, әртістік қабілеттерін арттыру.
Көрнекілігі: ТСО, салт дәстүрге, тақырыпқа сай нақыл сөздер,суреттер, «Ата мұраң – асыл қазынаң», «Салт-дәстүрін ел бұзбас, Уәде сертін ер бұзбас», «Халтын сүйген – салтын да сүйеді».
Өту барысы:Қайырлы күн қадірменді қонақтар, оқушылар! Балалар өздерің көріп отырғандай, біздің бүгінгі тәрбие сағатымыз ерекше, өйткені бізге көптеген қонақтар келіп отыр. «Сәлем -сөздің анасы, сөз - сарасы» - Қазақ халқының ұғымы бойынша сәлем беру- тәрбиелік пен адамгершілік белгісі. «Әдепті елдің баласы, Алыстан сәлем береді» дегендей сәлем беру қалыптасқан ұлттық дәстүріміз.
Күннің көзі ашылып,
Көкке шуақ шашылып,
Құтты қонақ келіпті.
Төріме міне еніпті !
Амандасу үлкенге,
Тәрбиенің басы ғой!
Ал, қанекей бәріміз,
«Сәлем» дейік үлкенге.
Сәлеметсіздерме апайлар!
Жиналыппыз сәтті күні бәрімізде,
Үлкен, кіші, жасымызда, кәрімізде.
Төрлетіңіз қадірменді қонақтар,
Гүл-гүл жайнап мына біздің төрімізге!
Ой-шақыру: Балалар, атадан балаға мұра болып қалатын үйді не деп атайды?
Қарашаңырақ (дәстүр, ұғым) атадан балаға мұра болып қалған үй «киелі үй» деп саналады. Оны ел, ағайын-туыстары « қарашаңырақ» деп құрмет тұтады. Міне, алтын орда, білім мекені біздің қасиетті қарашаңырағымызда ұлттық салт-дәстүрге байланысты өтетін «Салтым – асыл қазынам » атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер!
Қай заман болсын, адамзат алдында тұратын басты міндет - адал, білімді, еңбек сүйгіш ұрпақ тәрбиелеп өсіру. Бұл міндетті әр халық салт-дәстүріне орай іске асырады. Яғни, әр халық ғасырлар бойы сыннан өтіп, сұрыпталған озық салт-дәстүрлерін жас ұрпақты тәрбиелеуде пайдаланып келген.
Бала тәрбиесі тек мектеп қабырғасында ғана берілмейтіні анық. Біздің тәрбиеміз ананың ақ сүтінен, ана әлдиінен, атаның қасиетті сөздерінен бастау алады. Біздің халқымыздың тәрбие тәсілдері мен тәжірибелері өте көп.
Салт-дәстүр, әдет-ғұрып атадан балаға қалып отыратын мол мұра. Әр ұлттың өзіне тән салт-дәстүрі бар. Салт-дәстүрдің пайда болып, қалыптасу тарихына көз жіберсек, олар халықтың әл-ауқат, тұрмыс-тіршілік болмысынан туып қалыптасатынын көреміз.Халқымыздың әдет-ғұрпын, дәстүрін, тарихын білу, оны қастерлеу – әрқайсысымыздың борышымыз!
Қазағымның салт - дәстүрі жаңғырған,
Тәлімді ой сынағы, тәрбие көзі қалдырған.
Салт - дәстүрді ардақтайық ағайын
Қазақ атты үлкен, кіші балдырған.
Оқушылар тақпақтарын айтады.
Ән: «Қазақтың дәстүрлері».
Тәрбиеші: Өте тамаша! Қане балалар, сендер бізде қандай салт-дәстүрлер бар екенін білгілерің келеме? Ендеше мен сендерге қысқаша мәлімет берейін.(Слайд)
Тәрбиеші:Отау көтеру дәстүріне: Қыз көші, Бет ашар, Шаңырақ көтеру....
Тәрбие дәстүрі: Бесікке салу, тыштырма, тілашар, қырқынан шығару, шілдехана.
Отбасы, тұрмыс дәстүрі: Дастарханға бата, бәйге, отпен аластау
Еңбек дәстүрі: егіншілік, аңшылық...
Ислам тағылымы: Құрбан шалу
Қаза ғұрыптары: Дұға оқу
Міне бүгін, салт-дәстүрлерінің ішіндегі бала тәрбиесіне байланысты Тәрбие дәстүріне тоқталсақ.
Күні бүгінге дейін тәрбиелік мәнін жоймаған халқымыздың кейбір тәрбиесін, тыйым мен ырым сөздерін алып қарасақ, көтерген мәселесі бала жанына, зердесіне ізгілік, инабаттылық дәнін себу. «Бала – біздің болашағымыз» дейді еліміз. Ұлтымызда «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» деген дана мақал бар. Сондықтанда отбасы тәрбиесіне, бала тәрбиесіне ерекше мән берген.
Салт – әр ұлттың, халықтың діні мен сеніміне, тұрмыс – тіршілігіне, ұлттық құрылым ерекшелігіне сәйкес ғасырлар бойы жинақталып, өмірдің өзі туғызған ғұрыптар тұғырының негізі. Қазақтың бірнеше салттарын атап өтсек.
Көрініс: Қырқынан шығару.
(Ырым-тыйымдар).
Әйгерім: Отқа су құйма, түкірме. Себебі кезінде ата-аналарымыз отқа табынған. От өмір, тіршілік көзі саналған.
Мал сүйегін отқа жақпа, ақты төкпе
3-бала: Қазақ түнде мал, адам санамайды, себебі басың кемиді деп есептеген.
4-бала: Пышақтың жүзін жалама, пышақты кезенбе. Себебі пышақ ұзарып кетеді.
5-бала: Үйге қарай, үйді айналып жүгірме.
6-бала: Күлді, тұзды баспа, шашпа, аяғың ауырады.
7-бала: Жағыңды, беліңді таянба, тізеңді құшақтама. Тек қаралы адамдар ғана осылай отырады.
8-бала: Бас киіміңді лақтырма, теппе, басың ауырады.
9-бала: Нанды шашпа, баспа, нан - өмір нәрі.
10-бала: Туысыңа ит, пышақ сыйлама, себебі араз болып қалуың мүмкін.
11-бала: Өсек, өтірік айтып, жағымпаз, мақтаншақ болма.
12-бала: Үш күн айтта кір жууға, тырнақ, шаш алуға болмайды.
Әже: Көрдіңбе қонақ бала, қонаққа келген өрендердің өнерлі екенін. Айналайындар, қазақтың асыл мұраларын жақсы біледі екенсіңдер.
Шашу, шашу шашайық,
Ақ сандықты ашайық.
Бұл мереке, бұл тойда,
Би билеп, ән салайық!
Би: «Қара жорға».
Әже: Ата дәстүр абырой көтергенде,
О, бұл сөздер сүйектен өтер демде!
Тоқталамыз енді біз, ал халайық,
Қанатты сөз, мақал мен мәтелдерге. Бүгінгі тойымыз қызықты өту үшін келесі танымды ойынға берейік. Мына қоржында асықтар салынған. Ол асықтардың бетінде сан жазылған. Қоржыннан кез келген бір асықты аласыңдар. Шыққан сол санға байланысты отбасына, тәрбиеге байланысты мақал-мәтел айтасыңдар.
Әже:Өте білімді, өнерлі, алғыр балалар екенсіңдер!
Баталы құл арымас,
Батасыз құл жарымас,
Батаменен ел көгереді,
Жауынмен жер көгереді, - дегендей, бата берілсін. «Алтын алма, бата ал» деген, бата беру жақсы дәстүр. Бата - сөз өнерінің бір түрі.
Бата:Елбасымыз аман болсын,
Бақыт орнаған заман болсын.
Аспанымыз ашық болсын,
Ел іргесі берік болсын,
Ғылым-білім серік болсын!
Алла тілегімізді қабыл етсін. Аумин!
Қорытынды: Әдет - ғұрып, салт - дәстүрі қазақтың,
Жарасымды, ұнасымды, ғажап шың.
Ұмыт болған дәстүрлерді сақтайық,
Насихаттап, жаңартудан қашпайық.
Құрметті ұстаздар! Сіздер бүгін «Салтым - асыл қазынам» атты тамашаладыңыздар. Қазақ халқының әрбір тұжырымды ойы, мақал - мәтелі, тыйым сөздері - тәрбиенің мол мұрасы екендігін, оның күнделікті өмірде қажеттілігін көрдік. Халқымыздың әдет – ғұрып пен дәстүрін, тарихын біліп, оны қастерлеп, бүгініміз бен келешегіміздің нәрлі қайнарына айналдыру, әрқайсымыздың азаматтық борышымыз деуге болады. «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар» демекші, салтын сүйген әрбір жас ұрпак болашақта халқын сүйетін, еліне адал қызмет ететін, тілінің, салт- дәстүрінің жанашыры болатындығына сенімдімін.Еліміздің жарқын болашағы сіздердің колдарыңызда, құрметті окушылар!
Ән: «Атамекен.».
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Ел үмітін ақтаймыз, ата салтын сақтаймыз.
« Ата –баба дәстүрі ұрпаққа үлгі»
Жеті атаңды білесіңбе?
Халқын сүйген, салтын сүйер.
Қазақтың тыйым сөздері
Қазақ халқының салт-дәстүрлері
Қазақ халқының әдет-ғұрып, салт-дәстүрін ардақтайық!
«Жыл басы- Наурыз»
үлгілі отбасы
Қазақ халқының әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлері.
Бөлім: Уроки / Тәрбие сағаты | Көрсетілім: 38230 | Қосты: Ислямбекова Лимара Қалымбековна | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык