|
|
Лепті сөйлем
Тақырыбы : Лепті сөйлем
Мақсаты : Оқушыларға лепті сөйлем туралы түсінік беру . Өткен тақырыптар бойынша білімдерін байқау . Білімдікке , тапқырлыққа тәрбиелеу .
Оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуін , логикалық ойлауын дамыту .
Түрі: саяхат сабақ
Көрнекілігі: интерактивті тақта, презентация
Барысы : 1) Ұйымдастыру кезеңі
Қазір бізде қай сабақ . Қазақ тілі
2) Психологиялық дайындық
Осы біздер қандаймыз ?
Талабы биік таудаймыз
Ақылдымыз , парасаттымыз , көңілдіміз
Үлкенге ізеттіміз
Кішіге қамқормыз
Көп оқимыз
Өнерліміз
Жанып тұрған шырақпыз !
Елімізді өркендететін ,
Бабаларға тағзым ететін
Біз қазақ елінің болашағымыз
Бүгін бізге қонақтар келіп отыр . Бүгін бізде ерекше сабақ , қонақтарға өз білімдеріңді ортаға салайық .
Астана қаласына саяхатқа шығамыз . Ол үшін берілген тапсырманы толығымен орындауымыз керек . ( Астана суреті Автобус )
Автобусқа міну үшін
3 . Үй тапсырмасын тексерейік .
4 . Астанаға бару үшін жолдың ақысын төлеу керек яғни билет алып , Астана қаласына түсу үшін өткен сабақты еске түсірейік .
- Мәтін дегеніміз не ?
- Сөйлем дегеніміз не ?
- Сөйлемнің неше түрі бар ?
- Олар қалай аталады ?
- Хабарлы сөйлем дегеніміз не ?
- Сұраулы сөйлем дегеніміз не ?
Астана вокзалы . Маршрут схемасын алдық .
Фонетика жыр жолдарында
Қ
Қарағым , халқыңды сүй , қор болмайсың
Қасиеттің не екенін ойлағайсың
Қарапайым қамқоршың , ел — жұртындай
Құдіреттің иесін таба алмайсың
5 . Дәптермен жұмыс .
Дәптерімізді ашып күн , айды жазамыз .
Көркем жазу .
Қ қ
Қазақстан қонақ
6 . Жаңа сабақ .
Тәуелсізідік монументы
Лепті сөйлем
Адамнаң көңіл күйін , сезімін білдіреді . Олар көтеріңкі дауыспен айтылады. Лепті сөйлемнен соң леп белгісі ( ! ) қойылады .
7 . Оқулықпен жұмыс
« Қазақстан » спорт кешені
1 жаттығу . Сурет бойынша әңгіме құрастыр ( Сурет құрастыру керек )
Балалар алаңға келді . Топ — топ болып футбол ойнады . Футболшы гол соқты . Жанкүйерлер қатты қуанды . Жарайсыңдар !
- Құрастырған мәтінде сөйлемнің қандай түрлері бар ?
Спорттың пайдасын айт . ( Азиада суреті )
« Спортшылар біздің еліміздің даңқын шығарады » деген ойды аяқта .
Біздің мектепте Тәуелсіздіктің 20 жылдығына байланысты көптеген іс — шаралар өтуде . Волейбол , баскетбол жарыстары өтті . Белгілі спортшыларымыз бар .
Сергіту сәті.
8 .
Оқулығымыздың 100 бетін ашып , оқулықтағы 2 жаттығуға назар аударайық .
Өлеңді түсініп оқы .
Білім терең теңіз бе ,
Білім , еңбек егіз бе ?
- Рухани азығым -
Осы екеуі де , -
Дейді атам ,
Білімді еңбекпенен ізде сен !
Өлеңнен сұраулы сөйлемді тауып оқы . Өлеңнен леп белгісі бар сөйлемді тап . Осы
сөйлемді қандай дауыспен оқыдың ?
9 . Шығармашылық жұмыс .
«Хан шатыры»
Деңгейлік тапсырма .
10 . Дәптермен жұмыс.
«Бәйтерек»
3 жаттығу
Дәптеріңе көшіріп жаз .
Туған өлкем . ( орнында )
- Слайд « Ауылым — алтын бесігім » ( Бестөбе көрсету )
- Дыбыстың талдау жолы . ( тақтада 2 оқушы )
туған алқабы .
Туған — 2 буынды 5 әріп 5 дыбыс
т — дауыссыз , қатаң
у — дауысты
ғ — дауыссыз , ұяң
а — дауысты , жуан
н - дауыссыз , үнді
алқабы — 3 буын 6 әріп 6 дыбыс
а — дауысты , жуан
л — дауыссыз , үнді
қ — дауыссыз , қатаң
а — дауысты , жуан
б — дауыссыз , ұяң
ы — дауысты , жуан
11 . Тақтамен жұмыс . « Думан »
5 жаттығу : Сөйлемдердің соңына тиісті тыныс белгілерін қойып жаз . Менің Отаным — күн шұғылалы Қазақстан . Отанымыздың даңқы арта берсін !
Дұрыс орындадың саяхатымызды жалғастырайық .
12 . Семантикалық картамен жұмыс
Сөйлемдер |
Лепті |
Сұраулы |
Хабарлы |
Самал қайда бара- + сың ?
Өркенің өссін , қа- рағым ! +
Қыс келді +
Ауа райы қандай та- + маша ! |
Сабақты қорытындылау
Сонымен балалар қандай тақырыппен таныстық ?
Лепті сөйлем дегеніміз не ?
Үйге тапсырма
Бағалау
Рефлексия
Балалар сабақтан алған әсерлерінің қандай ? Сабақ несімен ұнады ? Сабақ сендерге ұнаса , Астана қаласының жалпы көрінісін тамашалап сабақты аяқтаймыз .
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |