Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі |
Көрсетілім: 2595 |
|
|
|
Бастауыш
Сабақтың тақырыбы: Бастауыш
Сабақтың мақсаты:
а) Бастауыш туралы түсінік бере отырып,оқушылардың ойлау қабілетін сабаққа деген қызығушылығын және негізгі мәселелерге аса көңіл бөлуге үйрету;.
ә) Түрлі әдістерді пайдалана отырып балаларды тапқырлық,жылдамдық,есте сақтау қабілеттерін арттыру,сөйлеу тілін жетілдіріп,шешендік өнерге баулу;
б) Сабақ барысында оқушыларды сауаттылыққа баулу;
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,тіл дамыту, іздендіру
Сабақтың көрнекілігі: плакат,кеспе қағаздар, қосымша материалдар.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, орыс тілі
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға өткен сабақты қалай меңгергенін байқау үшін бірнеше сұрақтар қоямын
б) Жаңа сабақты түсіндіру.
Бастауыш сөйлемде атау септігінде тұрып,іс-оқиғаның несін білдіреді.Кім? Не? деген сұрақтарға жауап береді.- Сен оқыдың да,білім аддың,ұстаз көрдің.Біз надан өстік. Құнанбай да тысқа шықты. Бұл сөйлемдерде бастауыштар – сен,біз,Құнанбай.Бірінші сөйлемде бастауыш (сен) баяндауыштармен (оқыдың,білім алдың,көрдің) 2-жақта жекеше түрде қиыса байланысқан.Екінші сөйлемде бастауыш (біз) баяндауышпен (өстік) 1-жақта көпше түрде қиыса байланысқан.Үшінші сөйлемде бастауыш (Құнанбай) баяндауышпен (шықты) 3-жақта жекеше қиыса байланысқан.
Бастауыштар құрылысына қарай былайша бөлінеді:
Құрылысына қарай Сұрақтары: Кім? Не? Кімдер?Нелер? Кімім? Нем? Кімің? Нең?
Дара Омар қырман басында жүр.
Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін.
Күрделі Туған жерім - әйгілі Шалқар өңірі.
Күле беру ыңғайсыз.
Үйірлі Жұмысы жоқтық аздырар адам баласын.
Билеті барлар орындарына жайғасты
Бастауыш болатын сөз таптары Сөйлемдер
Зат есім Абайлар Қарашоқыға түс ауа жетті
Есімдік Өзіміз де жүргелі отырмыз.
Сын есім Көп қорқытады,терең батырады.
Сан есім Берерменге бесеу көп.
Есімше Әке көрген – оқ жонар,
Ана көрген – тон пішер.
Тұйық етістік Тыңдау – мәдениеттіліктің белгісі.
Одағай «Ә,құдай!» - күйзелгеннің белгісі.
Үстеу Шапшаң асықтырады,соңыра кешіктіреді.
Жаттығумен жұмыс: 36-жаттығу. Мына сөздерді бастауыш етіп сөйлемдерді аяқтаңдар.
Ауылдың маңы-.... жығылған-.....
Балалар шуы-.... оның айтып отырғаны--......
Асық ойнаған-.... ол өзі-...
Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
Бағалау: Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.
Үйге тапсырма: 37-жаттығу
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |