Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Булану және конденсация. Қаныққан және қаныкпаған булар.


Булану және конденсация. Қаныққан және қаныкпаған булар.

Булану және конденсация. Қаныққан және қаныкпаған булар.

Сыныбы: 8

Күні: 10.10.2014ж

Сабақтың тақырыбы

§15,16 Булану және конденсация. Қаныққан және қанықпаған булар

Мақсаты

Дәстүрлі емес сабақ түрлерінде оқушылардың белсенділігін арттырып, өз жетістіктерін сезініп, әлсіз жақтарына сын көзбен қарауға үйрету.
Алған білімдерін әртүрлі жағдайда қодана білуге дағдыландыру, белсенділігін көтеруге, ойлау қабілеттерін арттырып, өз ойын жүйелеуге , тез шешім қабылдауға дағдыландыру.
Өзара ынтамақтастық, достық қарым –қатынаста болуға баулу.

Күтілетін нәтижелер

Булану және конденсация процестерін түсіндіре алады, екі процесті салыстырады, талдайды, қорытынды жасайды. Булану және конденсация процестерін молекулалы-кинетикалық теория негізінде түсінеді.                     
Табиғаттағы маңызы мен рөлін тереңірек ұғынып, теориялық алған білімдерін практикамен ұштастыра білуге дағдыланады.                 

Сілтеме

Интерактивті тақта, компьютер, термометр, оқулық,  нашатыр спирт,  www.youtube.kz   сайтынан бейнеролик,

чайник.

Сабақ барысы:

Сабақ кезеңдері

Мұғалім  әрекеті

 Оқушы әрекеті

Кіріспе

Сыныптағы психологиялық ахуалды қалыптастыру: оқушылармен амандасу, түгендеу, тренинг «Жаңбыр дауысы» (танысу).

Қима суреттер арқылы топқа бөлу (Күн, бұлт, кемпірқосақ) Сабақ мақсатымен, жоспарымен таныстыру, бағалау критерийімен таныстыру, бағалау парағын үлестіру.

Мұғаліммен амандасады, топқа бөлінеді, оқу құралдарын дайындайды. Сабақ мақсатымен, жоспарымен, бағалау критерийлерімен танысады.

Тұсаукесер

1-тапсырма. Үй тапсырмасын тексеруге өткен тақырыптар бойынша деңгейлік сұрақтар беріледі. Интерактивті тақтадан көрсетіледі.

1. Заттың агрегаттық күйлері не себепті өзгереді? (1б)

2. Қандай жағдайда дене балқиды? (1б)

3. Меншікті балқу жылуы дегеніміз не?  Формуласы мен өлшем бірлігі? (1б)

4. Қорғасынды  қалайы қасықта ерітуге бола ма, аюминий қасықта ше?(2б)

5. Жылы бөлмедегі мұзды тонмен жауып тастаса, оның балқуы шапшаңдай ма? Неге? (2б)

Барлығы орындап болған соң дұрыс жауаптарын әр топ басшыларына таратылады.

Әр оқушы жеке сұраққа жауап береді.

Әр топ басшылары оқушылардың жауаптарын берілген дұрыс жауаппен тексеріп,  ұпайларын айтады.

Алған ұпайларын бағалау парағына түсіреді.

Негізгі бөлім

Жаңа сабаққа кіріспес бұрын мынадай проблемалық сұрақ қоямын.

1.                  Неге шайды үрлейді?

2.                  Майлы сорпаны неге сапырады?

3.                  Әтір, спирт тигізгенде денеміз неге салқындайды?

4.                  Жаздың ыстығында неге ыстық шай ішеміз?

Youtobe сайтынан «Табиғаттағы су айналымы» атты бейнеролик көрсету. Осы бейнероликтен нені байқадық? «Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай?» деген сұрақтар арқылы жаңа сабақ тақырыбы ашылады. Оқушыларды сабақтың мақсатымен, жоспарымен, бағалау бетшесіиен таныстырып, Бу,газ, конденсация, қаныққан, қанықпаған бу жөнінде қысқаша мағлұмат беремін.

Видеокөрсетілім «Газдарды сұйылту»

   2-тапсырма. «Ұшқыр ой» Суретті сұрақтарға жауап береді. (топпен жұмыс) Түрткі сұрақтары, қайта бағыттау, жоғары-төмен деңгейлі сұрақтарды қоямын.

3-тапсырма. «Көршіңе әңгімелеп бер»  

4-тапсырма   Булану және конденсация процестерін салыстыру.

Интернет желісімен (топпен) жұмыс.

1-топ. Булану – техникада

2-топ. Булану – тұрмыста

3-топ. Булану – табиғатта.

Бекіту сұрақтары қойылады.

Осы сұрақ бойынша оқушылар өз ойларын айтады, бір-бірінің жауаптарын толықтырады.

Топ ішінде өзара талқылап, спикерлер өз сөздерімен білгендерінше жауап береді, сұрақтарға жауап береді.

(жақсы түсінгендер және белсенді қатысып отырғандар өздеріңе 2-4 ұпай жазыңдар)

Әр оқушы өз парақтарына белгілеулер жасайды, өз тұжырымдарын ортаға салады, қателерін табады, түсіндіреді.

Оқулықпен, жұппен жұмыс істейді.

Тиісті тақырып астына өздерінің білетіндерінің барлығын жазады.

Оқушылар ноутбукпен тапсырманы топпен орындайды, құбылысты бақылайды, зерттейді, қорытынды шығарады. Бір-бірінің жауаптарын толықтырады.

Қорытынды

Бағалауға нұсқау беру, оқушылардың өзара бағалауын  қорытындылау.

Үйге тапсырма беру: 

«Булану және конденсация. Қаныққан және қанықпаған булар» тақырыбын оқу және жаңа сөздерге глассарий жазу.
Эссе жазу «Адамзат үшін тұщы су қорының маңызы»

Оқушылармен қоштасу

 

Жинаған ұпайларын бағалау парағына түсіру, қорытынды ұпайларын мектеп бағасына айналдыру.

Мұғаліммен қоштасу


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Жылу процестеріне есептер шығару
Булану және конденсация. Қаныққан және қанықпаған булар
Қайнау. Меншікті булану жылуы
Физика пәні бойынша «Заттың агрегаттық күйлерінің өзгеруі» тарауына орта мерзімді жоспарлау
Қаныққан және қанықпаған бу. Қайнау. Ауаның ылғалдылығы
Ақпарат, ақпараттың алуан түрлілігі, оларды өңдеудің тәсілдері
Қаныққан және қанықпаған бу
Булану және конденсация
Қайнау. Меншікті булану жылуы
Булану және конденсация
Бөлім: Уроки / Химия | Көрсетілім: 3698 | Қосты: Темиргалиева Майра Аленовна | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык