Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Дүниетану пәні бойынша тест жинағы


Дүниетану пәні бойынша тест жинағы

Дүниетану  пәні бойынша  тест жинағы

Түсінік хат

       Дүниетану пәні бойынша тестілер жинағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының міндеттері мен талаптарын ескере отырып құрылды.

     Бастауыш білім берудің негізгі мақсаты-оқушының жас ерекшелік және жеке дара мүмкіндіктерін ескере отырып , оқушы тұлғасын дамыту.Осы мақсаттың орындалуына құрылған дүниетану бойынша ұсынылып отырған тест тапсырмалар мазмұнының сипаттамасы:

-        оқушының қоршаған орта туралы ;

-        жер бетіндегі адамзат және табиғат туралы білім;

-        еліміздің экономикалық сипаттамасы;

-        шаруашылығы туралы білімдерін жетілдіреді

     Тест сапалы да, нәтижелі болу үшін сұрақтары дәл,  анық, ұғымды, әрі қысқа.Яғни, ол оқушылардың жас ерекшеліктеріне , шама-шарқына қарай құрастырылған. Тестінің соңғы тапсырмалары логикалық , танымдық ойлау қабілетіне  берілген. Тест 3-4 сынып оқушыларының бастауыш буында алған білімдерін бақылауға  және мемлекетаралық бақылау кезінде көмек құралы ретінде ұсынылады.

Тест  түрі

А. Жауап таңдау тесті – берілген үш жауаптың дұрысын табу арқылы оқушының ойлау қабілетін дамытуға негізделді

Тапсырма формасы

      Берілген үш жауап нұсқасында бір дұрыс жауапты таңдау, берілген сұрақтарға бірден жауап жазу.

Нұсқау: “Таңдаған жауапты дөңгелекше арқылы белгілеуі қажет”

Тесттерді құрастыру және пайдалану кезінде ескерілетін ұйымдастырушылық талаптар:

-         Сыналушының ешқайсысына артықшылықтар берілмейді. Барлығы бірдей жағдайда,бірдей сұрақтарға жауап береді.

-         Алдын-ала дайындалған нәтижелерді бағалау шкаласы барлығына бірдей қолданылады.

-         Нәтижелердің бұрмалауын болдыртпау шаралары қолданылады.

(біреуден көшіру,біреуге айту т.б.)

-         Тест материалының мазмұны туралы хабарлардың алдын-ала таралуына жол бермеу.

Тапсырмаларды орындау уақыты:

     Тестінің бір тапсырмасын орындап шығуға берілген уақыт –    1,5 минут

Тестінің толық орындалу уақыты - 45 минут.

Тест жинағын пайдалану мерзімі:

    Тараулар біткенде немесе тоқсан аяғында оқушы білім деңгейін тексеруге арналған

3 сынып оқушыларының білім деңгейін тексеру  барысындағы                    тест тапсырмалары

І нұсқа

  1. Иіс сезу мүшесін көрсет.

а) мұрын

ә) құлақ

б) тері

  1. Табиғат заттары мен құбылыстарын тікелей көріп, ұстап, дыбысы болса тыңдап, естіп зерделеу жолдарын қалай атайды?

а) тәжірибе жасау

ә) бақылау әдісі

б) зерделеу

  1. Дені сау адамның тамыры неше минутта неше рет соғады?

а) 2 минутта 40-50 рет соғады

ә) 3 минутта 20-30 рет соғады

б) 1 минутта 60-80 рет соғады

  1. Адамда қанша жұп қабырға болады?

а) 12 жұп

ә) 14 жұп

б) 16 жұп

  1. Омыртқа жотасы неше омыртқадан тұрады?

а) 35-36

ә) 33-34

б) 23-25

  1. Дене деп нені атаймыз?

а) заттар

ә) тәжірибелер

б) Адамды жан-жағынан қоршаған нәрселердің бәрін атаймыз.

  1. Ауаның температурасын қандай аспаппен өлшейді?

а) термометр

ә) сағат

б) метр

  1. Денелер нешеге бөлінеді?

а) 3

ә) 2

б) 4

  1. Белгілі бір заттың өлшемі кішірейтілгенін көрсететін санды қалай атайды?

а) сантиметр

ә) метр

б) масштаб

  1. Жер бетінің қағазға өте кішірейтіліп салынған бейнесін қалай атайды?

а) географиялық карта

ә) физикалық карта

б) саяси карта

  1. Адам, жануар және өсімдік несіз тіршілік ете алмайды?

а) сусыз

ә) ауасыз

б) тамақсыз

  1. Жер бетіндегі ауаның бір жерден екінші жерге ауысуын қалай атайды?

а) боран

ә) тұман

б) жел

  1. Желдің күші мен бағытын ауа райын бақылайтын станцияларда қандай арнаулы құралмен анықтайды?

а) желбағар

ә) ұзындық

б) термометр

  1. Пішініне қарай бұлт неше түрге бөлінеді?

а) 5

ә) 4

б) 2

  1. Жауын-шашынның түрлерін көрсет.

а) тұман

ә) шық

б) жаңбыр, қар, бұршақ

  1. Ауа райының жай-күйін қайда бақылап отырады?

а) метеорологиялық станцияларда

ә) ауа райы карталарында

б) қондырғыларда

  1. Әр адам тәулігіне неше литр ауа жұтады?

а) 20 литр

ә) бірнеше мың литр

б) 500 литр

  1. Жер бетіндегі ең көп таралған зат - ...

а) құс

ә) топырақ

б) су

  1. Табиғатта су үш күйінде болады. Соны көрсет.

а) сұйық, қатты, газ

ә) ащы, тұщы, сұйық

б) таза, қатты, газ

  1. Біздің заманымызда өзен суының күшін пайдаланып нені өндіреді?

а) жер асты суын

ә) электр энергиясын

б) жылуды

 

 

 

                                       ІІ нұсқа

 

  1. Әр адам тәулігіне тамаққа және ішуге неше литр су жұмсайды?

а) 2-3 литр

ә) 4-5 литр

б) 10-20 литр

  1. Жер қыртысын толтырып жатқан денелер қалай аталады?

а) топырақ

ә) тау жыныстары

б) құм

  1. Тығыз тау жыныстарына нелер жатады?

а) құм

ә) саз

б) тас көмір

  1. Жерден қазып алынып, адам қажетіне жұмсалатын тау жыныстарын қалай атайды?

а) пайдалы қазбалар

ә) топырақ

б)тамыр

  1. Пайдалы қазбалар қолданылуына қарай неше топқа бөлінеді?

а) 5

ә) 3

б) 7

  1. Жердің өсімдік өсетін беткі құнарлы қабаты қалай аталады?

а) құм

ә) саз

б) топырақ

  1. Топырақтың тау жыныстарынан басты айырмашылығы неде?

а) құнарлылығы

ә) түсі

б) түрі

  1. Бұталар тобын қандай өсімдік құрайды?

а) қырыққұлақ

ә) итмұрын

б) картоп

​Жүктеу


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
"Зерде" интеллектуалды ойыны 2 сынып
Суды қорғау
Пайдалы қазбалардың түрлері
Топырақтың ерекшелігі және құрамы.
Пайдалы қазбаларды өндіру және қорғау
Ауаның жер бетіне таралуы. Жел.
Топырақтың маңызы
Шымтезек мүгі
Сипап сезу, дәм сезу және иіс сезу мүшелері
Майда тау жыныстары
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 32250 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык