Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Сутек-химиялық элемент және жай зат.Сутектің изотоптары.


Сутек-химиялық элемент және жай зат.Сутектің изотоптары.

           Сутек-химиялық элемент  және  жай зат.Сутектің изотоптары.

   Сабақтың тақырыбы:    Сутек-химиялық элемент  және  жай зат.Сутектің изотоптары.

Сабақтың мақсаты:

 Білімділік: Сутектің химиялық элемент және жай зат ретіндегі түсінігін қалыптастыру мақсатында элементті сипаттауға ерекше мән беріп, білімдерін дамыту, табиғатта таралуы және алыну жолының ерекшеліктерін өткен сабақпен байланыстыра отырып түсіндіру.

 Дамытушылық:  Экзо, эндотермиялық реакцияларды қайталай отырып оқушылардың дұрыс шешім қабылдай білу дағдыларын жетілдіру, белсенділік икем дағдысын қалыптастыру.

 Тәрбиелік: Экологиялық тәрбие беру.

 Сабақтың түрі:  жаңа сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері:  СТО стратегиялары, зертханалық жұмыс

Құрал-жабдықтар,көрнекі құралдар:Газ жинайтын құрал (тұрғы,сынауық, спиртшам), Кипп аппараты, мырыш , тұз қышқылы, күкірт қышқылы,кальций,су, периодтық кесте.

Пәнаралық байланыс:   әдебиет, тарих

Күтілетін нәтиже: Оқушылар эксперименттік тәжірибелердің орындалуын мұқият қадағалап, қауіпсіздік ережесін еске түсіреді, зертханалық тәжірибелерден қорытынды жасап,реакция теңдеулерін жазып,реакция типтерін ажырата біледі.

          САБАҚТЫҢ  ЖҮРУ  БАРЫСЫ:

І. Ұйымдастыру бөлімі

ІІ. «Қызығушылықты ояту»

       1.    « Миға шабуыл»

n  1.Заттар нешеге жіктеледі?  Жай және күрделі заттар дегеніміз не?

n  Химиялық элемент дегеніміз не? Оттек элементіне сипттама беріп көрелік( аты, таңбасы, сал.ат.массасы, молекуласы, сал.мол.массы,валенттілігі, периодтық кестеде орны бар,аллотропиялық түр өзгерісі бар)

n  3.Химиялық реакцияның неше типі бар? Атаңыз

n  4.Термохимиялық реакция дегеніміз қандай реакция,ол нешеге жіктеледі?

 2. « Семантикалық карта»

 

Қосылу реакция

сы

Айырылу реакция

сы

Орын

 басу реакция

сы

Алмасу

реакци

ясы

Экзо

Термия

лық реак

ция

Эндо

Термия

лық реак

ция

   Са + О2    =  2СаО

+

 

 

 

 

 

   Fe + CuCI2 = Cu + FeCI2

 

 

+

 

 

 

   CaCO3 = CaO  +  CO2 - Q

 

+

 

 

 

+

   HCI + NaOH = NaCI + H2O + Q

 

 

 

+

+

 

    2H 2O =   2H2  + O- Q

 

+

 

 

 

+

    2H2  + O =  2H 2+ Q

+

 

 

 

+

 

 

ІІІ.  «Мағнаны тану»

  1. «Мені тап»

Мен судың арғы тегімін,

Серігімін оттек атты серінің.

Ежелден ең жеңіл газбын,

Оттекке қарағанда азбын.

    1 пайыз ғана жер бетіне тарағам,

     Ғаламшарда  92 пайызбын.

     Бармын газбен көмір,мұнайда,

     Болашақта өзім отын бола алам.        (Сутек)

 Бүгінгі сабақтың тақырыбы (тақтамен, дәптермен жұмыс)

 Химиялық таңбасы :   Н ,  Ar( Н ) = 1,008  м.а.б.                

                                          Н2 ,Mr (Н2= 2 м.а.б.

          Н2   ↑, и , т, суда АЕ (100Vсуда -  2V Н2 ериді).

 n   Жер бетінде оттекке қарағанда сутек едәуір аз.Ең көп тараған қосылысы- Н2О

n   Күн жүйесі планеталарының 92%-ін сутек атомы құрады.

n    Сутектің жер қыртысында газ күйіндегі метанның, қатты тас көмірдің, сұйық күйдегі мұнайдың, көптеген минералдар мен тау жыныстарының құрамында оттекпен қатар сутек те кіреді. Жер қыртысындағы сутектің массалық үлесі 1 %. Ол аз болып көрінгенмен, шындығында жердегі әр 100 атомның, шамамен, 10 атомы сутектің үлесіне келеді.

n  Сутекті отын ретінде пайдаланған тиімді. Әзірше сутекті көп мөлшерде өндіруге болатын шикізаттар – метан мен суды айыру қымбатқа түсіп отыр. Келешекте автомобильдерді сутек отыны көмегімен жүргізуді дамыту көзделуде.

Жер қыртысындағы сутектің мөлшері:

 Жер бетінде сутек бос күйінде кездеспейді, көп тараған қосылысы-су. Судағы сутектің массалық үлесі 11 пайыз. Сонымен қатар сутек табиғатта қосылыстар құрамында кездеседі

                                                                                                                             

Минералдар мен тау жыныстарында

 Мұнай құрамындағы метан газында

Жануарлар мен өсімдіктер организмінде

  

Сутектің ашылуы

Сутекті алғаш ХҮІ ғасырда неміс дәрігері ПАРАЦЕЛЬС  ашқан.

 ▪1776 жылы ағылшын ғалымы Г.Кавендиш сутектің қасиетін анықтап,басқа газдардан айырмашылығын анықтап берген.

 ▪Француз ғалымы А. Лавуазье сутекті алғаш судың құрамынан бөліп алды және судың құрамы сутек пен оттектен тұратындығын дәлелдеді. Ол сутектің жай зат екенін анықтап, оған “гидрогениум” деп ат берген. Латынша бұл “су тудырушы” дегенді білдіреді.

         Генри Кавендиш                                                         Антуан Лавуазье

 Өнеркәсіпте алынуы:

 

  1. Жер бетінде су кең тарағандықтан өнеркәсіпте сутекті алудың негізгі әдісі – суды тұрақты электр тогының көмегімен айыру болып табылады.

      2H 2O =   2H2  + O2

  1. CH4 +  2H2O = CO+  4H2  -165 кДж

    Зертханада алынуы:

 Сынауыққа 1-2 түйір мырыш салып, үстіне сұйытылған тұз немесе күкірт қышқылын құяды. Реакцияның жүре бастағанын сұйықтың бетінде газ көпіршіктерінің пайда болуынан байқауға болады. Ол – сутек газы.

Сутек газының бөлінгенін дәлелдеу үшін сутек жиналған сынауықты жанып тұрған спиртшамға жақындатса «пах» деген дыбыс шығарады.

  1. Zn + H 2SO4 =  ZnSO4  +    H2  ↑        
  2. Zn + 2 HСІ   =  ZnСІ2   +     H2  ↑ 

Белсенді ме.  +  қышқыл     =   тұз   +  сутек

       5  Са  +  2 Н2О   =   Са ( ОН )2  +  Н2

      6.   2Nа + 2 Н2О   =   2 Nа ОН    +   Н2

Белсенді ме.  +   су     =   металл гидроксиді   +  сутек

      Зертханада сутекті жинау әдістері:

        ( оттегін жинау әдісімен салыстыру)

Ауаны ығыстыру  арқылы            Суды ығыстыру арқылы      

Сутегін зертханада алуға арналған құрал - Кипп аппараты

 ІҮ.    «Ой толғаныс»

  1. Оқулықтың 207 бетіндегі лабораториялық тәжірибе

«Мырышқа қышқылмен әсер етіп сутек газын алу» (дәптерге орындау)

Әр оқушының алдына  ойықшалар беріліп ішіне мырыш түйіршіктері салынады. Үстіне (өте сақ болу! ) күкірт немесе тұз қышқылдары тамшуырмен құйылады. Бөлініп жатқан газ көпіршіктерін көзбен көреді.Бөлініп жатқан газды сынауыққа жинап жанып тұрған спиртшамға апарып сутек екендігін дәлелдеу.

А.Тақтадан сәйкес теңдеулерін табады.

ә. Неге сутекті сынауықты төмен қаратып жинайды?

Б.сутек толған сынауықты жалынға жақындатқанда не байқадыңдар?

В. Сутектің жану теңдеуін жазыңдар.  

      2H2  + O =  2H 2O - Q  

 

  1. Төрт шар әртүрлі газдармен толтырылған. Қай шарда сутек газы бар?

 

3.Қай суретте сутек газын алу әдісі дұрыс берілген?

 

4.  Тест тапсырмалары:

 

1.Сутектің химиялық таңбасы:

а) Н      ә) Не           б) Cu          в) Si                 

 

2.Күн жүйесі планеталарының қанша пайызын сутек атомы   құрайды?

а)25%      ә)32%       б)24%           в)92%

 

3.Сутекті ең алғаш алған ғалым?

а) Ломоносов          ә) Менделеев        б) Кавендиш                в) Лавуазье

 

4.Сутек латынша қандай мағынаны береді:

а)түтінді газ               ә)су тудырушы       б)қопарғыш газ       в)су тасушы     

 

5.Сутекті өнеркәсіпте алу жолы:

а)Электр тоғы арқылы                        ә)белсенді металдан

б)ауаны ығыстыру арқылы                в)айдау арқылы             

 Жауаптары:

 

1

2

3

4

5

А

В

Б

Ә

А

 Үйге тапсырма: §30  № 1-12


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Физикалық және химиялық құбылыстар
Жай және күрделі заттар ,салыстырмалы атомдық масса және молекулалық масса.
ІІ-тарау бойынша тексеру жұмыстары
№1 бақылау жұмысы
Сутектің қасиеттері, алынуы.
Негіздердің жіктелуі, алынуы, қасиеттері, қолданылуы
Құрамы. Алу жолдары
Қышқылдардың құрамы, алу жолдары
Қышқылдар, олардың жіктелуі және қасиеттері
Табиғаттағы су. Судың құрамы, қасиеттері және қолданылуы.
Бөлім: Уроки / Химия | Көрсетілім: 16353 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык