Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Болымды және болымсыз етістік.


Болымды және болымсыз етістік.

            Болымды және болымсыз етістік.                                                           

Сабақтың  тақырыбы: Болымды және болымсыз етістік.

Сабақтың мақсаты: а/ Етістіктің ережесін еске түсіре отырып, болымды және  

                                    болымсыз етістік  болып екіге бөлінетінін  түсіндіру.

                                ә/ Ата-бабамыздан  асыл мұра болып қалған тілімізді, салт-дәстүрі-

                                 мізді біліп үйренуге  тәрбиелеу.

                                б/  Ауылдарға бөлініп байланыстырып сөйлесуді, салауатты жазу

                                  дағдыларын жетілдіру.

Сабақтың көрнекілігі: Ауыл аттары, үй жануарлары, мазмұнды суреттер, макет.

Сабақтың түрі:  Саяхат сабағы.

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, венн диаграммасы, топтық жұмыс.

                  Сабақтың барысы.

І.Ұйымдастыру бөлімі:  Психологиялық  дайындық.

ІІ. Үй тапсырмасы: Негізгі және туынды етістік./ қорытындылау/

          Етістік негізгі және туынды болып бөлінеді.  Түбір сөзден  болған етістікті негізгі етістік дейміз. Мысал келтіру.

          Түбір сөзге жұрнақ жалғау арқылы жасалған етістікті туынды етістік

дейміз: шегеле, ақылдас.

ІІІ.Жаңа сабақ.     Етістік

  Заттың іс-әрекетін білдіретін сөздерді етістіктің сұрақтары:  Не істеді?   Неғылды?     Қайтті?  дейміз.                                  

     Құрамына  қарай                 Тұлғасына  қарай                   Мағынасына  қарай

                              Оқулықпен  жұмыс             347-жаттығу

Қосымшалы етістіктерді көшіріп жаз.

Түбір мен жұрнақты тиісті белгімен белгіле. Жазба,ойнама,күлме,айтпа, барма,келме.

   Балалар, біз бүгін ата-баба еліне саяхатқа шығамыз. Кез-келген адам саяхатқа барғанда сол жердің елімен,жерімен танысады.Жақсы нәрселер болса көріп,үйренеді.Біздің ата-бабамыздың болашақ үрпағына асыл мұра етіп қалдырған тілі,салт-дәстүрі, әдет-ғұрыптары бар. Болашақ ұрпағының білімді, тәрбиелі болғанын армандаған.

 Осы саяхатқа біздің халықтың қамын ойлаған, елге жақсылық жасап, ақ батасын беріп жүрген Қызыр бабамызды қарсы алайық;

  Қызыр баба:   Оқусыз  білім жоқ,

                          Біліміз күнін жоқ.

                          Ақыл тозбайтын тон,

                          Білім-таусылмайтын кен   

    Ендеше, балаларым, білімімізді ортаға салайық.

Топпен жұмыс:

1.Білім ауылы. Жеті қазына, сат-дәстүрлерді айту.

348-жаттығу. Берілген етістіктерге –ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе жұрнақтарын жалғап, болымсыз етістік жаса.Болымсыз етістіктерді көшіріп жаз.

  Жонба, үрлеме, кеспе, тартпа, тастама, сұрама, отырма, үзбе.

2.Өнер ауылы.Ұлттық киімдер, зергілік бұйымдар, ою-өрнектер.

349-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жаз.Болымсыз етістіктерді тап. 1.Бір істі бастасаң, аяқсыз тастама. 2.Білгеніңді білгеннен сұрауға арланба.3.Еріншектің ертеңі таусылмайды.4.Ешқашан өтірік айтпа.

     Келесі ауылға қарай жол тартайық.

3.Төрт түлік мал ауылы.

Ата-бабамыз ежелден мал бағуды кәсіп еткен. Себебі малдың еті, жүні,сүт пайдалы. Ішсең-тамақ, кисе-киім,жүрсе-көлігі болған.

–Балалар,қазір үй жануарларына байланысты ойын ойнаймыз. Тақтаға үй жануарларының суреті салынған плкат ілінеді.

Мұғалім көрсетіп тұрады, оқушы сұрақ жауап береді.

-Не? Жылқы.             –Не? Сиыр.                 –Не? Қой.          –Не? Түйе.

-Қай сөз табы          -Зат  есім

-Малдың төлдеуіне байланысты қимыл іс-әрекетті білдіретін етістіктерді ойлаңдар.

-Жылқы не істейді?

- Құлындайды.Сиыр бұзаулайды.Түйе боталайды.Қой қоздайды. Ешкі лақтайды.Ит

күшіктейді.Мысық балалайды.Тауық жұмыртқалайды.

    Дидактикалық материалдармен жұмыс.

Болымды етістіктен болымсыз етістік жасаңдар.

Жаз, ойла,күл,отыр,қара,өт,айт,кел,бар,тұр, жүр,күрес,біл,оқы, т.б.

4.Қонақкәде ауылы.ән-күй аспаптары, ұлттық ойындар.

Қонақтар тек ішіп-жеп кетпей, ән айтып,жыр жырлап отырған.

Ендеше біз де бұл ауылда жұмбақ шешіп, мақал-мәтел жаттайық.

1.Көзге көрінбейді,                           Өзіңді-өзің силамасаң,

  Қолға ілінбейді.                              Өзгеден сый дәметпе.

  Кейде сипап өтер,                            Атаңның баласы болма,адамның

 Кейде ұйпап кетер                            баласы бол.

                         / Жел/    Болымсыз етістіктің астын сыз.

  351-жаттығу

Еңбек етсең ерінбей

Тояды қарның тіленбей.

Қорытынды: Сұрақ-жауаптар. Шеңбер ойыны.

                 Болымды                 Етістік                   Болымсыз

 

Бағалау:Өз-өздеріңді тексеріңдер / тест/

Қолдарыңдағы әріптерін көтеріп, жауап беру.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Салт және сабақты етістік.
Болымды және болымсыз етістік.
Болымды және болымсыз етістік.
Сабақты етістік пен салт етістік
Болымды және болымсыз етістік
Етістікті қайталау
«Етістіктің түрлері» тақырыбы бойынша
Болымды және болымсыз етістік
Етістік
Етістіктің жіктелуі
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 4993 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык