Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Ұстаз- мектептің жүрегі


Ұстаз- мектептің жүрегі

 Ұстаз- мектептің  жүрегі

Маңғыстау облысы  Бейнеу ауданы

                                                        Сам орта мектебі

                                                       6 «А» сынып   оқушысы

                                                         Дүйсенова   Мәдина

 

Ұстаз- мектептің  жүрегі

            Менің   түсінігімдегі   ұстаз – рухы   таза,   ой-өрісі   биік,   ұлты   мен Отанының    болашағы    үшін    тер    төгіп,    шыдамдылық    пен   та­бандылықтың     үлгісін     көрсетуші,     өз    бойындағы    асыл   қасиеттері мен   білімін     болашақ     ұрпақтың    бақыты    мен    кәдесіне    жаратып, қоғамды     өрге    өркендетуші,     жа­ңа­шылдықтың    бастаушысы,    жү­ре­гі – жылы,    көңілі – дарқан    адам.    Осыншама    оқу    жылымда    қаншама ұстаздармен      кездесіп,     солардан    білім    алып,    солардың    қолында әлі    күнге    дейін    оқып     келемін.    Әр    оқушыға     өз    ұстазы   артық. Әр    оқушының    өзінің    көңіліне     жақын    тартатын    өз   ұстазы     болады.    Біз     оқып      жүрген     ұстаздарды    қарап    отырсақ, әрқайсысының     оқыту     стратегиясы    әр    түрлі.    Ұстаз    білгенін  үйрету     ғана    емес,    сонымен    қатар,  тұла    бойы    тұнған    өнеге,   ақ тілеулі    ана    тәрізді    барлық   адам­ның    бойынан    жақсылық   іздейтін ізгі    ниет    иесі.    Шәкірті    өзінен    оз­ған    ұстаз – еңбегі    ақталған   ұстаз.    Өйткені,   өмірдің   заңы   даму,    ілгерілеу,    озу.  Өзінен   озған шәкірт    тәрбиелейтін   шебер    ұстаз   үз­дік­сіз   ізденісте    болып,  қоғам сұ­ра­нысына     сай     білімді,   шығарма­шыл,   өзін-өзі    дамытып,   жетілдіре алатын    болуы    қажет    деп   ой­лай­мын.  Біздің  дана   қазақ   халқымызда

«Ұстаздан   шәкірт   озар»  деген   сөз   бар. 

Өмір    табиғатпен   үндеседі    деген    шын   болса керек.  Ұстаз    бен    шәкірттің    арсы    бір-бірімен   тығыз    байланыста    болады.    Жас     шыбықты, үрімдей      жеміс    ағашын     жерге    егіп,   күнара суарып,    баптап,  өсірсең    жеміс   беріп,     үлкейіп    өседі.   Шәкіртінің      ұстаздан    озып,    оның     жемісін    көру    ұстаз   үшін    үлкен      қуаныш  пен     мәртебе.   Дүниенің     кезек  екенін бәріміз        жақсы   білеміз.     Ұстазынан      озған шәкірті     бұл      ұстаздың      берген     білімінің жемісі.  Ұстаз    киелі    мамандық.   «Ұстаздық  еткен  жалықпас, үйретуден  балаға»  деп      Абай  атамыз    айтқандай     ұстаз   қауымын    құрмет    тұту     біздің     парызымыз    деп    түсінемін. 


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Жас ұстаз – 2015 байқауы
Ұстаз.
Ұстаз болу- жүректің батырлығы
Ұстаз болу- жүректің батырлығы
Алғашқы ұстазым
Ұстаз – ардақты жан
Ұстаз туралы бірер сөз
МЕНІҢ ПӘНІМНІҢ ОҚЫТЫЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН ОНЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ
Жырлаймын ұстаз өзіңді
Ұстаз - ұлы тұлға
Бөлім: Уроки / Оқушымен жұмыс | Көрсетілім: 5446 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык