|
|
Оба – қатерлі ауру және оның таралу аймақтары
№2 мектеп – гимназия
Оба – қатерлі ауру және оның таралу аймақтары
Дайындаған: Асқарова Г.
Жетекшісі: Досмұханова М.
Шалқар қаласы
2009-2010 оқу жылы
Жоспар
- Кіріспе
- Оба ауруынан сақтану жолдары
- Оба ауруы адамға қалай жұғады
- Оба ауруына шалдыққан адам
- Оба қоздырғышының табиғатта сақталуы мен адамдарға таралу жолы
- Бүрге негізгі сақтаушының бір түрі
- Бүрге туралы түсінік
- Обамен ауырған түйеден сақтану шаралары
- Оба ауруының 2009 жылғы қорытындысы
- Түйіні (қорытындысы)
Кіріспе
Бүгінгі таңда сірә, бұл қатерлі ауру туралы естімеген адам таппаймыз. Бірақ обаны ылғи баяғы кезде болған ойранды індетпен байланыстырады. Ия, шынында да солай. Әйтсе де жалғыз-жарым адамдардың обамен ауруы Қазақстанда қазірде болып тұрады, ал осындай әр жағдайда шұғыл күрес шаралары алынғандықтан ғана індет қаумаламайды. Бұл біздің республика жерінде ежелден обаның табиғи ошақтары болумен байланысты. Табиғатта обаны ұдайы таситындар түрлі кеміргіштер болып табылады. Бұлар обамен ауырып, одан өледі,індетті біріне-бірі тікелей жанасқанда немесе өздерінің үстінде көп болатын бүргелердің шағуы арқылы жұқтырады. Оба көп жылдар бойы сарышұнақтар мен құмтышқандар арасында Ақтөбе облысында табылып келеді. Соңғы кезге дейін оба Шалқар, Ырғыз, Байғанин, Ойыл, Темір аудандарының құмдары мен қырларында тіркелді. Әзірге табиғатта оба індетін толық жойып, құртудың ұтымды шарасы әлі жоқ, сол себепті адамның онымен зақымдану қаупі бүгінге дейін сақталып отыр.
Оба ауруынан сақтану жолдары
Елімізде оба ауруынң қатерлі табиғи ошақтары әлі де болса кездесіп қалады. Оба ауруына дер кезінде шаралар қолдану үшін, бұл ауру қалай, қайдан пайда болатынын жазатайым ауру кедессе істейтін шараларды дәрігерлерден басқа көпшілік халықтың да біліп жүргені абзал. Оба ауруын өте кішкентай микробтар қоздырады. Оны бірнеше мың есе үлкейтіп көрсететін микроскоп арқылы ған көруге болады.
Оба микроптары ауырған адамның, малдың, тышқандардың қақырық, сілекей нәжістерінде болады. Оба ауруының микроптарын таратушылар – бүрге, бит, кене, қандала сияқты қансорғыштар. Бұлардың ішінде үлкен орын алатыны – бүрге.
Оба ауруы қалай жұғады?
- Далада жұмыс жасаған кезде, аңға барғанда, пішен шапқанда, мал баққанда дала тышқандары арқылы. Олар дала тышқандарынан бүрге арқылы обаны жұқтырады.
- Сарышұнақ, қосаяқтар арқылы олармен балалар ойнағанда жұғады.
- Тышқан аулап, оны сойғанда.
- Ауру тышқандармен кездескен мысықтар арқылы.
- Обамен ауырған түйелер арқылы. Оларды жілікке сойған жағдайда қолдың терісіне немесе көздің кілегей қабығы арқылы жұғады.
- Обамен ауырған адам жөтелгенде, түшкіргенде, сөйлегенде.
- Обадан өлген адамның денесін жуғанда немесе оның қақырығы, сілекейі жұққан киімдерін ұстағанда.
Оба ауруына шалдыққан адам
Адамның обамен ауруы кенеттен басталады: бас ауырады, қалтырайды, қызуы бірден көтеріледі, қолтық, шапта ісік ұлғаяды. Кей ретте кеуде ауырып қанды қақырық бөлінетін күшті жөтелге ұласады. Сырқаттың жай күйі нашарлайды. Ал егер ем жасалмаса, тез арада өліп кетуі мүмкін. Егер де жоғарыда айтылғандай ауру кездессе тездетіп дәрігерге көріну керек.
Оба қоздырғышының табиғатта сақталуы мен адамдарға таралу жолы
Бүрге – негізгі сақтаушының бір түрі
Бүрге бөрте сүзекті де, оба ауруын да таратады. Бұлардан сақтандыру шаралары – медицинаның басты міндеті. Ересек бүрге қанмен қоректенеді. Әр жануардың өзіне тән бүргесі болады.
Обамен ауырған түйеден сақтану шаралары
- Ауру түйені сау түйелерден жеке ұстау керек. Ауру түйнің тұрған жеріне уақ үй тышқандарының қатысы болуы керек.
- Ауру түйені дереу мал дәрігеріне көрсету керек. Міндетті түрде ауру малды оба ауруына қарсы жұмыс жүргізіп жүрген адам дәрігерлеріне де көрсету керек.
- Мал дәрігерінің рұқсатынсыз ауру түйені союға болмайды.
- Обадан өлген түйені сою үшін мал дәрігерімен қатар міндетті түрде оба ауруына қарсы күресетін адам дәрігерінің де рұқсаты болуы керек.
- Обамен ауырған немесе өлген түйемен араласқан түйелерге жедел обаға қарсы вакцина ектіру керек.
- Обадан өлген түйенің еті, жүн терісін жағып, өртеп жіберулері тиіс.
- Обамен ауырған түйені күткен адамдарбелгілі мерзімге дейін дәрігерлердің бақылауына алынады.
Түйіні
Далада тышқандар ініне таяу орналаспаңыз, уақытша баспана, киіз үй тіккенде кеміргіштер жоқ жерді таңдаңыз. Азық-түлікті тышқандар жолай алмайтын жабық ыдыста сақтаңыз. Тұрғын үй жайыңызды, оның маңайын таза ұстаңыз. Егер үйде тышқан көбейіп кетсе, бұл туралы дәрігерге хабаолаңыз. Обаға қарсы күрес мекемелеріне сіздің үйде кеміргіштерді және бүргені құртуына кедергі келтірмеңіз, оларға көмектесіңіз. Шыбын-шіркейлерді құртып отырыңыз, бұл үшін дельтаметрин және сауда да бар басқа дәрілерді қолданыңыз. Мал дәрігерлерінің рұқсаиынсыз ауру түйелерді соймаңыз. Тышқан және басқа жабайы аңдарды аулауды тек рұқсат етілген аймақтарда жүргізуге болады. Осы хақында нақты деректі жергілікті әкімшіліктен, обаға қарсы күрес мекемелерінен алады. Қызу көтеріліп, жалпы көңіл –күй нашарлаған жағдайда, кенет сырқаттанып қалғанда шұғыл дәрігерге қаралу керек. Егер емдеуді уақтылы бастаса, обадан бұл таңда әбден сауықтыруға болады.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |