Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері.


Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері.

 Сөйлемнің  тұрлаулы мүшелері.

Cабақтың тақырыбы:  Сөйлемнің  тұрлаулы мүшелері. Бастауыш                                            

Сабақтың мақсаты:  

  1. Білімділік: оқушылардың тұрлаулы мүшелер және бастауыш туралы білімдерін еске түсіру. Бастауыштың жасалу жолдарымен таныстыру, сөйлем мүшесіне талдай білуге үйрету;
  2. Дамытушылық: жаттығуларды, тапсырмаларды орындата отырып, танымдық ізденушілік, есте сақтау, ойлау, шығармашылық қабілеттерін дамыту;
  3. Тәрбиелілік: қазақ тілін  құрметтеуге, өз тілін терең түсініп, дұрыс, жүйелі түрде сөйлей білуге баулу, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:  жаңа сабақты меңгерту;

Сабақтың типі: дәстүрлі сабақ;

Сабақтың әдісі: түсіндірмелі-илюстративті;

Сабақтың көрнекілігі: слайд, оқулық, сызбалар, алма ағашының суреті, қоржын

Пәнаралық байланыс:  әдебиет, музыка, математика, информатика

Сабақтың барысы:

 І.  Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушылармен сәлемдесу;

2. Сынып тазалығына көңіл бөлу;

3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару;

4. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру;

5. Психологиялық дайындық жасау.

      ІІ.  Үй тапсырмасын пысықтау:

     Өткен сабағымызға қысқаша шолу жасайық.

     48-жаттығу. «Әл-Фараби бабамыз геометрияға қандай үлес қосқан?» деген тақырыпта пікірталас ұйымдастыру. «Әл-Фараби – екінші ұстаз» тақырыбында реферат даярлау.

«Алма ағашы» ойыны

Ойынның шарты: тақтаға қағаздан суреттеліп жасалған алма ағашы ілінеді. Әрбір алма жемісінің артында өткен тақырыптар бойынша сұрақтар бар.

1-сұрақ: Грамматикалық норма дегеніміз не?

2-сұрақ: Тілдік норма дегеніміз не?

3-сұрақ: Грамматикалық норманың үш кезеңі

4-сұрақ: Нормадан жөнімен ауытқу дегеніміз не? Мысал келтір.

5-сұрақ: Сөйлем. Сөйлем түрлері

6-сұрақ: Сөйлем мүшелері. Құрамына қарай қалай бөлінеді? Атқаратын қызметіне қарай қалай бөлінеді?

 ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру

      Тіл – ұлттың басты негізі. (бейне-ролик 2 минут)

    Балалар, бүгінгі өтетін ашық сабағымыздың тақырыбы: Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері. Бастауыш

    

  Сөйлем мүшелері

Бастауыш сөйлемде атау септігінде тұрып, іс-оқиғаның иесін білдіріп, негізгі ұйытқы болып тұратын тұрлаулы мүше. Бастауышқа қойылатын негізгі сұрақтар кім? не?

Құрылысына  қарай

Сұрақтары: Кім? Не? Кімдер?Нелер? Кімім? Нем? Кімің? Нең?

Дара

Омар қырман басында жүр.

Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін.

Күрделі

Туған жерім - әйгілі Шалқар өңірі.

Күле беру ыңғайсыз.

Үйірлі

Жұмысы жоқтық аздырар адам баласын.

Билеті барлар орындарына жайғасты

Бастауыш болатын сөз таптары

Сөйлемдер

Зат есім

Абайлар Қарашоқыға түс ауа жетті

Есімдік

Өзіміз де жүргелі отырмыз.

Сын есім

Көп қорқытады,терең батырады.

Сан есім

Берерменге бесеу көп.

Есімше

Әке көрген – оқ жонар,

Ана көрген – тон пішер.

Тұйық етістік

Тыңдау – мәдениеттіліктің белгісі.

Үстеу

Аз көпке бағынады.

Одағай

«Бәрекелді!» - оның мәтелге айналған сөзі

ІҮ.Жаттығу жұмысы:

49-жаттығу. Берілгені: Мәтінді көшіріп жазып, бастауыштарды тауып, астын сызыңдар. Бастауыштың қай сөз табынан жасалғанын айтыңдар.

50-жаттығу. Берілгені: Кім көп мысал тауып жаза алады? Төмендегі үлгі бойынша бастауышы бар сөйлемдер құрап жазыңдар.

Үлгі: Бастауышы зат есімнен болған сөйлем

Ақнұр баяндама оқыды.

Бастауышы есімдіктен болған сөйлем

Бұл – үлкен үй.

Бастауышы сан есімнен болған сөйлем

Үшеуі сыртқа шықты.

Бастауышы тұйық етістіктен болған сөйлем

Оқу – сүйікті ісім.

Бастауышы есімшеден болған сөйлем

Білмеген мың пәлеге тұтылар,

Білген мың пәледен құтылар.

Бастауышы күрделі сөзден болған сөйлем

Біз екеуміз ертең мұражайға барамыз ба?

Бастауышы үстеуден болған сөйлем

Еріншектің ертеңі бітпес

Сергіту сәті

Тақырыбы: «Көңілді күн» (интерактивті тақтадан видео-ролик көрсетіледі)

Сергіту сәті 2 минут 15 секундқа жалғасады. Оқушылар би билеп, ән шырқап, бір серпіліп қалады. 

Ү. Жаңа тақырыпты бекіту:  

«Қожанасыр қоржыны» ойыны

Ойынның мақсаты: оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Қазақ тілі пәніне деген қызығушылықтарын арттыру.

Ойынның шарты: тақтаға қоржын ілінеді. Оның ішінде сыйлықпен бірге тапсырма бар.  Егер оқушы тапсырманы дұрыс орындаса, қоржыннан сыйлық ұтып алады. 

1-сұрақ: (1788+212)-155=1845

1845 жылы дүниеге келген қазақтың ұлы ақыны кім? (Абай Құнанбаев)

2-сұрақ: Тұрлаулы мүше, бастауыш дегеніміз не? Мысал келтір

3-сұрақ: Бастауыш қай сөз таптарынан болады?

«Кері байланыс» стратегиясы

  • Бүгінгі сабақтан қандай әсер алдыңдар?
  • Бүгінгі сабақтан не үйрендіңдер?

ҮІ. Бағалау:Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа белсене қатысып отырғандарына байланысты  бағалаймын және марапаттаймын.

ҮІІ. Үйге тапсырма:        

  • Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері. Бастауыш (қайталау)
  • 51-жаттығу.  Берілгені: көркем әдебиеттен 5 сөйлем жазып, сөйлем мүшелеріне талдаңдар.
  • 52-жаттығу.Берілгені:  «Сөйлем иесі» тақырыбында шағын пікір жазыңдар.
  • Ереже дәптермен жұмыс жасау.

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бастауыш
Жақсыз сөйлем
Сөздердің байланысу тәсілдері
Қазақ тілі 8 сынып
Тұрлаулы мүшелер
Сөйлем мүшелері
Бастауыш
Бастауыш
Тұрлаушы мүшелері. Бастауыш
Сөйлем мүшелері
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 12120 | Қосты: Джелдербаева Жұлдыз Рашидқызы | Ілмек сөздер:
avatar
• 11 октября 2015 16:16
Өте керемет 8сыныптын бағдарламасы екен winked winked
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык