|
|
Құстардың туған жерге оралуы. Ұрпақ қамы. Үй
құстарын көктемде күтіп-бағу.
Сабақтың тақырыбы: Құстардың туған жерге оралуы. Ұрпақ қамы. Үй құстарын көктемде күтіп-бағу.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға көктем мезгіліндегі құстар тіршілігінің басты ерекшелігі, балапандарына қамқорлығы жайында түсіндіру, құстардың түрлері туралы білімдерін толықтыру, үй құстарының ерекше жағдайлары жайында әңгімелеу.
Шығармашылық қиялын, ой-өрісін, есте сақтауын, ой қорыту, талдау, жинақтау, салыстыру қабілеттерін дамыту, өзіндік ізденіс дағдыларын қалыптастыру.
Құстарға қамқорлық жасауға, қорғауға тәрбиелеу
сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
сабақтың типі: аралас сабақ
сабақтың формасы: ұжымдық, жұптық, жекедара
сабақтың көрнекілігі: сызбанұсқалар, слайдтар
сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, баяндау, ізденушілік, проблемалық, көрнекілік
пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу
техникалық жабдықтар: интерактивтік тақта
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру
Психологиялық дайындық
-Армысың, сұлу күн!
-Армысың, ашық аспан!
-Қайырлы күн, баршаға!
- Үй тапсырмасы
1. Оқушылар үйге берілген «Малды көктемде күтіп-бағу»мәтінін тізбектей оқып, мазмұнын баяндайды.
2. Қосымша тапсырмалар бойынша төрт түлік туралы өлеңдер оқып, мақал-мәтелдер, жұмбақтар айтады.
Үй тапсырмасын бекіту
Себеп-салдарды айқында
- Малды арнаулы қорада төлдетеді, себебі...
- Жас төлді қосымша қоректендіреді, себебі...
- Күн жылына малды өріске жаяды, себебі...
- Малды адам күтіп-бағады, себебі...
III. Жаңа сабақ
Айдары: Қанатты достар әдемі,
Қорғайық достар, әлемді!
Жұмбақ: Көкте ұшады тізіліп,
Біз қараймыз қызығып. (құстар)
- Сызба бойынша жануарлар тобын еске түсіру, әрқайсысына түсінік беріп өту.
- Мәтін мазмұнын түсіндіру.
- Оқулықпен жұмыс. Мәтінді өзбетілік, тізбектей оқу
- Оқулық соңындағы тапсырмаларды орындау
С е р г і т у с ә т і
Қане қанат жазайық,
Құстарға біз ұқсайық
Ұшып- ұшып алайық
Орнымызға қонайық
Ұқсастық пен даралық
Жабайы құстар ұқсастығы үй құстары
өздігінен тіршілік етеді құстар қолда бағылады
табиғат сәні жұмыртқасы
орман емшісі мамығы
Ситуациялық сұрақ: Орманда келе жатырсың,ағаш басынан құстың балапаны құлап түсті. Не істер едің?
Ойын: «Жалғастыр»
Не істеу керек? Не істеуге болмайды?
IV.Бекіту. Жинасаң ойдың түйінін,
Не ұғындың, не білдің?
Тест «Дұрыс немесе бұрыс»
- Құстар- көктемде туған жерге оралады
- Ең бірінші ұзақ ұшып келеді
- Көпшілік құстар көктемде балапандайды
- Көктемде құстар тіршілігінде көп қиындық кездеспейді
- Үй құстарының пайдасы жоқ
Жұптық тексеріс Кілті: 1+
2+
3+
4-
5-
V.Қорыту. Табиғат Ана, құшағын саялайық,
Қорғау үшін күш-жігер аямайық.
Ол болмаса, сен жоқсың,осыны ұқ!
Адамзат! Табиғатты аялайық!
Бағалау
Үйге тапсырма: 1. мәтінді оқу
2. «Құстар- біздің досымыз» тақырыбына әңгіме құрастыру.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |