Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Өтірік өрге баспайды. Н.Серәлиев.


Өтірік өрге баспайды. Н.Серәлиев.

Өтірік өрге баспайды. Н.Серәлиев.   

Сабақтың тақырыбы: Өтірік өрге баспайды. Н.Серәлиев.

   Сабақтың мақсаты:

    Білімділік: Әңгімені оқып, мазмұнын түсінуге, өмірмен байланыстыра  

                        отырып, идеясын ашуға мүмкіндік беру.

   Дамытушылық: Жүйелі ойлау қаблетін, дүниетанымын кеңейту, тілдік 

                                  қорын молайту, проблемалық мәселелерді шеше білу 

                                  іскерлігін арттыру.

  Тәрбиелік: Шығармашылық жұмыстар арқылы өз бетімен жұмыс жасауға   

                      жағдай туғызу, мәселені шешудегі батылдық, ізденушілік

                      қасиеттері мен дағдыларының дамуына мүмкіндік жасау.  

                      Шыншылдыққа, әділдікке, адалдыққа тәрбиелеу.

  Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

  Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу.

  Сабақтың көрнекілігі: Суреттер.

  Сабақтың барысы:

 І. Ұйымдастыру.

Оқушыларды түгендеп, жақсы көңіл күй қалыптастыру үшін мадақтаулар айту.

 

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау, тексеру.

 В.Сухомлинскийдің «Нағыз адам» атты әңгімесін мазмұндату.

 

ІІІ. Жаңа сабақ.

1. Қызығушылығын ояту.

а) Ребус шешу. Ребуста өзен, тіс, өрік, өрмекші, бас, айдың суреттері берілген. Шешімі: «Өтірік өрге баспайды». Мұғалім мақалдың мағынасын түсіндіреді.

 

ә) Жағдаяттарды шешу.

1-жағдаят. Жандостың компьютерде көп ойнап қалуына байланысты математикадан есеп шығаруға уақыты қалмады. Мұнын себебін сұраған мұғалімге Жандос «Басым қатты ауырып, есепті шығара алмадым»,-деп айтты.

    - Жандостың орнында сендер болсаңдар не айтар едіңдер?

2-жағдаят. Анар таңертең бақтағы қызыл-жасыл гүлдерді ұзақ қызықтап жүріп қалады да, сабаққа кешігіп барады. Мұнын себебін сұраған мұғалімге Анар «Мен сағат неше болғанан байқамай қалыппын»,-деп айтты.

   - Анардың орнында сендер болсаңдар,не айтар едіңдер?

3-жағдаят. Қуатты анасы дәріханадан дәрі әкелуге жұмсады. Қуат аулаға шыға салысымен достарын кездестіріп, олармен бірге ойнап кетті.Анасының тапсырмасы үйге кіргенде есіне түсті.Ол анасына: «Дәріхана жабық тұр екен»,-деп айтты.

    - Қуаттың орнында сендер болсаңдар, не деп жауап берер едіңдер?

 

2. Мағынаны тану. Оқулықпен жұмыс.

  • Мәтінді оқу.
  • Сөздерге түсінік беру.

Жытыру – тығу, жасыру.

Табалау - өш алу, кемшілікті бетке басу.

Октябрят – Кеңес заманындағы бастауыш сынып балаларының ұйымы.

  • Сұрақтар мен тапсырмалар.

- Баланың үйіне келе жатқандағы ойы туралы монологын тауып оқы.

- Бір бағаны түзеген оқушыға неше рет өтірік айтуға тура келді?

- «Балалы үйдің ұрлығы жатпайды» деген мәтел әңгіменің қай сәтіне тура келеді?

- Әкесінің «Өтіріктің құйрығы бір-ақ тұтам» деген сөзінің мағынасын түсіндір.

- Жаман баға алған бала мен Балтаның достығы қалай жалғаспақ?

 

3. Нақыл сөз бен мақалдың мағынасын ашу. Дәптерге жазу.

       Шындықты мойындағаннан ешкім де аласарып қалмайды.

                                                                                         Ә.Кекілбаев.

        Мақтаншақтық өтірік айтқызады,

        Өтірік көңілді қайтқызады.

 

IҮ.Сабақты бекіту.

Мақалды жалғастырып оқыңдар.

а) Шын - бір сөз, өтірік - ... . (мың сөз)

ә) Сыр айтқанға сенбе, Шын айтқанға... (сен)

б) Өтірік өрге... . (баспайды)

в) Біреу әзіл айтса, сен ... айт. (әділ)

г) Шындық бәрінен де ... . (қымбат)

 

V.Үйге тапсырма беру.

  Әңгімені түсініп оқу. Өз беттерінше жалғастыру.

 

VІ. Сабақты қорытындылау.

- Өтірік айтып ұятқа қалғанша, шындықты айтып қатенді мойындаған дұрыс. Мұндай әрекет - адамдықтың белгісі. Халықтың «Шыншылдық жақсылыққа жетелейді» деген даналығынан, шыншыл адамның ары таза, жүзі жарқын болып, қуанышқа бөленіп, бақытқа кенелетінін түсінуге болады. Тіпті шындықты айтудың өзі адамға жақсылық жасауды білдіреді.

  • Бүгінгі сабақтан не үйрендіңдер, не білдіңдер, не түйдіңдер? 

 

ҮІІ. Бағалау.   


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Оқушыларға жан-жақты ұлттық тәрбие беру.
Оқушыларға жан-жақты ұлттық тәрбие беру.
Оқушыларға жан-жақты ұлттық тәрбие беру.
Стандарттық емес есептерді шешу арқылы оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
Мақтаншақ бұлақ
Өтірік өлең.
Қырық өтірік, өтірік өлең
Қырық өтірік ертегісі
Салауаттылық - өмір негізі
Салауаттылық - өмір негізі
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 14477 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык