Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Дос және Достық


Дос және Достық

 

Дос және Достық

Тақырыбы:   Дос және Достық

Мақсаты:

1.Оқушыларға достың адам өміріндегі маңызы,достықтың шынайы белгісі туралы түсіндіру;

2.Оқушыларды әдеби тілмен сөйлеуге дағдыландыру,олардың өзін қоршаған ортасын дұрыс түсінулеріне,өмірге деген көзқарастарының қалыптасуына өз ойын,пікірін баяндай жеткізге білулеріне көмектесу;

3.Оқушыларды досытққа адал болуға,имандылыққа,сыйластыққа тәрбиелеу;

Түрі:Тренинг элементтері аралас танымдық сағат

Көрнекілігі:интереактивті тақта, нақыл сөздер,сызбалар.

Әдісі:Сын тұрғысынан ойлау страегиясы,сұрақ-жауап.

Барысы:І.Ұйымдастыру бөлімі.

Психологиялық дайындық

Үлкенге де «сіз»,кішіге де «сіз».

Баршаңызға құрметпен,

Бас иеміз біз.

ІІ.Негізгі бөлім

-Кім достық туралы мақал біледі?

/Оқушыларды тыңдау/

 

Мұғалім:-Олай болса бүгінгі ашық сынып сағатымыз «Дос және Достық»деп аталады.

-Достық дегенді қалай түсінесіңдер?

1-оқушы: Достық-ізгі ниетті адамдардыңбір-біріне тек жақсылық жасауға серттесіп,ниет қосып іс-әрекетке ортақтасуы.Достық ізгі қасиет.

2-оқушы: Достықтың нәрі оның қадіріне жете білу.Достық киелі ұғым.

3-оқушы: Жаны таза,жүзі жылы,жөні түзу,ақылды,парасатты болу-нағыз достықтың белгісі.

4-оқушы: Достықтың сенімі адамдардың бір-бірін қажетсінуі мен шынайы құрмет тұтуы.

5-оқушы: Адал достық-өмірлік нұсқа,амал достықтың өрісі қысқа.

6-оқушы:  Достасу,серік табу адамның бақытына бақыт қосады.

Мұғалім:

-Дұрыс айтасыңдар,балалар.Достық-аспандағы жарық жұлдыз,теңіздегі гауһар тас.Жұлдызды да,гауһар тасты да ешкім кірлете алмайды.Достық адамды асқақтатады.

Нағыз достық адамға шабыт беріп отырады.Олар бір-бірініің қуанышында да.сәтсіздігінде де ортақтасып отырады.

Жалған достықтың-ғұмыры қысқа болады.Олар бір-біріне шынайы болмайды.Бір-бірінің кемшіліктерін түземейді.

Ертеректе ел ішінде Әйтімбет деген сөзге шешен кісі болыпты.Бірде замандастары шешеннен:

-Достық нешеу?-деп сұрапты.

Әйтімбет:

-Достықтың 2түрі болады. Бірі-адал достық,екіншісі-амал достық,-дейді.

 

-Дұрыс –ақ енді оларды қалай ажырата аламыз?

Шешен:

- Адал достық-өмірлік нұсқа,амал достықтың өрісі қысқа-деп жауап беріпті.

Осыны қалай түсінесіңдер?

/Оқушыларды тыңдау/

Мұғалім:

-Ал енді достықты бір нәрсеге теңеп көрейікші.Теңеген затымыздың суретін са лайық.Сосын сол бойынша түсіндірейік.

Мысалы:

                                                     Достық-адамдар арасындағы байланыс.

Айзат: «Дос болайық бәріміз» өлеңін оқиды.

Мұғалім:

-Дос деген кім?

Шарты: Бір сөйлеммен айту.

Мұғалім:

-Дос қандай болу керек? /Топтастыру/

/Оқушыларды тыңдау/                                                                                   

Ән:Дос болайық бәріміз: Орындайтын: 3ә-сынып оқушылары.

                                 Адал дос (әңгіме )
ІІІ.Қорытынды.

3.Жағдаяттар шешу.

*Саған досың өкпелі.Неге екенін білмейсің.2күн болды сені көрсе қашқақтайды.Сен не істейсің?

*Досың сенің жақсы көретін киіміңді күйдіріп алды Қандай шешім қабылдар едің?

*Сенің досыңды үлкен балалар қорқытып жатыр.Сенің әлің жетпейді. Не істейсің?

*Сенің досың өзінен кіші баланың телефонын тартып алды.Сынып жиналысында оны талқылап жатыр. Ол сенен көмек күтіп отыр.Сен не айтар едің?

*Сенің жаңа досың бұрынғы досыңды тастауыңды өтінді.Өзімен ғана дос болғаныңды қалады. Не істейсің?

 

*Досың сенің қимас ағаң сыйлаған сувеиріңді ұнатып қалды.Қайта-қайта оны қызықтаумен болжы.Қимас досың сұраса берер ме едің?

Хор:

Мұғалім сөзі:

Қорыта келгенде,менің сендерге айтарым:

Достықты қадірлей біліңдер

Досыңның кемшілігін кешіре біл.

100сом ақшаң болғанша 100досың болсын дегенді ұмытпа


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Үш арсыз
«Дос болайық бәріміз»
Достық және сыйластық
Іздегенде табылатын қасыңнан
Өзін-өзі тану ашық сабақ "Дос болайық бәріміз!"
Достық
Достық түбі - адалдық
Қос нүкте белгісі, оның қойылатын орындары
Достық ой
Нәтиже сабақ
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 4289 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык