Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Біріккен сөздер


Біріккен сөздер

Біріккен сөздер

Сабақтың тақырыбы: Біріккен сөздер

Сабақтың мақсаты:1. Біріккен сөз туралы түсінік беру; алған білімдерін                          

                                         саралап, жинақтау, одан әрі тереңдету;

                                     2. Оқушылардың  сөз байлығын арттыру, сауатты жазу 

                                          дағдыларын жетілдіру сөйлеу дағдыларын дамыту;        

                                     3. Оқушыларды ұқыптылыққа, ізденімпаздыққа,      

                                         жинақылыққа, сауаттылыққа әрі көркем жазуға  

                                         тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, индукция,дедукция,талдау,жинақтау.

Сабақтың көрнекіліктері:  тірек сызба,ойын құралдары,мазмұнды суреттер.

Техникалық құрал-жабдықтар: интерактивті тақта.

Пән аралық байланыс: өмірмен байланыс, ана тілі, математика, дүниетану

Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

а) оқушыларды түгелдеу,сәлемдесу.

ә)сабаққа назарын аудару.

ІІ.Мақсат қою кезеңі. 

ІІІ.  Үй тапсырмасын тексеру.

а) тірек сызба

ә)сәйкестендіру тесті

ІҮ.Жан-жақты білімдерін тексеру.

Ү. Жаңа материалды түсіндіру.

а) «Фигураны тап» ойыны

ә)Көрініс «Айна мен гүл»

б) Қызығушылықты ояту

в)Грамматикалық-тілдік жаттығу

г) Операциялық орындаушылық кезең

ҮІ.Сергіту сәті.

ҮІІ.Шығармашылық тапсырма 

       (тест).

ҮІІІ.Үйге тапсырма.

ІХ.Бағалау.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

а) оқушыларды түгелдеу,сәлемдесу.

ә)сабаққа назарын аудару.

Балалар,қазір қандай сабақ екенін еске түсіріп жіберейікші?

       Қазақ тілім-өз тілім,ана тілім,

       Абай,Мұхтар сөйлеген дана тілім.

       Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,

       Болашағым,бақытым,дара тілім.

-Жарайсыңдар, балалар!

-Балалар, бүгін бізде ерекше сабақ болмақ,өйткені бізге қонақтар келіп отыр.

ІІ.Мақсат қою кезеңі:   Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

Сабақты бастамас бұрын мынадай бір өлең шумағын тыңдасақ.

       Тәуелсіздік текке бізге келмеген,

       Талай бабам қанын төгіп терлеген.

       Сонда-дағы қасиетті қазағым,

       Төл байрағын дұшпанына бермеген.

       Бабалардың ғасыр бойы арманы,

       Өткенімен келешегін жалғады.

       Желбіреп тұр төл байрағы қазақтың,

       Егеменді-тәуелсіздік алғалы.

-Балалар біз кеше ғана қандай мерекені тойладық?

-Енді алда қандай мереке келе жатыр?

-Тәуелсіз еліміздің ертеңгі ұрпақтары мына сендерсіңдер.

-Көк туымыз әрдайым  биіктен көріну үшін,біз сабағымызды «өте жақсы» деген бағаға оқып, өз үлесімізді қосуымыз керек.

Олай болса сабағымызды бастайық.

ІІІ.  Үй тапсырмасын тексеру:

   31-жаттығу.

Біржан мен Гүлназ аяқ астынан келіспей қалды. Біржан «Жеті ата» сөз тобын күрделі сөз десе, Гүлназ сөз тіркесі дейді. Сен қалай ойлайсың?

«Жеті ата» сөзі сөз тіркесі болады.

Олар өйткені бір-біріне бағына байланысқан,екі мағыналы сөз тобы.

ІҮ.Жан-жақты білімдерін тексеру. Күрделі  сөз дегеніміз не? Мысал келтір.

   а) Тірек сызба

сары май, балабақша, кәрі жілік, көк алма, тасбақа, мая-мая

ә)Сәйкестендіру тесті

ай

қазан

темір

торғай

бір

балта

қара

сөз

баспа

жол

 

Ү. Жаңа материалды түсіндіру.

а) «Фигураны тап» ойынымен басталады.

Фигураларды тақтаға тізіп жазып шығады. Мысалы: шаршы, төртбұрыш, үшбұрыш, көпбұрыш, кесінді.Балалар, осы сөздердің ішінен күрделі сөздерді табайық: төртбұрыш, үшбұрыш, көпбұрыш. Бұлар қалай жасалған? Екі түбір сөздің бірігіп айтылуынан жасалған.

      Осылайша екі түбірдің бірігуінен жасалған күрделі сөздің бір түрі біріккен сөз деп аталатынын оқушылар өздері пайымдайды. Осы тұста біріккен сөздердің үнемі бірге жазылатыны ескертіледі.

 

ә) Балалар енді шағын көріністі тамашалайық. Көрініс «Айна мен гүл»
     Ерте, ерте, ертеде «Сөзстан» деген елде бір ақсақал өмір сүріпті. Оның үш ұлы болыпты.Күрделі сөз,Біріккен сөз,Қысқарған сөз. Біріккен сөз ынтымақта,бірлікте бақытты өмір кешіпті.Балаларды да тату болып,бір-біріненажырамай,ұйымшылболғанекен.
       Ертеде Айна өмір сүріпті.Бірақ оның өмірі көңілсіз ,әрі жалғызсырап жүріпті. Өмірден қатты түңіліп келе жатқанда,оның алдынан жайқалған әдемі Гүл шығады.
Гүл:Айна, айна, сен неге сонша көңілсізсің?
Айна:Жалғыздықтан жалықтым,өзіме лайық дос іздеп келемін.
Гүл: Мені елдің бәрі көркем,әдемі дейді.Бірақ,өзімнің әдемділігімді ешқашан көрген емеспін,көргім келеді,менімен дос болшы!

Айна: Алақай, алақай, мен өзіне лайық дос таптым. Екеуі қолтықтасады. Содан бері қазақта Айнагүл есімді қыз бала атын қоя бастапты.Мына келе жатқан Айнагүл ғой деп, екі түбірден Айна+Гүл сөздерінің бірігуінен жасалған   біріккен сөз екенін оқушыларға жеткізу.

б)Қызығушылықты ояту.

 Мотивациялық-бағдарлау кезеңі.

32-жаттығу берілген сөздерді оқып, сөз құрамына талдау. Осы арқылы бұл сөздердің біріккен сөз екені байқатылады.

 

в)Грамматикалық-тілдік жаттығу.

 33-жаттығу. Сөздерді көшіріп жазу. Әр сөз неше түбірден құралған.

Ақ+қу,бұзау+бас,Ақ+марал,шаң+сорғыш,бал+мұздақ,егеу+құйрық,Жеті+қарақшы,шек+ара.

  •      Екі не одан да көп түбірден құралған сөздерді біріккен сөздер деп атайды.Олар бірігіп жазылады: алабота,балқарағай.

Бұл-біріккен сөз,өйткені

  • екі түбірден құралғанымен,бір ғана мағынаны білдіреді.
  • бір ғана сұраққа жауап береді.

 

г)Операциялық орындаушылық кезең.

34-жаттығу. Өлеңді жатқа жазып, біріккен сөздерді табу.

Кемпірқосақ

Күн күркіреп,себелеп,

Жаңбыр жауып,басылды.

Көкжиекке керемет

Кемпірқосақ асылды.

 

ҮІ. Сергіту жаттығуы.

Тотықұсым шаршады,

Қанаттары жазылсын,

Керіліп,сілкіп арқаны,

Ұйқысы да ашылды,

Ұшып көкке самғады.

35-жаттығу .Берілген біріккен сөздерді қатыстырып сөйлем құрау, олардың біріккен сөз екенін дәлелдеу. 

Аққұтан,шекара,көкжиек.

36-жаттығу.Көп нүктенің орнына тиісті біріккен сөздерді тауып жаз.

1.Аңдар:

2.Құстар:

3.Өсімдіктер:

4.Жер-су аттары:

ҮІІ.Шығармашылық тапсырма 

        Тест

1.   …   біріккен сөз деп аталады.

А) көп түбірлі сөз                   

 В) екі түбірлі сөз                                                  

С) сөз тіркесі

2.  Біріккен сөзді құрайтын түбірлер… жазылады?

А)дефис арқылы

В)бірігіп

С) бөлек

3.  Біріккен сөзбен аталатын құс аттарын табыңдар?

А) қараой

В) көкқұтан        

С)ақ тауық

4.   Біріккен сөзбен аталатын жер-су аттарын табыңдар?

А) Айнабұлақ         

В) Түйеқұс                                    

С) Қаламқас             

5.  Дұрыс жазылған сөзді табыңдар?

 А) Еспол                

В) Ерітіс

С) Көкшетау

ҮІІІ.Үйге тапсырма: 37-жаттығу.«Хайуанаттар бағына саяхат» тақырыбына 

                                                            әңгіме құрау.

ІХ. Оқушыларды бағалау.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Біріккен сөздер
Көмектес септік
Біріккен сөздер
Біріккен сөздер.
Біріккен сөз
Біріккен сөздер.
Біріккен сөздер 38-43 жаттығу
Біріккен сөздер
Біріккен сөздердің емлесі
Біріккен сөздер
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 7307 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык