Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Шәкәрім өмірі мен шығармашылығы


Шәкәрім өмірі мен шығармашылығы

Сабақтың тақырыбы: Шәкәрім өмірі мен шығармашылығы

Сабақтың мақсаты
1.Білімділік: Шәкәрім өмірі мен творчествосын таныстыру 
2.Дамытушылық:  мәнерлеп оқуға  дағдыландыру 
 3.Тәрбиелік: халқымыздың мұрасын бағалай білуге тәрбиелеу
 Сабақтың көрнекілігі: Оқулық, карточкалар  т.б.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері:  әңгімелеу, өз бетімен жұмыс,сұрақ-жауап
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу Түгелдеу 
 Сыныптың сабаққа дайындығын тексеру
ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау
ІІІ. Жаңа сабақ
ШӘКӘРІМ ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫ — ақын, ойшыл, композитор, аудармашы, тарихшы, қазақтың бес арысының бірі.
Шәкәрім Құдайбердіұлы 1858 жылы 11-шілдеде қазіргі Семей облысы, Абай ауданы, Қарауыл ауылында (Шыңғыстау бөктері) дүниеге келді. Оның әкесі, Құдайберді, Абайдың ағасы. Абай мен Құдайбердінің әкелері бір болғанымен, аналары бөлек. Құдайберді үлкен бәйбіше Күңкеден, ал Абай Ұлжаннан туылған. Туыстық жағына  қарағанда Шәкәрім Абайдың немере інісі болады.
Абай ақынның соңынан еріп, бағыт-бағдар алған Шәкәрімнің шығармалары сан алуан тақырыптарды қамтыды. Оның “Жастық туралы” және “Кәрілік туралы” адамның өмірі мен жасына қатысты өлеңдерінде Абайдың өлең жазу стилі байқалатын.
Шәкәрімнің адам бойындағы қасиеттерге арналған мынадай өлеңдері болды: “Өмір”, “Сәнқойлар”, “Құмарлық”, “Қалжыңбас”. Ал “Жастарға”, “Анық асық әулие”, “Шын сырым” атты өлеңдерінде адамдарды оқу-білімге шақырып, адал сезім мен сүйіспеншілікті насихаттады. “Жастарға”, “Арман”, “Насихат” атты өлеңдерінде қоғамдағы таптардың арасындағы айырмашылықты сынап, сол кездегі қоғамда әлі де болса моральдық-әлеуметтік өлшемдердің қалыптастпағанын айтты.
Шәкәрім ауыз әдебиетінің суырыпсалма ақындар поэзиясының жазба әдебиетке ауысуына зор қызмет етті. Лирикалық жанр түрлерінің дамуына ,мазмұнының етене жақындасуына мол еңбек сіңірді. Көптеген өлеңдеріне ән шығарды. Абайдың кеңесі бойынша "Қалқаман - Мамыр" дастанын жазды. (1888). Мұнда кіршіксіз махаббат дәріптеліп, ел билеушілер орнатқан қатыгез тіршілікке қарсылық, оны айыптау бар. "Еңлік - Кебек" дастанында (1891) бірін-бірі сүйген екі жастың қасіретін ескілікті салт-сананың қатып қалған уағыздарымен байланыстырады. "Айсұлу - Нартайдың" поэмасы жамандықты жазаласа, "Әділ - Мария" романында шынжыр балақ, шұбар төс алпауыттардың зорлық-зомбылығына қарсылық білдіріп, революцияның жеңісін хабарлаумен аяқтайды. Шәкәрім Құдайбердиев - "Қодардың өлімі", "Крез патша" дастандарының авторы .
ІV. Cабақты меңгерту.
Эпитет метафора қайталау түрлерін табу Мәнерлеп оқу
Сөздікпен жұмыс.
Ебін- ыңғайын 
Ынсап-  қанағат
V. Сабақты қорытындылау
              Туған жылы
Туған жері
              Еңбектері
              Қайтыс болған жылы
VІ.Үйге тапсырма          Мазмұндау         
  VІІ. Бағалау


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
«Абай, Шәкәрім қос тұлға». Тарауды бекіту.
Әл-Фараби өлеңдері
Әл-Фарабидің лирикалық өлеңдері
Құнанбаев Өлең сөздің патшасы
Шәкәрім Қалқаман-Мамыр
Айбергенов, Ана, Аруана – бауыр дүние
Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы
Еңлік - Кебек
Абай Құнанбайұлы “Әсемпаз болма әрнеге”өлеңі
Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығы
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 4928 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык