Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Сөйлем мүшелері


Сөйлем мүшелері

 Сөйлем мүшелері

Сабақтың тақырыбы:  Сөйлем мүшелері

Сабақтың мақсаты: а) Сөйлем мүшелері, тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелер туралы алған

                                          білімдерін пысықтау.

                                     ә) Сөйлем ішінен тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелерді сұрақ қою арқылы таба

                                         білу дағдыларын арттыру.

                                     б) Оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: жаттығу, практикалық.

Сабақтың түрі: Сыни ойлау

Сабақтың көрнекілігі: белсенді тақта, топшама

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру бөлімі.

Оқушылардың сабаққа дайындығын қадағалау.

Бүгінгі сабақтың бағалау шкаласымен таныстыру.

II. Қызығушылықты ояту «ой қозғау».

Өтілген материалды тексеру, қорыту.

 Дыбыс үндестігі дегеніміз не ?

 Буын үндестігі дегеніміз не ?

 Сөз тіркесі қалай жасалады ?

Жай сөйлеммен құрмалас сөйлемді қалай ажыратамыз ?

III. Мағынаны тану.

 - І –ші слайд.

-Жалаң сөйлем дегеніміз не?

(Тек тұрлаулы мүшелерден тұратын сөйлемді жалаң сөйлем деп атайды. )

-Жайылма сөйлем дегеніміз не?

(Тұрлаулы мүшелерден басқа, тұрлаусыз мүшелердің қатысуымен жасалған жай сөйлемнің түрі жайылма сөйлем деп аталады.)

Сөйлем мүшелерінің өзіндік белгілерін еске түсіру:

1.Сөйлем мүшесі белгілі бір сұраққа жауап береді.

2.Толық мағыналы сөз немесе күрделі сөз сөйлем мүшесі болады.

3.Сөйлем мүшесі бір сөзден де, бірнеше сөзден де жасалады.

2.Оқулықпен жұмыс.

1-жаттығу.

Сөйлемді көшіріп жазу.

Бастауыш пен баяндауышты тауып, астын сызу.

-Сөйлемнің бастауышы мен баяндауышын алып тастап, оқып көрейікші. Не байқадыңдар?

-Тұрлаусыз мүшелердің өздері сөйлем бола алмайды. Сөйлемдегі ой әр уақытта тұрлаулы мүшелер, яғни бастауыш пен баяндауыш арқылы білінеді.

2-жаттығу.

Жұмбақты көшіріп жазу. Тұрлаусыз мүшелерді тауып, сұрақ қою.

 

Мейіріммен сүйеді ол бар адамды,

Өзіне жаратпайды қарағанды.                   (күн)

Көкшіл айна үйдегі

Көрсетеді киноны.                 (теледидар)

Топпен жұмыс

3-жаттығу

 І –топ

Сурет бойынша әңгіме құрастырып жазу. Сөйлемдерден тұрлаулы мүшелерді белгілеу.

ІІ - топ

Сурет бойынша өлең құрастырып жазу. Сөйлемдерден тұрлаулы мүшелерді белгілеу.

 

5-жаттығу.

Өлеңді мәнерлеп оқыту.

Қандай? деген сұраққа жауап беретін сөздерді атату.

-Ол сөздер сөйлемнің қандай мүшесі болады?

 

IV. Сабақты бекіту. Ой толғаныс.

Семантикалық карта

 

                    Сөйлем

  бастауыш

   баяндауыш

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

V. Бағалау.

                             8 – 9 балл           « 5 »

                             6 - 7  балл           « 4 »

                             4 – 5 балл           « 3 »

Аты, жөні

Жаңа сабақты түсінуі

1     2        3

Топтық жұмыс

 

 1    2       3

Жаңа сабақты талдау

 1     2      3

Жалпы балл

 

 

 

 

 

 

 

 

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Жалаң сөйлемді жайылма сөйлемге айналдыру.
Жай сөйлем түрлерін қайталау
Жалаң және жайылма сөйлемдер
Тұрлаусыз мүшелер
Жалаң және жайылма сөйлем
Қазақ тілі 8 сынып
Тұрлаулы мүшелер
Тұрлаулы мүшелер
Бастауыш
Сөйлем мүшелері
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 2896 | Қосты: Ескайрова Айсулу Жаксылыккызы | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык