Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Ш.Құдайбердіұлы «Адамдық борышың»


Ш.Құдайбердіұлы «Адамдық борышың»

 Ш.Құдайбердіұлы  «Адамдық борышың»

Ашық сабақ тақырыбы: Ш.Құдайбердіұлы  «Адамдық борышың»

Білімділік: Шәкәрім өлеңдерінің идеясын ашу,рухани-адамгершілік қағидаларымен танысу,нақышына келтіре оқи отырып, негізгі түйінді таба білуге дағдыландыру.

Дамыту: Оқушылардың қоғамға деген өзіндік көзқарасын қалыптастыруына ықпал ету,өз ойларын еркін жеткізе білуіне дағдыландыру.

Тәрбиелік: Ақын өлеңдері арқылы баланың бойында рухани-адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру

 

Сабақ түрі: іздену, зерттеу.

Әдісі: сұрақ-жауап

Көрнекілігі: интербелсенді тақта,слайд, тірек сызбалар,кеспе карталар.

Пәнаралық байланыс: тарих,музыка, география,қазақ тілі.

 

Сабақ барысы: Ұйымдастыру

Үй тапсырмасын тексеру. Абай шығармаларын қайталау. (сынып екі топқа бөлінеді: Абай тобы, Шәкәрім тобы,топқа мақал-мәтел жинақтау немесе өлеңдерін толықтыру арқылы , т.б. )

Абай тобы:

1.Абайдың шын аты кім?

2.Ол қай қалаға өз білімін көтеру мақсатында кітапханаға барып тұрды?

3.Абай руын ата.

4.Абайдың алғаш өлеңдер жинағына кірген өлеңін ата.

5.Ақын поэмаларын білесің бе?

Шаһкәрім тобы:                                                                                                                                  1. Абайдың әкесінің аты кім?

2.Ол ел билеу ісіне неше жасынан араласты?

3.Абайдың күйлерін білесің бе?

4.Абайдың шәкірттері кімдер?

5.Ақынның бір өлеңін жатқа оқыту.

Келесі кезекте мұғалім ақынның өлеңдерінің бір-бір жолын оқиды, ал балалар оны жалғастырып, алдарына берілген сызбаға тақырыбы бойынша қосу белгісін қояды.

Абай өлеңдері

Өнер-білімге үндеу

Сөз,тіл құдіреті туралы

Жақсы-жаман қасиеттер

Адами адамгершілік

Табиғат туралы

«Жасымда ғылым бар деп ескермедім»

 

 

 

 

 

«Сәулең болса кеудеңде»

 

 

 

 

 

«Өлең-сөздің патшасы,сөз сарасы

 

 

 

 

 

«Сабырсыз, арсыз,еріншек»

 

 

 

 

 

«Қыс»

 

 

 

 

 

Үй тапсырмасын қорыту.

         ақын                                                                              сазгер

 

Абай

 

ойшыл                                                                                                 күйші

                                                       Абай

 

демократ-ағартушы                                                               аудармашы

 

Өткен сабақты қорыту.Сонымен Абай секілді суреткер,күйші, қара сөз шебері, сазгер, демократ-ағартушы,аудармашы, ойшыл атамыздың нақыл сөздері мен өсиет өлеңдері өмірге өнеге боп, санамызға нұр құяды.Ұлы ақын, ағартушы кемеңгер ойшыл Абай «Қалың елім, қазағым» деп жұртты білім алуға үндеп, «Біріңді бірің сыйлап ғибрат етіс» деп, бірлікке, адамгершілікке,»Енбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» деп еңбексүйгіштікке, «Өнерпаз болсаң әрқалан, сен де бір кірпіш дүниеге кетігін тап та бар қалан» деп өнер-білімге , өмірден өз орныңды таба білуге шақырса, «Бас басына би болған өңкей қиқым, Мінеки бұзған жоқ па елдің сиқын» деп қолына билік тигенде, анасын танымай кететін ел басындағы әділетсіз, парақор билеушілерді нұсқап, шолақ белсенділерге сын айтады,налиды. Бұл көрініс өз өмірінің шынайы көрінісі, мақсаты

                             Жүрегімнің түбіне терең бойла

                             Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла

                             Соқтықпалы,соқпақсыз жерде өстім,

                             Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма, - деген өлең жолдарында айқын бейнеленіп берілген.

Жаңа сабақ. Біздің әдебиетімізде үлкен орын алатын белгілі ақын, жазушыларымыздың бірі, бірегейі дейтін Абайдан  кейінгі қаламгеріміз –

Шәкәрім. Ол Абайдың нағыз мұрагерлерінің бірі,әрі Абайдың шәкірттерінің ішіндегі ең көп жасағаны да, ең көп жазғаны.

    М.Әуезов «Абай шәкірттерінің айналасы» атты мақаласында Абай тұсында еңбек еткен ақындар туралы айта келе: «Мұндай ақын төртеу, Шәкәрім, Ақылбай, Мағауия, Көкбай. Олар Абай басшылығымен өлең жазған, одан тәрбие алған, әрі Абай өлеңдері мен қара сөздерін оқушы, тыңдаушы, бағалаушы және таратушы болған» деп жазған. ХIХ ғ. аяғы мен ХХ ғ. басында

Қазақ әдебиеті тарихында Абайдан кейінгі ең ірі ақынымыз – Шәкәрім болды.Тіпті Абай қазасынан кейін оны екінші Абай деп танып, аса құрметтеген.

    С.Торайғыров: Демеңіз тымақ киген бір жай қазақ

                                Киген киім, жүрісі, тұрысына қарап.

                                Надандар оны өлмейтін өлшеуің жоқ,

                                Аулақ жүр, біле алмайсың жай шамалап, - деп жоғары баға берген.Ш.Құдайбердіұлы Абайдың атасы Құдайбердінің баласы, яғни Абайдың немере інісі болып келеді. Ол 1858 ж. 11 шілдеде Шыңғыстау өңірінде дүниеге келген. Жеті жасында әкесі дүниеден озып,ол атасы мен Абайдың тәрбиесінде болған.Алғашқы өлеңі осы кезде әкесі қайтқан кезде туады.Тасқа өрмелеп бара жатқан құртты мыжып өлтіреді де, артынан өкініп:

                              Өлтірдің, не таптың сен онан пайда

                              Өмір сүріп жүруші ем жазда сайда

                              Өлімнің қандай екенін өзің білесің,

                              Кешегі тірі жүрген әкең қайда? – дейді.

Шәкәрімді қажы жетім деп қысып оқытуға аяп, еркін өсіреді.Ол туралы өзі де ойыма келгенді істеп,ғылымнан мақұрым қалып өстім деп айтады.Алайда зерек ақын уақытын аңшылық құрумен, мергендік өнерді меңгерумен, гармонь, домбыра тартуды үйренумен өткізеді.Ал 15 жасында кемелденіп, ақындыққа ден қояды. «Әкеміздің бір шешесінен туған Ибраһим мырза,-дейді ол шежіре кітабында, халық ішінде Абай деп атаған.Сол кісі мұсылманша, орысша да ғылымға жүйрік ,ақылы бөлек,дана кісі еді.Өскен соң сол кісіден ғылым үйреніп, тағлым алдым» дейді. Осы ойын басқа жастарға да ұсынып:

                          Кел, жастар, біз басқа жол табалық

                          Арам айла , зорлықсыз мал табалық

                         Жүз айтқан мен өзгенің бәрі надан,

                         Жалыналық Абайға жүр баралық , - деп ақыл-кеңес айтады.

Абайдан үйренуге шақырады. 20 жасында ақын бір сайлау ел басқару ісіне еріксіз араласқанын өмірінің өкінішті кезеңі екенін айтып налиды. «Жиырма мен қырықтың арасы, жас өмірдің сарасы, бос өткенін қарашы» деген өкініш білдіреді.Бұл жағынан Абайдың «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» өлеңіндегі сарынмен сарындас болып келеді.

         1905 ж. Абай дүниеден озғаннан соң араға бір жыл салып Меккеге барады.Бірақ мұсылманның бес парызының бірі қажылық атақ алу үшін емес, жер аралап, ел көріп Стамбул, Парижде болып, ол елдің мәдениетімен,әдебиетімен танысу үшін барады.

        1909-1910 ж. Ақын ел ортасынан жырақ кетіп, оқумен, жазумен айналысады. 30 жасында біраз өлеңдерін өртеп жіберіп, артынан өкінеді де.

Шәкәрім өлеңдері жан-жақты ,тақырып аясы қомақты. Ол өз шығармалары арқылы Абай салған сара жолды , дәстүрді жалғастырды.

       Ақынның 1878-1904 ж. Өлеңдері  «Қазақ айнасы» деген атпен 1912 ж. Семейде жарық көрді. Оның «Қалқаман – Мамыр», «Еңлік –Кебек», «Қодардың өлімі» деген поэмалары,нақыл сөздері, жұмбақ өлеңдері, мақалалары, «Үш анық», «Жан мен тіршілік туралы» т.б. әңгімелері, аудармалары бар.Ол мәселен, Фзулиден  «Ләйлі –мәжнүн»,Пушкиннен «Дубровский әңгімесі», Хафиз өлеңдерін, Бичер Стоу Гарриетттің «Том ағайдың балағаны» ,Толстой әңгімелерін аударған.Абай өмірбаянын жазумен шұғылданған. Жиырмаға жуық әні бар. (бір әнін естірту, не балаларға айтқызу)

 

        Шәкәрім еш жерде оқымаған. Оның мектебі де, университеті де Абай болған.Ш.Құдайбердіұлы 73 жасында ГПУ бастығының қолынан оққа ұшып денесі Бақанас жеріндегі құдыққа лақтырылып тасталып, асыра сілтеудің құрбаны болады.1958 ж. Ақын ісі СССР прокуратурасында қайта қаралып, толығымен ақталады. Алайда ағамыздың денесі араға тек 30 жыл салып барып баласы Ахаттың күшімен 1961 ж. Ғана 8 тамызда Абай зиратына жерленеді.

      Ал адам өмірінің мәні неде? Адам баласының борышы не? дегенде , ол ақыл, мінсіз сөз, адал еңбек анық бақ деп білді. Осы идеясын «Адамдық борышың» өлеңінде бекіте түсті.

Кітаппен жұмыс: Өлеңді оқыту.

Мұғалім өлеңнің ақыл-кеңес түріндегі бұйрық райлы етістіктерден тұратынын айтып, түсіндіріп кетеді.

  1. Сонымен адамдық борышқа нелерді жатқызыпты?
  2. Абайдың қай өлеңіне ұқсайды?

Өз бетінше жұмыс. «Адамдық борышың» өлеңіне сатылай кешенді талдау.

                                                                                                                                                           

 

 

                                                                                  Авторы: Шәкәрім

                                                           Тақырыбы: адамдық адал қасиеттер үндеу

                                                 Жанр түрі. Поэзия (үгіт-насихат түрінде)

                                   Шумақ.  Әр шумақ аяқталған ойды білдіреді.

                              Тармақ . 4 өлең жолынан тұрады.

                        Бунақ саны. 2 бунақтан тұрады.

                  Буын саны. 12 буынды .1,2,4 жолдары,11буын 3- жолы

        Ұйқас түрі. а , а , б , а .

Сабақты қорыту: Балалар , сендер бұл өмірге адам боп келген қандай адам болу керек, қандай қасиеттерді бойымызға дарытуымыз қажет деп ойлайсыңдар?

Екі ақын ұқсастығына ВЕНН диаграммасы жасалады.

Қорыта келсек, Абай дәстүрін берік ұстанған Шәкәрім өз мұрат, мақсаты қақында:

                    Адамдық борыш ар үшін

                    Барша азамат қамы үшін

                    Серт қылам еңбек етем деп,

                    Алдағы атар таң үшін, - деп, бір кездегі сертінен еш айныған емес. Ол «Әкенің баласы – адамның дұшпаны, Адамның баласы – бауырың» деген

 Абай қағидасын берік ұстанып өткен.

Бағалау.

Үйге: «Менің борышым» ой толғау жазу.  


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Абайдың қара сөздері
Күз
Ұлы ақын Абай
Шәкәрім өмірі мен шығармашылығы
Абай Құнанбаев Адам болам десеңіз
Абайтану арнаулы курсы
Абайтану таңдау курс бағдарламасы
Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы
Еріншек ашық сабақ
Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығы
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 7534 | Қосты: Садвакасова Сауле Адилхановна | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык