Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Оксидтердің химиялық қасиеттері, қолданылуы.


Оксидтердің химиялық қасиеттері, қолданылуы.

Оксидтердің химиялық қасиеттері, қолданылуы.

Тақырыбы:

§ 45Оксидтердің химиялық қасиеттері, қолданылуы.

 

Мақсаты:

                 Білімділік:

 

 

 

 

 

 

Дамытушылық:

 

 

 

 

Тәрбиелік:

 

 

 

 

Оқушыларға оксидердің құрамы,химиялық қасиеттері, оксидтердің бір-бірінен айырмашылығы, қолданылуы туралы түсіндіру, химиялық реакция теңдеулерін жазып, теңестіре білуге баулу. Оксидтер туралы білімін қорыту.

 

Оқушылардың іскерлігін, өз бетімен ізденуін, ой-өрісін, шығармашылық мүмкіндігін дамыту, ғылыми көзқарасын қалыптастыру.

 

Оқушыларды бірлесіп жұмыс жасауға, жауапкершілікке, ұйымшылдыққа, белсенділікке тәрбиелеу.

 

Сабақтың типі:

    Жаңа сабақ

                   Сабақтың әдісі:

Түсіндірмелі сұрақ – жауап, әңгімелеу, слайд арқылы көрсету

 

Сабақтың типі:

    Дәстүрлі

Көрнекілігі:

Интерактивті тақта, кесте, слайд

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру бөлімі
  2. Үй тапсырмасын сұрау кезеңі
  3. Жаңа сабақ
  4. Бекіту кезеңі
  5. Үйге тапсырма
  6. Бағалау

Ұйымдастыру кезеңі:

Амандасу, оқушыларды түгендеп, сабаққа дайындығын тексеру.

Үй тапсырмасын сұрау кезеңі:

§ 44 Оксидтердің жіктелуі, алыну жолдары түсінігін сұрау, есептерін тексеру.

Жаңа сабақ:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қышқылдық және негіздік оксидтердің қасиеттері әртүрлі.

Бірінші қышқылдық оксидтердің химиялық қасиетін қарастырайық.

  1. Кейбір қышқылдық оксидтер сумен әрекеттесіп қышқылдар түзеді

Р2O5+ЗН2O=2Н3РO4;

SO2+H2O=H2SO3;

СO22O=Н2СO3

SO3+H2O=H2SO4;

Мысалы, күлгін лакмус ерітіндісі тамызылған суға көмірқышқыл газын жіберсек, оның түсі күлгіннен біртіндеп қызыл түске өзгереді. Нәтижесінде әлсіз, тұрақсыз көмір қышқылы түзіледі.

қышқылдық оксид + су = қышқыл

  1. Қышкылдық оксидтер негіздік оксидтермен әрекеттесіп тұз түзеді

CO+ CaO = CaCO3

P2O+3Na2О = 2Na3PO4

қышқылдық оксид + негіздік оксид = тұз

3.  Қышқылдық оксидтер сілтілермен әрекеттесіп тұз және су береді

SO+ 2NaOH = Na+ H2O

CO2  + Ca(OH)= CaCO3+ H2O

қышқылдық оксид + сілті =тұз+су

 

Енді негіздік оксидтердің қасиеттеріне тоқталайық.

1.Белсенді металдардың оксидтері сумен әрекеттесіп сілті түзеді

Na2O+H2O=2NaOH

CaO+H2O=Ca(OH)2

Осы реакциялардың ішінен екіншісін тәжірибе жасап көрсек, яғни сөндірілмеген әкке су құйып, үстіне бір тамшы фенолфталеин тамызсақ, оның түсі таңкурай түске өзгереді, ол әрине сілтінің ерітіндісі түзілгендігіне дәлел болады.

  1. Негіздік оксидтер қышқылдармен әрекеттесіп тұз және су түзеді

CaO + 2HCl = CaCl+ H2O

CuO + H2SO= CuSO4+ H2O

негіздік оксид + қышқыл = тұз + су

Енді екідайлы оксидтердің қасиеттері. Олар қышқылдармен де негіздермен де реакцияға түсе алады. Олар негізінен қатты күйде кездеседі.

1) Қышқылдармен әрекеттескенде негіздік оксидтің қасиетін көрсетеді:

             ZnO + 2HCl = ZnCl22O

2)Сілтілермен әрекеттескенде қышқылдық оксидтің қасиетін көрсетеді:

             ZnO + 2NaOH = Na2ZnО+ H2O

                                     мырыш цинкаты

 

 

                                                

    +         

                +                 →           +

 

 

 

 

               Бекіту кезеңі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.Формулалары берілген мына оксидтердің: Na2O, CaO, P2O5,CO2 сумен қосылу реакциясының теңдеулерін жазып, қайсысы сілті, қайсысы қышқыл түзетіндігін түсіндіріңдер.

Na2O + H2O = 2NaOH сілті

CaO + H2O = Ca(OH)2   сілті

          P2O5 +  3H2O = 2H3 PO4 қышқыл

СO+ Н2O = Н2СO     қышқыл

2. Төмендегі айналуларды жүзеге асырыңдар.

а)Cu→ CuO→CuCl2→Cu(OH)2→CuO→Cu

      2Cu + O2 → 2CuO

      CuO + 2HCl →CuCl+ H2O

      CuCl+2NaOH→Cu(OH)+ 2NaCl

      Cu(OH)2→CuO +  H2O

      CuO + H2→Cu +  H2O

 б) P→P2O5→H3PO4→Ca3(PO4)2

        4P + 5O2 → 2P2O5

      P2O+ 3H2O →2H3PO4

      2H3PO+ 3Ca(OH)2→Ca3(PO4)+ 6H2O

  в) C → CO2→ Na2CO3→ CO2 → CaCO3

         C + O2→ CO2      

      CO2  + Na2O → Na2CO3

          Na2CO3+ HCl→ NaCl +CO2↑+ H2O

      CO2 + CaO→ CaCO3

 

3. (5.25) Көптеген металл оксидтері сәйкес металдар алу үшін қолданылады.Сутекпен әрекеттестіріп 10 кг мыс алу үшін:

а) мыс (I) оксидінің;

б) мыс (II) оксидінің қандай массалары қажет болатынын табыңдар.

Шешуі: Cu2O + H2 = 2Cu + H2O

                х -------- 10 кг

              144г/моль --------128г/моль 

                                                 х = 11,25 кг

              CuO + H2 = Cu + H2O

                 х -------- 10 кг

               80 г/моль -------- 64 г/моль 

                                                 х = 12,5 кг

4. 0,04кг мыс (II) оксидін толық еріту үшін күкірт қышқылының массалық үлесі 24% , тығыздығы 1,170 г/см3 ерітіндісінің қандай көлемі керек екендігін есептеңдер.

Бер: m (CuO)=0.04кг=40г

         W(H2SO4)=24%

          Ρ = 1.170 г/см3

т/к: V-?    

         CuO+H2SO4= CuSO4+ H2O

             40кг-------------х

           80г/моль------- 98г/моль                     х=49кг

Енді 100% дағы заттың массасын табамыз.

 49г -------- 24%

   х  --------- 100%

х=204г

m = p • V                 V= m/p   204/1.170

 

 

 

Үйге тапсырма:

§ 45 Оқсидтердің химиялық қасиеттері, қолданылуы. Тақырып соңындағы 5,7,10 жаттығуларды орындау

Бағалау

 

 

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Азотты органикалық қосылыстар. Аминдер.
НЕГІЗДЕРДІҢ ЖІКТЕЛУІ, АЛЫНУЫ, ҚАСИЕТТЕРІ
Оксидтердің жіктелуі, аталуы мен алу жолдары
Көміртектің қосылыстары
Азот қышқылы және оның тұздары
Негіздердің жіктелуі, алынуы, қасиеттері, қолданылуы
Натрий, қасиеттері, алынуы, қолданылуы
Алғырлар, тапқырлар, білгірлер
Оксидтердің химиялық қасиеттері. Қолданылуы
Судың құрамы, физикалық және химиялық қасиеттері, маңызы
Бөлім: Уроки / Химия | Көрсетілім: 14306 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык